Заң | 891 қаралды
891 қаралды
Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем мөлшері қалай анықталады?

1 жауап

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем мөлшері табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффицентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасына 12-ге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффиценті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады.

Мысалы: әйелге 126 күнтізбелік күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген. Ай сайынғы орташа табысы 60 000 теңге болған. Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем мөлшерінің орташа табысы 54000 теңге болып есептеледі, одан қорға 5% әлеуметтік аударым жасалып отырылған, яғни есептелген табыстан 10% міндетті зейнетақы мүшелік жарнасы ұсталынады (60 000 теңге – 6 000 теңге (10%) = 54 000 теңге. Орташа айлық табысы 54 000 теңге болады (648 000 теңге: 12 айға).

Күндер санының коэф-фиценті тиісінше 4,2 болады (126 күн: 30 = 4,2) болады.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемнің мөлшері мынадай болады:

54 000 теңге х 4,2 = 226 800 теңге. Осы мөлшерден (226 800 теңге) 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынып және ол алушының есебіне аударылады. Сонымен, төлемге 204 120 теңге тиесілі болады.

Мына жағдайды атап айту қажет, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем сол ай үшін ЗТМО арқылы, алушының банкідегі бет есебіне аударылады, ал тағайындалған әлеуметтік төлем мөлшерінен 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынады және ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (ЕНПФ) аударылады.

Ұқсас сұрақтар

118,354 сұрақ
305,190 жауап
153,293 пікір
67,539 қолданушы