0 дауыс
1.1k көрілді
Біздің елде қазыр ұлы тулға деп кімді айталамыз?мен көріп тұран жоқпын, ақша санайтын сауық қуған шеңдылерды көрем. Ұлтым дейтін бірде-бір қазақ азаматын көрген жоқпын. Бауыржан Момышұлы ұлы тұлға болып кеткен екен...ал сіздерше?

2 жауап

+3 дауыс

Әр заманның өз тұлғасы болады. Тек дәл сол мерзімде тұлғалардың ұлылығы байқала бермейді. Ұлылық уақыттың сынынан өткенде ғана ұлылық болмақ. Тұлғалардың бүгінгі атқарған ісі болашақта нәтиже беруі мүмкін. Уақыт өте келе өзінің өскелеңдігі мен құндылығын жоғалтпаған тұлғаларды кейін ұрпағымыз "Ұлылар" қатарына жатқызатын болады. Ал сіз бен біздің "ұлыларды көріп тұрған жоқпын" дейтініміз. өткен ғасырлардағы тұлғаларын ғана ұлы деп есептейтініміз себепті деп ойлаймын. 

+1 дауыс
Біз ешкімді де тірі кезінде сыйламайтын халықпыз ғой. "Тау алыстаған сайын биіктей береді" дегендей, ұлы адамдар өмірден өткеннен кейін ғана, олардың ұлылығы белгілі бола бастайды.Мысалы, кеше ғана өмірден өткен Батырхан Шөкеновті қазір ғана "үлкен жүректі адам" деп мадақтап жатырмыз.
...