+3 дауыс
7.1k көрілді
Әке мен бала. Әке мен баланың достығы қандай болады?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан.

Қашан да қамқор болған сан үмітке,

Өтермін сақтауменен салтыңды әсем.

Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке,

Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем!

Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.

+3 дауыс
Жалпы қазақта мынандай сөз бар. Әкеге қарап ұл өсер,анаға қарап қыз өсер. Немесе. Әке көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер. Қазақ бұл сөздерді бекер айтпаған. Мәнісі мынада. Жалпы ер бала әкесіне,қыз бала анасына жақын. Мысалы қыз бала жігітін немесе болашақ жарын ең бірінші анасына айтады. Жігіт те анасына айтады десеңіз қателесесіз. Себебі анамыз түсінбейтін жағдаяттар баршылық. Жігіт болғасын. Жігітті жігіт түсінеді.
Әкесi жоқтар тон пiшiп қала бередiма?
Әке көрмегендер де оқ жона алады... Шеше көрмегендер де тон піше алады..
Жанар! Ата-анаңнан асып түспейсің,арыстандай боп тусаңдағы. Ата-анаң болмаса сен оқ жонбақ,тон пүшпек түгіл өмірде болмайсың.
Жоқ. Сен сөздің мағынасына үңілсеңші.
Сіз түсінбей қалдыңыз))) Мен ата-ана жоқ болса да болады демедім. Жалғыз басты ана, жалғыз басты әкелер өсірген ұл мен қыз да ешкімнен кем болмайтынын айтқым келген.
+4 дауыс
"Әкенің жақсысы - жездедей-ақ" деген мақалдың қайдан шыққанын білмеймін!! Бұл - бос сөз! Ананың балаларға жақын екені рас, әрине. Бірақ әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды. Әкелер ұлына досы сияқты қарауы мүмкін, кейде өзінен кейінгі шаңырақ иесі ретінде қараған соң, үлкен жауапкершілік жүктеуі де мүмкін. Ал қызына бар мейірін төгіп, жылы қабақ танытып, еркелетіп, үйіне келген қонақты күткендей, ұзатқанша алақанына салып аялап өсіреді. Әкенің махаббаты ерекше, әкең бар да өзіңді қорғайтын супермэннің бар екеніне сенімді боласың)
+1 дауыс
Әке мен баланың достығы болмауы да мүмкін.
...