Мен де үйдің үлкенімін. Кішкентай кезімде ата-әжеммен, тәтеммен бірге тұрдық. Мені әжесінің баласы дейтін. Әжем күнде қасымда жүргендіктен ата-анам жұмысқа кетсе де онша іздемейтінмін. Тәтем маған өз баласындай қарайтын, тұрмысқа шықпаса да екінші анам сияқты болатын. Қазір атам мен әжем қайтыс болды, тәтем ұзатылып кетті. Үйде ата-анамызбен тұрамыз. Анам бұрын әжемнен қызғанса да, үндемей жүреді екен. Қазір анам екеуміздің арамыз ешқандай да алыстап кетті деп ойламаймын. Бәрі ойдағыдай. Қарт кісілердің көңілін қалдырмаған дұрыс сияқты. Кейін ол кісілер ортамыздан кеткенде олардың аялы алақанын аңсайтын боламыз. Қарттардың орны бөлек қой. Сондықтан осындай уақытша сынаққа төзімділік танытыңыз. Өз балаңыздың сізді жатырқауы мүмкін емес. Бастысы, бөтенмін деп ойламаңыз. Іштегі ойды өзгертсеңіз, сырттағы жағдай да басқаша көрінеді)