+2 дауыс
1.4k қаралым
Жан дүниенің дағдарысы дегеніміз не? Оны қалай түсінуге болады? жан дүниенің дағдарысынан құтыла алмағандар осы дүниеден бас кешеді дейді қаншалықты шындыққа жанасады? жан дүние дағдарысына қалай тап болады?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоғарыда Ринаттың айтқаны дұрыс. Бірақ материалдық қажеттіліктің жетіспеуі жан дүниенің дағдарысына әкеледі дегенмен келіспеймін. Керісінше әлемге тек материалдық тұрғыдан қарау, рухани әлемін байытуға тырыспау, күнделікті тіршілік күйбеңіне ілесіп кете беріп, бір беттік әңгіме, үш минуттық ән тыңдауға уақыт таба алмау, концерт, театр сияқты мәдени өмірден мақұрым қалу, тіпті жолда кетіп бара жатып, өсіп тұрған бір шоқ гүлдің әдемілігін байқамау, көктемнің шұғыласынан, көркем табиғаттан ләззат ала алмау жан дүниенің дағдарысына әкеледі деп ойлаймын.
+1 дауыс
Жан дүниенің дағдарысы менің ойымша,материалдық және рухани қажіттіліктердің жетіспеуі,осы жетіспеушілік салдарынан адам жан дүниесінде дағдарыс орын алады!Жан дүниенің дағдарысы менің ойымша жас адамдарда көп кездеседі!
–2 дауыс
Жоғарыда Жаннараның айтқандары матералдық проблемасы шешілген адамның көз қарасы,

"Адам қарны тойғаннан кейін ғана әдемілік жайлы ойлайды".

 Жан дүниенің дағдарысына  материалдық жане руханый жетіспеушілік теңдей себепші деп ойлаймын.

Келіп шығыу себебі әр түрлі болыуы мүмкін, қоғамда өз орнын, жақсы көретін жұмысын таба алмаған, алдына қойған мақсаты жоқ адамдарда ,мүмкіндігі шектелген (жүре алмайтын, көрмейтін, сөйлейалмайтын) жандарда болыуы мүмкін !!!
Дұрыс айтасыз) Ең бастысы, адамның бойынан жақсы қасиеттерін, әдемілігін көре білу ғой! ОСы сөзіңізбен ғана толықтай келісемін!
127,974
сұрақ
322,913
жауап
153,164
пікір
73,058
қолданушы
...