+2 дауыс
531 көрілді

Мен баламның әкесін қалай таба аламын? Ол баласы барынан хабарсыз. Өйткені аяғым ауыр болғанан соң әкесінен алыстап кеттім. Баланы алдырып тастар деген ойда едім. Оны өмірге әкелу аналық борышым деп білдім. Туыстарым қарсы болса да баламды өмірге аман-есен әкелдім. Өте қуаныштымын ол маған бақыт силады. Бірақ енді балам 10 жасқа толады. Күн өткен сайын әкем қайда? менің елім не деп сұраудан шаршамады. Менен маза кетті. Не істерімді де білмеймін. Оның әкесінің аты -жөні ғана емімде. Басқа ештеңе білмеймін. Оның да жанұясы бар ғой. Ұйып отырған жанұяны қалай бұзуым керек. Маған салса тек баламның қандай ел екенін білу ғана керек деп ойлаймын. Әлде бұл ойым да қате ме?

Құрбымның сұрағы.

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ата-анасын іздеген кезде Ішкі істер басқармасына ДНҚ сараптамасының қорытындысын өткізіп, соған сәйкес адамның деректері табылғанша күтеді. Бірақ егер баланың әкесі де баласын іздеген жағдайда. Әкесі баласының барынан хабарсыз болса бұл әдіс жүзеге аспайтын сияқты. Қазірге дейін әкесі туралы білгісі ғана келгенімен, әкесінің басқа бір отбасының отағасы екенін білген балаға ауыр тиюі мүмкін шығар. Сондықтан есейген соң, тым болмаса жасөспірімдік кезеңнен өткен соң барып таныстырған дұрыс болар. Әке мен баланы таныстырып, бәрін түсіндіріп айту - баланың әкесінің қазіргі отбасына жасалған қиянат деп ойламаймын. Себебі бұрынғы жігітіңіз де өзінің әкелік жауапкершілігін арқалауға міндетті. Тек әкенің де, баланың да дайын болатын оңтайлы сәтін күту керек сияқты. Сөз соңында сізге ризашылығымды айтқым келеді. Баланы алдырмай өмірге әкелдіңіз, туылған соң тастап кетпей өзіңіз өсіріпсіз. Бұған үлкен батылдық пен қайсарлық қажет сияқты. Балаңыздың қызығын көріңіз!
...