0 дауыс
92.0k көрілді
Кез келген тақырыпқа ұзақтау диалог құрап беріңіздерші

4 жауап

0 дауыс
Аже кустар кай жакка ушады.? Кустар жыллы жакка ұшады
Терең мағыналы диалог екен.
философиялық ой жатқан болар мүмкін...
Өтпеді Злой.
0 дауыс

 — Сәлем! Өтінемін тұтқаны қоймашы!

— Не керек саған? Сенің мылжыңыңды тындап тұратын уақытым жоқ. Тездетші.
— Мен бүгін дәрігерде болдым…
— Ия, ол не айтады?
— Жүктілігім шын екен, 4 ай болыпты…
— Мен не істеуім керек? Маған керегі жоқ, алдырып таста.
— Тым кеш деп айтты. Не істеймін енді..???
— Білмеймін. Телефон нөмірімді ұмыт.
— Қалай ұмыт??? Ало, алооо
Абонент байланыс аясынан тыс жерде…

3 ай өтті..
— Сәлем балақай!
— Сәлем, ал сен кімсің?
— Мен сені қорғайтын періштеңмін!
— Кімнен қорғайсың мені? Маған мында ешкімде тимейді гой!??
— Сен қызық екенсің! Ия қалың қалай?
— Мен жақсымын, тек анам күні-түні жылай береді…
— Балақай уайымдама. Сен оданда көбірек ұйқтап, күш жина, әлі керек болады.
— Сен менің анамды көрдіңбе? Қандай өзі?
— Әрине мен сенің қасыңда емеспінбе! Сенің анаң өте әдемі де, тым жас.

Тағыда 3 ай өтті
— Періште!? Қайдасың?? 
— Қорықпа балақай, қасыңдамын мен.
— Бүгін анамның жағдайы қиындап кетті. Өзімен-өзі айқайлап, жылап шықты.
— Оған көңіліңді аударма. Жарық өмірді көруге дайынбысың?
— Дайын сияқтымын, бірақ қатты қорқамын. Анам мені көріп бұдан да қатты қайғырама деп қорқамын, періште…
— Олай деме.Ол міндетті түрде қуанады. Сен сияқты сүйкімді сәбиді жақсы көрмеуі мүмкін емес.
— Періште! Айналамыз қандай?
— Қазір қыс қой. Айналаның бәрі ақ мамыққа оранған. Қар жауып тұр. Аз уақыттан соң, өзің бәрінде көрерсің!!!

— Періште!? Мен дайынмын бәрін көруге.
— Жарайды балақай. Мен қасыңдамын. Саған сенемін!
— Періштеее! Мен қорқамыын…
Дүниеге сәби жылдам келді. Анасына ауырлық туғызбайын деп, тырысқан шығар бәлкім.
Тәулік өтті. Кеш. Қала сырты.


— Сен балам маған ренжіме. Қазір заман сондай, өзің айтшы, сенімен қайда барамын?? Менің өмірім алда. Ал сен, ал сен қазір ақ ұйықтап кетесің…

— Періште!? Анам қайда кетті?
— Білмеймін. Уайымдама, қазір-ақ келедіғой.
— Періште!? Дауысыңа не болды? Сен жылап тұрсыңба? Мен тоңып барамын, анама жылдам келсін десеңші.
— Жоқ, балақай, жылап тұрған жоқпын, солай көрінген шығар. Мен шақырып келейін анаңды. Сен тек ұйықтама, жылай бер, қаттырақ жыла…
— Жоқ Періште, мен жыламаймын. Анам маған ұйықтау керек деді…

Осы кезде қала сыртындағы бес қабатты үйдің бір пәтерінде әйелі мен күйеуінің айқайы:

— Мен сені түсінбеймін. Қайда кеттің деймін, қараңғы түнде. Дәрігерге барғалы бері, сен қатты өзгеріп кеттің. Жаным, жер бетінде біз сияқты бедеуліктен қорлық көріп жүрген ерлі-зайыптылар аз емес. Оларда өмір сүріп жатыр ғой.
— Өтінемін жүрші деймін, киінші кеттік.
— Қайда?
— Білмеймін. Бірақ жүрегім сезіп тұр, баруым керек… Сенші маған…
— Жарайды, соңғы рет болсын. Естисіңбе, соңғы рет…

Подъезден екі адам шықты. Алдында жылдам жүріспен әйел адам келеді. 

— Жаным, сен алдын-ала жоспарлап қойған жолмен келе жатқандайсың.
— Сен сенбейсің, мені қолымнан біреу жетектеп келе жатқандай.
— Мені қорқытпашы. Уәде берші маған, ертең үйде жатып демаламын деп. Дәрігеріңе соғып қоярмын.
— Тыңдаш. Тыңдаш, естисіңбе? Біреу жылайтын сияқты.
— Ия, ана жерден шығып жатыр. Сәбидің дауысы сияқты.

— Балақай, қаттырақ жыла. Сенің анаң адасып қалды, бірақ сені қалайда табады.
— Періште!? Сен қайда болдың? Сені таба алмай қалдымғой. Қатты тоңып жатырмын.
— Сенің анаңды алып келдім, ол жақындап қалды.

— О Жаратқан! Бұл шынында да сәби ғой! Қатты тоңып қалыпты, тезірек уйге апарайық. Сүйіктім, Құдайым бізге сәби сыйлады.

— Періште!? Анамның дауысы өзгеріп кетіпті ғой
— Балақай үйрене бер, бұл сенің НАҒЫЗ АНАҢНЫҢ ДАУЫСЫ…

Орысшадан аударылды, авторы белгісіз.

Ал енді осы диалогты 4 сынып оқушысы оқып тұр делік)))
))))))))))))))))))))))
Жаңалық барма Злой?
пока тишина
Тілекшімізғо ^_^
0 дауыс
Муражайга  саяхат  диалог куру
0 дауыс
Астана мәдениет пен өнер ордасы
...