ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының айтуынша, полицияның қоғамдық көмекшісі болу үшін аумақтық Ішкі істер басқармаларының бастығы атына өтініш жазу керек. Мәселен, Астана қаласы бойынша Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандық ІІБ басшысы атына. Талап етілетін құжаттар: жеке куәліктің көшірмесі, СТН, сотты болған-болмағаны жөніндегі анықтама, медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығында және психиатриялық диспансерде тексерістен өткені жөніндегі анықтама, сонымен бірге, 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет.