0 дауыс
444 көрілді
Жеке куәлігімді жоғалтқан жағдайда не істей аламын?көмек бреңіздерші

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жеке куәлік жоғалса/ұрланса, кімге хабарласамын?

Тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Осы жерде жеке куәлікті жаңадан дайындата аласыз. Ол үшін қажетті құжаттарды өткізуіңіз керек.

Жоғалған куәлікті қалпына келтіруім үшін қандай құжаттар керек?

  1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлікті қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш жазасыз. Өтініште құжатты қандай себеппен жоғалтқаныңыз туралы көрсетесіз.
  2. Мемлекеттік баж салығын төлегеніңізді растайтын анықтаманы өткізесіз. Салық мөлшері - 0,2 АЕК (481 теңге).
  3. ҚP азаматының төлқұжатын (бар болса) көрсетесіз.

Егер төлқұжатыңыз жоқ болса, ЖСН (жеке сәйкестестіру номерін) өткізесіз.

+2 дауыс
Жоғалтқан жеріңізге барып жоғалғаны жайлы хабарландыру іліңіз және сол жердегі дүкендерге кіріп сұрастырыңыз. Еш хабар болмаған жағдайда өзіңіз тұрғылықты жеріңіздегі РОВД.ға барып арыз жазасыз, 7000 тенге көлемінде айыппұл төлеп, квитанция аласыз. Одан соң оны ЦОН.ға (Халыққа қызмет көрсету орталығы) апарып қайта жаңа куәлік жасатасыз. Екі айдан соң куәлігіңіз дайын болады.

Ұқсас сұрақтар

...