0 дауыс
4.1k көрілді
Жүктілікке және босануға байланысты демалыс жәрдемақысы қанша күн үшін төленеді? Күнтізбелік пе әлде жұмыс күні есебімен бе? Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер республика заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнге дейін демалыс беріледі (Еңбек кодексінің 193-бабы). Демалыстар жеке-жеке, бөліп-бөліп емес, жиынтықтап есептеледі. Босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына, жұмыс берушідегі жұмысының ұзақты-қысқалығына қарамастан толық беріледі және жиынтығы 126 күнтізбелік күн үшін бірден төленеді. Оның сыртында әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі (192-бабы). Жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі (194-бабы).

Жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыстар заңдылыққа өзгерістер енгізілгенге дейін жұмыс берушінің есебінен төленіп келген болса, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыруда.
Серік Жолдыбай, Ақтөбе облыстық соттың бас маманы

0 дауыс
Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу кезеңдері

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеу, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының бүкіл кезеңіне төленеді. Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша, босанғанға дейін ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнтізбелік күнге демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмыста істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі.
Босанғанға дейінгі еңбек демалысының басталу күнін дәрігер анықтайды. Босанғанға дейінгі еңбек демалысы заңдарда көрсетілген мерзімнен асып кетуі де не оған жетпеуі де мүмкін. Мұндай жағдайларда жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының дұрыс анықталмаған мерзімі ұзартылмайды, себебі бұл демалысты есептеу босанғанға дейінгі күндерді пайдаланған-пайдаланбағанына қарамастан жиынтықтап жүргізіледі.
Босанғаннан кейінгі еңбек демалысының мақсаты – ананың денсаулығы мен күшін қалпына келтіру және жаңа туған нәрестеге күтім жасау. Сондықтан, мұндай еңбек демалысы тек бала туған әйелдерге ғана емес, сонымен қатар жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдер мен еркектерге де беріледі. Мұндай жағдайда жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толғанға дейін кезеңге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдемақы төленеді. Босанғаннан кейінгі еңбек демалысына шығу құқығын, жаңа туған нәрестесі қайтыс болған әйелдер де иеленеді. Егер жүктілік кезеңінде әйелде түсік болса, онда бұл әйелге еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты еңбек демалысы беріледі.
Жүктілікті жасанды жолмен тоқтатуға қатысты, жәрдемақы уақытша еңбекке жарамсыз болған алғашқы 2 күн үшін төленеді.
3 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақының мөлшері

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының бүкіл кезеңіне жалақының 100 проценті мөлшерінде төленеді. Жәрдемақының мөлшері жинақталып есептеледі және әйелдерге босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланған күндердің санына қарамастан толық көлемде (яғни, 126 күнтізбелік күн үшін) төленеді.
Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар тағайындау және төлеу үшін негіз болып, белгіленген тәртіпте берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы табылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын жоғалтып алған жағдайда, жәрдемақы оның көшірмесі бойынша беріледі (Қазақстан Республикасының денсаулық қорғау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 «Азаматтарға еңбекке жарамсыздығы туралы қағаздарды беру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы).
4 Жәрдемақыны төлеу мерзімі

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар еңбек демалысының бүкіл уақытына беріледі.
Жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының күндері, босанғаннан кейінгі еңбек демалысының күндерімен біріге жинақталып есептеле отырып, 126 күнтізбелік күнді құрайды және бұл кездегі төленетін жәрдемақы біржолғы болып табылады. Ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы 140 күнтізбелік күн үшін төленеді.
Баласы үш жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын алған және осы кезеңде жұмысқа шықпаған әйелдер босанған жағдайда, оларға босануына және жүктілігіне байланысты жәрдемақы төленбейді. Егер бала үш жасқа толғанға дейін оны күтуге арналған еңбек демалысы аяқталған жағдайда жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыны алу құқығы туындаса, онда жәрдемақы жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы аяқталған бірінші күннен бастап төленеді.
5 Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыны төлеудің жалпы тәртібі

Әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы, әйелдерге кеңес беру немесе өзге де емдеу мекемелері белгіленген тәртіпте беретін еңбекке уақытша жарамсыз қағазының негізінде беріледі. Жалпы, ереже бойынша аурухана қағазы жүктіліктің 28-аптасынан бастап беріледі. Әйелдердің кейбір санаттары үшін (мысалы, көпбалалы жүктілік және т.б.) аурухана қағазы аталған мерзімнен ертерек берілуі мүмкін.
Аурухана қағазы бір мезетте 126 аптаға (босанғанға дейінгі 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейінгі 56 күнтізбелік күн). Ауыр босанған жағдайда 14 күнтізбелік күндік ұзақтықты көздейтін қосымша аурухана қағазы беріледі.
Әйел адам жүктіліктің 30-аптасына дейін босанып, тірі бала туған жағдайда әйелді босандырған емдеу мекемесі жүктілігіне және босануына байланысты жарамсыздық қағазын 126 күнтізбелік күнге береді.
Әйел адам баланы күтуге байланысты еңбек демалысында немесе жалақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысында болған кезеңде, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы туындаған жағдайда еңбекке жарамсыздық қағазы жалпы негіздер бойынша беріледі.
Ұйымның жұмысы уақытша тоқтаған кезде, өндірістің уақытша қысқартылуына орай жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына еріксіз шыққан кезде, жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы туындаған кезде, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы аталған кезең туындағанға дейін жалақыдан есептеледі және жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысы кезеңіндегі бүкіл күндер үшін толық көлемде төленеді.
Егер әйел адамның кінәлігі анықталса, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы қамауда, сот-медициналық сараптамада болған кездері үшін, сонымен қатар, соттың ұйғарымы бойынша мәжбүрлі түрде емдеуде болған (жүйке ауруына шалдыққандардан басқалары) кездері үшін төленбейді.
Қызметтен босатудың дұрыстығы туралы дау кезінде, қызметкер жұмысқа қайта алынса, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақы оған құқық туындаған бірінші күннен бастап төленеді.
0 дауыс
салеметсиздерма егер бала босану кезеніндегі демалыс  (декретный отпуск ) еңбек кітапшасына жазылама сол жөнінде мәләмет керек еди
0 дауыс

Елімізде декреттік демалысқа шығудың реті қандай? Жүкті қызметкерлер қандай маңызды ақпараттарды білуі тиіс? Заң бойынша жүкті қызметкерлер жұмыс кезінде қандай жеңілдіктер алуға құқылы? Декреттен декретке шығуға бола ма? Бала күтіміне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды қалай алуға болады? Оларды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет? Бүгінгі материалда осылар жайлы біле аласыз. "Декреттік демалысқа шығу және еңбек құқығы туралы не білу қажет?" деген материалда толық біле аласыз.

...