+2 дауыс
8.0k көрілді
"Ұялы телефонның жағымсыз әсері қандай?" деген сұрақтың төңірегінде сауалнама жүргізіңдер. Сауалнама нәтижесіне сүйеніп, қоғамдық орындарда ұялы телефонды пайдалану ережесін жасау?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Онын зияны әлеуметтік желілер,Олар адамнын бос уақытын алады.Менін ойым тек осы.

дурыс ол миға әсер етеді.Онын адамнын миына зияны көп,біз оны байқамаймыз.Мүмкін мына суреттке не  қатысы бар деп ойлайтын шығарсыздар?!Бірақ бұл адамдардын ұялы телефонмен уақытын кетіріп жатыр деген сөз!!!

Уақыттан бәрі жеңілер,
Жол да жоқ артқа шегінер.
Осы күн, осы сәт бізге,
Бір-ақ рет қана берілер...

Уақыттан асқан билік жоқ,
Уақыттан озған жүйрік жоқ,
Адамға Алла бұйыртқан
Уақыттан қымбат сыйлық жоқ.

уакытты бағалайық.

+1 дауыс
Ұялы телефонның жағымсыз әсері яғни зияны жоқ деп бағады, бірақ зияны бар ол құпия сақталуда..
0 дауыс
Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.

Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

"Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.
Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз.

Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.
Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.
Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.
Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.
Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.

 

мына жерлерден қарасаңыз да болады http://www.namys.kz/?p=14651

http://www.slideshare.net/azamat13/ss-19892075
0 дауыс
Адамның бос уақытын алып, бар шаруасынан қалтырады. Күнделікті әлеуметтік желілерде отырамыз, кітап оқимыз қысқасы адамдардың  24 сағатының 10 сағаты ұялы телефондармен өтетін шығар деп ойлаймын. Ал бұл көзге зиян ғой. Бұл бір. Екіншіден электромагнитті болғандықтан құлаққа, теріге әсер етеді ғой. Үшіншіден біздің қыруар қаржымыз осы телефондардың тарифтерімен бірліктеріне кетіп жатыр.Пайдалы жақтарыда көөп әрине.
0 дауыс
көзіңді құртады хех))
...