0 дауыс
Төтенше оқиға кезінде, басқа да қауіпті жағдайларда адамдарды тұрғын үйлерден, апат орнынан қауіпсіз аймаққа көшірумен айналысатын жеке кәсіпорындар бар екен. Аяқасты оқиға бола қалған жағдайда сондай кәсіпорындардың қызметіне жүгінген дұрыс па, әлде мемлекеттік қызмет мамандарын күту керек пе? Эвакуация қызметімен қай мекеме айналысады?
28.04.2015 666 қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мамандарының түсіндіруінше, эвакуация – төтенше жағдайлар аймағынан немесе адамдар мен өндірістерді қауіптен сақтау үшін қолдан жарылыс жасалатын аудандардан халықты және материалдық құндылықтарды көшіруді ұйымдастыру. Егер әңгіме осындай жағдай туралы болса, онда азамат мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың көмегіне алдымен жүгінуі тиіс. Өйткені ҚР Үкіметінің қаулыларына сәйкес, төтенше жағдай кезінде немесе төтенше жағдай тәртібі енгізілген әскери мезгілде эвакуациямен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Мұндай жағдайда тұрғындардың мәліметтері, хал-ахуалы, керекжарақтары есепке алынуы үшін эвакуациялық комиссия да құрылады.
28.04.2015

Ұқсас сұрақтар

127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,969Қолданушы