+5 дауыс
3.3k көрілді
Неге адам біткеннің бәрі өлімнен қорқады? Бұл белгісіздіктен үрейлену ме? Әлде осы өмірді қимау ма?

10 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Танатофобия – өлімнен қорқу. Әр адамның бойында бар. Өлімге бас тіккендердің өзі жарық дүниен­і қимайтыны белгілі.
+6 дауыс
Айтқандарың дұрыс.
Адам ешқашан өлімге дайын болмайды. Сондықтан қорқады. Білместіктен болсын істеген күнәларын жуып өтегісі келеді. Бірақ, қашан екенін өзі де білмейді. Оған әлі уақыт бар деп жүргенде "белгіленген күн" келеді де, бітті. Болды. Сен бұл дүниеде жоқсың,
Сондықтан, ертеңге қалдырмау керек ештеңені.
Ай бәрекелді, менің айта алмай жүрген, теледидарға, газет-журналдарға шығармай тастаған сөздерімді айттың.
Радиоға беріп көріңіз :)
+5 дауыс
Жан тапсыру оңай емес.
 Арман орындалмай өлгiңда келмейдi, артында бала-шаға олардың да уайымы бар және дайын болмау. Негiзi барлық нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс қой. Жас 80-нен асқаннан соң адам өлiмненде қорықпай қалады өйткенi, бiр аяғы жерде болса бiр аяғы гөрде екенi сезiнедi адам. Сонда да бiр өлiм хақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тағдыр тек қана дұғаменен өзгереді, өмір тек қана жақсылықпенен ұзарады»- деп айтты. Мағынысы: егер Аллаһ тағаладан көп дұға тілейтін болсақ, тағдырымызды өзгертуге болады. Аллаһ тағала тағдырымызды өзгертеді екен. Ал егер жақсылық істейтін болсақ, өмірімізді ұзартуға болады...
+2 дауыс
Негізі өлімнен қорыққан дұрыс.

Адамдар бұл өмірмен қоштасқысы келмеген соң шығар өлімнен қорқатыны
+7 дауыс
Имансыз адам дүниені қимағандықтан қорқады, иманды адам сауабының аз болып қалуы немесе күнәсінің көп болуы деген сияқты нәрселерді уайымдағандықтан қорқады.
+3 дауыс
мүмкін инстинкт үшін
дұрыс айтасың жәй ғана инстинкт қой (инстинкт самосохранение, самозащиты)
+1 дауыс
Негізі бұл өмірде қимайтын ештеңе жоқ (философиялық жағынан ойлап қарағанда, ерте ме кеш бәрібір болатын нәрсе), Ал өлген соң ештеңе де болмайтыны белгілі (реинкарнацияға сенбейбін адаммын)

Адамның өлімнен қорқуы жәй ғана психологиялық әлсіздігі (түр ретінде сақталып қалуы үшін сондай инстинкт қалыптасқан)
Суда жүзіп жүрген жас балықтарды қарт балық шақырып алып айтады: мына судың арғы бетіндегі өмір басқаша. Онда адам деген мақұлық тұрады. Ол қармағын суға жіберіп, бізді аулайды дейді. Қарын тойдырамын деп арғы өмірге өтіп кетпеңдер деп ескертеді. Бірде қармақ ұшына байланған құрт араларына түседі балықтардың. Әрқайсысы жегісі келсе де қарт балықтың сөзін есіне алып кідіріп, бата алмай қалады. Сонда арасында бір балық: қойшы, соған сенесіңдер ме. Қартайғанда алжиын деген ғой. Барып көріп келіп пе екен? Сендер жемесеңдер өзім-ақ жеймін деп қоя бергенде қармақ ұшы өңешіне қадалып, ары не бері жүрмей қалады. Жұлқынып еді бірде зу етіп жоғары жаққа кетті де жоқ болды.
Бұл жәй ғана мысал. Мұсылмандар осы дүниеде істегенін арғы дүниеде жауап беретінін барып көріп келмесе де, құлшылық қылады.
Мен сіздің сеніміңізге, мұсылмандарға еш қарсы сөз айтқан жоқпын ғой, тек өз ойымды, өз сенімімді білдірдім (енді менің сеніміме де қарсы шықпаңыз)
Қарсы емеспін. Тек мына бейнероликтерге 2-3 минут уақытыңызды бөліп өтсеңіз.




Кешірерсіз, бірақ маған бұндай роликтер күлкілі болып көрінеді
Неліктен сеніміңіз мұндай?
Негізі дінге сенетіндерге қызығам, қатты сыйлаймын, бірақ маған, жоқ беймәлім затқа сенгеннен гөрі аздап болсада ғылыми дәлелденген затқа сенем, немесе гипотеза болса да (көзбен көріп ұстап көрмеген затқа сене алмаймын, нақты ғылыми дәлел керек) Маған арғы дүниеге сенуім үшін өзім барып көруім керек (барып келген адамның сөзіне де сенбеуім мүмкін)
Ғылымға сенсеңіз исламды жоққа шығарады. Мен ойлаймын шет ел ғалымдарының пікірінен болар деп. Бірақ, соңғы кезде ғылымның өзі Құран Кәрімде жазылғанды мойындап жатыр емес пе?
Егер мен Алла бар деп сеніп,ал шын мәнінде жоқ болса,мен ештене жоғалтпаймын.Ал Алла жоқ деп ойлап,шын мәнінде бар болса,онда бәрін жоғалтамын.
Ия. vvvwww-арғы өмiрiң қыл үстiнде ) 50~50
vvvwww ғана емес, бәріміздікі сондай)) Қыл көпірден өте аламыз деген кепілдік жоқ қой...
Көпiрден өте алмасаң, тозаққа түсiп тазаланып, жәннәтқа кiре аласың. Құдайға сенбегендер мәңгi қалады. Келте ойламасаңшы сары мышығым-ау )
Енді дұрыс қой, бәрібір сенсең болды өтіп кетесің деген кепілдік жоқ. Фәни дүниеде ізгі ниетпен өмір сүру, жүрегің таза болу, сауапты істер жасау керек. Тек құр сеніммен, жүректен шықпаған амал арқылы көпірден өтіп кетем деп ойлау да "келте емес" ойға жатпайтын сияқты)) Сосын, атымды дұрыстап атаңыз!
қысқасы бұл өмірде адам болып қалу қажет.
+3 дауыс
Бир философ айткандай Логикалық жақтан ойласан олимнен коркыу ақымақтық,  себебі   мен бар уақытта өлим келмейді, өлим келгенде мен болмаймын !!!
Әрине философтың пикиринде шындық бар, бірақ сол шындықты қабылдау ұшын философтың деңгейіне жету керек шыгар деп ойлаймын !!!
Эпикур емес пе, сөздері соған ұқсайды екен
–1 дауыс
miras93-тің жауабымен толықтай келісемін.Иманды адам о дүниеде болатын есеп күніне қандай амалмен барамын деп қорқады.Сенбейтіндерге айтарым ұрлық қылып,пара алып,қянат жасап жатқандарды көріп-біліп отырсақта тиісті жазасын аламай тайраңдап жүргендер көп.Олар ешқашан жазаланбай сол күйі кете барады деп ойласаңыз қателесесіз
+1 дауыс
Қорықпайм. Адамдар не ушін өмірден қимайтын нәрселерін көп па не? неге Аллаx осы жалған дүниені әділетсіз қылдырып жаратты екен?
...