+2 дауыс
869 көрілді

Мына екі видеодан-ақ батыс пен шығыстың айырмашылығын көруге болатын секілді.



 



 

Қыздың істегені дұрыс па? Оның орнында сіздер не істер едіңіз? Ұлдың орнында болсаңыздар ше?

Дұрыс емес

11 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс емес əрине. Тым қатты кетті деп ойлаймын қыздың əрекеті. Қанша жерден ұнатпаса да шын көңілден ерекше жасалған сыйлық қой. Бəрінің көзінше жігітті ыңғайсыз жағдайда қалдырды.
–2 дауыс
Қыздікі дұрыс қосыламын қыз деген осындай болуы керек...

5 минут келіп сурет салып кете салып сындырып кетемін деген,жігіттің арам ойы іске аспағанына қуанып қалдым.... Қазақтың осындай қыздары көбейе берсін... Қыз деген қылықты болуы керек....
Қайдан білесің ол жігіт жақсы шығар. Әлі араласып кететін шығар.
Белгісіз
Егер жақсы көрсе басқалай жасау керек интернеттен көргенді жасай салмай.
+3 дауыс
Бұрын қыздың көңіліне қалған жігіт екені қыздың қылығынан көрініп тұр
+3 дауыс
Меніңше ол қыз қонжықты қатты жек көретін сияқты.
+1 дауыс
Қыз менің ойымша көптің алдында не істерін білмей қалды. Негізі жай ғана бәріне көнейін деп тұрып ашуы немесе жаңағыдай қылықтары жібермей ашуға ерік берген.Солай.
+3 дауыс
Қыздың әрекеті дұрыс,баланың идеясы жақсы,дегенмен бұл мектеп,мектеп қызға сөз беретін емес екені белгілі.Соған жол беріп отырған мұғалім де қызық екен.Жігіт өте ыңғайсыз жағдайда қалды,бірақ әрекет қылмас бұрын ойланып алмады ма екен.Қыздың қымбат сыйлық ұсынды екен деп,келісе салмағаны сүйсіндірді
Иә, мұғалім жайлы айтқаныңызға мен де келісем..
0 дауыс
Жабайылыққа балар едім. Не де болса жігіт алдына келіп осындай өнерін көрсетіп тұрса бұндай əрекетке қалай баруға болады? Жаймен түсіндіру керек еді.
+4 дауыс

Батыс пен Шығыс дегеннен гөрі кино мен шынайы өмірдің айырмашылығы сияқты... Бұл жерде ешкімдікі де дұрыс емес: 

  • Тек жақсы көрмегені үшін ғана қыз мұндай қылық көрсетпес еді. Жігіттің қыздың алдында ағаттық жібергені анық. Әуелі жеке кешірім сұрап алуы керек еді. Өз абыройын түсірді; 
  • Қыз қанша ашуға бой алдырса да жұрттың алдында басқа біреудің абыройын төкпеуі керек еді. Гүлді лақтырғанның өзі әдепсіздік, ал суретті лақтырып жібергені тіпті де оғаш болды. 
  • Регистрант айтқандай мектепте қашаннан бері бір оқушы сезімін білдіру үшін екі бірдей мұғалім сабағын бөліп қойып тамашалайтын болған?! Тәртіп пен тәрбиенің үлгісін көрсетіп отырған жоқ;
  • Тамашалап отырған сыныптастары мен камераға түсіріп жүрген "оператор" да жігіттің сағы сынбасын деген болса керек, молодецтерін айтып, шапалағын ұрып жатыр. Мүмкін дұрыс та шығар... Бірақ сыныптас қыздарының неге ашуланғанына назар аударған, ол ыңғайсызданып қала ма деген біреуі де жоқ. 
  • Бұл жай көзіме көрінгенін ғана тізіп шыққаным... Әйтпесе біреудің 90 жылдық өмірін түгел көріп шықсақ та, ақ-қарасын ажыратып баға беруге жарамайтын пендеміз ғой. 2 минут 50 секундтық көріністегі кейіпкердің қылығына қалай баға бере алмақпыз?!...

 

+2 дауыс
тым болмаса имандылық танытып алғыс білдірсе болар еді,,,
+2 дауыс
Жігіт красавчик!!! Қызға жауап бере алмайм.
+2 дауыс
ттуу жанып ашып кетті ана балаға но қыз енді жек көретін шығар бірақ бір себебі бар шығар  қыз жігітті менсінбейді
...