15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күнін тойлауға бола ма?

+4 дауыс
15.3k қаралым

15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күнін тойлауға бола ма?

15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күні

• Санаты: Махаббат

19 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап

15 сәуір - Ғашықтар күні. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер жандар жетерлік. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық. 

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. 

Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,
Көңілді бұған бұрғызды.
Бере ме тәңірім, бермей ме
Ынтық болған бір қызды?
Қосылғанша мен оған
Ішіме қайғы толғызды...

Әлкей Марғұлан "Мәңгілік жыр" деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті.

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. 

Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Мейіргүл Оңғарова

–1 дауыс
Жоқ, болмайды. Шығын әкелетін күн. Жарайдығо 8 наурыз)
+7 дауыс
Әрине болады ғой. Өзіміздің төл мерекеміз етіп қалыптастырып алу керек сияқты. Мереке көптік етпейді ғой) Тек жастар әдеп-ибадан аттамай, мерекенің сындарлы сипатын бұзбай тойласа болғаны)
+4 дауыс
Үйлену ниетімен болмаса жігіт пен қыз жүруге, жақындасуға болмайды ғой негізі... Ал, үйлену ниетімен жүргендерге, үйленіп отбасы құрғандарға  "Ғашықтар күні" таптырмайтын көңілді, әдемі мейрам))
+4 дауыс
Козы корпеш-Баян сулу кунын тойлауга карсы емеспын. Себебы жастардын светой валентин кунын тойлаганнан горы, озымыздын казакша атауменен , арнайы койылган, гашыктар кунын тойлаганы алде кайда дурыс деп ойлаймын. Жастарга сол християннын светой куны екенын угындырып, ол куны емес озымыздын казакша мейрам осы 15 сауыр кунын тойлаганымыз дурыс екендыгын тусындыре журейык,  ултымыздын туын томен тусырып христииан мерекесын тойлаудан аулак болайык бауырлар!!!
+3 дауыс
Әрине болады. Қозы мен Баян, Еңілік пен Кебек,Ләйлі мен Мәжнүн сияқты ғашықтар қазақ жастарына үлгі боларлық. Валентин күнінде бір біріне сыйлық беріп христиандардың мерекесін тойлағанша, қазақтың ғашықтарын дәріптеген дұрыс деп ойлаймын.
+3 дауыс
15-ші сәуір "Ғашықтар күні" деп қалдырған оңтайлы болар, себебі жастарымыз үшін бұл да бір адамизат аралық сезіміне деген құрмет, тазалыққа тәлім берер жол ғой! "День Валетина" деп өзге діндарлықтарға бой ұрудан ой-саналарын тазалайды. Ұлттық бір мереке қосылса артық болмас, әрі пір тұтар тарихи таза махаббат ҚАЗАҚ тарихында аз емес, ұлттық тарихтарын білугеде жастарымызға жол ашады!!! ҰЛЫ АЛАШ ЖАСТАРЫНА БАҚ БЕКРЕКЕ, ҒҰМЫРЛАРЫНА СӘТТІЛІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ!!! ҚАШАНДА БІР АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!!!
0 дауыс
Бәрібір тойлай беріндер .)
+2 дауыс
Неге болмасқа әрине болады. Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Еңілік пен Кебек, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты  ғашықтардың шынайы махаббаты  қазақ жастарына үлгі болары анық. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қай -қайдағы Әулие Валентин күнін тойлағанша.Қазіргі кейбір жастар сол Валентин деген кім екен деп интернеттен іздеп, қарап жатады, одан да лиро-эпостық жырларымызды оқысын.Олардың пәк сезімдеріне куә болсын.
+2 дауыс
Қазіргі жаһандану жағдайында жастарымыздың батысқа еліктеп  Валентин күнін тойлағанынан "15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күнін" тойлағандары мың, миллион есе артық. Осы бастаманы бастаушыларға да, қоштаушыларға да айтар алғысым шексіз.
        Сөз реті келгесін «Валентин күніне» тоқтала кетейін. Бұрында адамның кім екеніне баға берер де, оның тұтынған ұстанымын зерттейтін болған. Ал, қазіргі ұстанымға көз жүгіртіп көрелік. ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген атақты қарақшы Мишка Япончик, Европада, қазіргі жастардың үлгі алатын көзайымына айналған. Оның жүздеген адамның жанын қиып, ондаған банкті тонап, жасаған қылмыстарын қазір көптеген жастар «ерлік» деп бағалап, дәріптеп жүр. Қарақшыға арнап, көркем фильм шығарылып, ән арналып, балаларына оның атын қойып, оны жастардың еліктеп, үлгі алатын піріне айналдыру кеңінен көзделуде. Ал, итальян мафиясының басшысы аль Капоне де, қазір дәл солай дәріптелуде. Сондықтан бүгінгі күнмен өмір сүру, яғни ұялмаған бұйырмағаннан жеу, бермесе тартып алу психологиясы жастардың санасына барынша егілуде.
        Бұлардан, әзірге біздің жастарымыз үлгі алмаса да, жастарымыздың ішінде шіркеу лағнет (анафема) жариялаған Валентинді, «әулие» деп, махаббаттын жебеушісіне айналдыруды көздеп жүргендер баршылық. Шіркеу, нәпсіні, яғни жыныстық ләззаты, жүрек, ақыл былай тұрсын, сананың үстіне шығарып, «махаббат үшін бәрінен, бәрінен де безуге болады» деп, өзінің шіркеу қызметкері екенін пайдаланып, жауынгерлерді жасырын некелеп, әскердегі тәртіпті әлсіретіп, мыңжылдық тарихы бар Рим империясының құлауына себеп болғандардың бірі ретінде, оны өлім жазасына кескен. Жауынгерлер өзіне тапсырылған күзету, т.б. міндеттерін ұмытып, нәпсі айдауымен «махаббат» іздейтін болған. Нәтижеде әскер ыдырап, Рим құлады. Валентин «неке аспанда қиылады» (союз скрепляется на небесах) деп, Жаратушыны меңзеп, үйленгендердің некесі жариялы қиылу қажеттілігін жоққа шығарып, «азаматтық некені», яғни некесіздікті дәріптеп, басы бос әйел былай тұрсын, біреудің некелі жұбайын, басқа біреумен «махаббат шөлін» қандырғанша қосып, қайтадан ажыратып отырған. Осы әрекетіне байланысты, «махаббат үшін құрбан болған әулие» деп, оны қазір дәріптеп жүр. Дәріптеу нәтижесінде, «махаббат майталманы» атанған Малибу тәрізді, мыңдаған еркекпен «кездескен», бір «кездесуі» бір миллион доллар тұратын, жезөкшелер пайда болды. Олда ештеңе емес, Батыстың оқушы қыздарының, оны «пірім» деп есептеумен шектелмей, «үлкейгенде менде, жезөкше болам» деуі, қорқытады. Мұның, Батысқа еліктейтін, бізге де келмесіне кім кепіл? (Дерек көзге М.Көрпелиевтің «Үйлесімділік әліппесі», Алматы-2014, атты кітабы пайдаланылды. 201-209 беттер).
        Ал, шындығында қазір еліміздің өзге ұлттар (еуропалықтар) көбірек шорғырланған өңірлерін де   «нудистер» бар ма - бар,  гейлер бар ма – бар, қыздардың, ерлердің бір-бірлеріне үйленулері  бар ма –бар, «азаматтық неке» бар ма - бар, жезөкшелер бар ма – бар. Олар қазір қазақстанның өзге өңірлеріне  де етек жайып келе бастаған сыңайлы.
        Мына төмендегі тірлік те, сол «жамандықтардың» жалғасы.
        Күні кеше (2015/04/16) «Қамшы да»  Сәкен Майғазиевтың кіндігін ашып, сәукеле киген “Баян-сұлуды” сынаған мақаласы жарияланды:  Онда, «Кеше еліміздің ғашықтары Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін атап өтті.  2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді осындай атаулы күн деп белгілеген болатын.
Содан бері  қазақ жастары біртіндеп әулие Валентин күнінен бас тартып, ұлттық мерекені ұлықтай бастады деп хабарлайды Жетінші арна.
Әлеуметтік желідегі жұрт әдеттегідей емес, мерекелік күймен оянған.  Себебі ғаламтор бетін Қозы мен Баянның, Қыз Жібек пен Төлегеннің, бүгінгі ғашықтардың суреттері мен құттықтаулар торлады.
Аға буын, жастардың Әулие Валентиннен аулақ кеткеніне қуанды. Ал Алматыда ғашықтарға арналған су бұрқақ ашылды. Дәл осы сәтте ұлттық деген мерекеге қуанған жастардың көңіліне кірбің түсті.
Өйткені субұрқақтың ортасындағы сәукеле киген қазақтың қызы Баян да емес, Жібек те емес, қай ертегіден шыққаны белгісіз  су перісі болып шықты» делінген.
Баян Есентаева Instagram-дағы парақшасына су бұрқақтың ашылу салтанатынан арнайы видео  салған болатын. Өз кезегінде бұл бейнеге қатысты ұлтжанды жастар ренішке толы пікірлер жазды.
“Көзіме сене алар емеспін, сәукеле қайда, русалка қайда? Қозы мен Баянның оған қатысы қанша?”, “Қазақтың ертегілерінде су перілері бар делік. Бірақ олар махаббат символы емес, керісінше, адамдарды азғыратын жағымсыз кейіпкер еді ғой”, – деген пікірлер көбейе бастаған.
Одан бөлек, танымал әнші Сәкен Майғазиев те аталған ескерткіші көңілі толмайтынын жеткізді.
“Бояушы, бояушы деген сайын сақалына дейін бояп тастапты…”- кері келіпті.  Мынау не “фантазиясы”, тағы?! Алматының көрнекті орындарының біріне орнатқан Баян-сұлу ескерткіші-мыс. Сәукеле киіп, кіндігін ашқан су перісі. Сұмдық-ай!”, – деп жазады әнші өз парақшасында.
7 канал».
   Пікір білдірушілердің ішінен Шеркешбай деген азаматтың да пікірін қайталағым келіп отыр: Онда, (Шеркешбай 2015/04/16. Жауап беру) «Баяғы бала кезімізде Анамыз “Кіндікті ашып жүру” жалаңаш жүргеннен де жаман деуші еді. Бұл меніңше кейбір жастардың Атамыз маймыл (айуан) деп мойындауларының басы. (Маймыл киім кимейді). Алла артының қайырын бергей» делініпті. Менде осындай әңгімелерді бала кезімде ата-анамнан талай естігенмін. «Кіндіктеріңді ешкімге көрсетуші болмаңдар» деуші еді».
         Бұл пәлелерді тоқтатуға бола ма? дегенге айтарым, Иә, әбден тоқтатуға болады. Ол, Ұлы аталарымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ділі мен дінін, олардың бүкіл әлем елдеріне үлгі болған ұлы мәдениетін толықтай қалпына келтіру. Біз бұл шараларды әлдеқашан қолға алуымыз керек еді. Ең бірінші кезек те, мектеп оқулықтарынан Дарвиннің «қазақтың арғы атасы - маймыл» деген "ілімін" алып тастау керек. Атам Қазақтың "Атаға қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер" деген мақалын еске ұстағанымыз жөн болар. Маймылға (айуанға) қарап бой түзеген ұлдың да, қыздың да, елдің де келешегі болмайды.
            Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
+1 дауыс
Қазақтарға тойлай берсе болды, әйтеуір. Керек емес. Жалпы, махаббатқа байланысты мейрамдардың ешқайсысын тойламауды ұсынамын. Талай жастың бастары махабатпен уланып қалған. Кім жұмыс істейді?
0 дауыс
ия,тойлай беруге болады,онда турган не бар
+2 дауыс
тойлау керек. валентин күнін тойлағаннан әуір ғой. жастар қозы мен баянның кім екенін білгенінен басқа не зияны бар. ұлы мереке жасамаса да жастар тойласын.
+1 дауыс
Әркімнің өз пікірі бар ғой, әрине. Өз басым осы күнді тойлаймын. Жолдасыммен келісіп алғанбыз, 8-Наурыз күнін ол тек аналарына арнайды, ал 15-Сәуірді тек маған арнайды. Екеуміз оңаша қыдырып, ол маған гүл сыйлап, ерекше назарда  ұстайды. Дүние қуған бұл заманда жас-жұбайлар арасы суып кетіп жатады. Ал осы күні өзімізді әлі де жас екенімізді, әлі де екеуміздің бір-бірімізге деген шынайы сезімімізді білдіруге мүмкіндік туады. Бұл отбасылық татулықты сақтап қалу үшін өте маңызды деп ойлаймын. Әрине бұл тек менің пікірім.
+2 дауыс
14 ақпан күні ел болып СВЯТОЙ ВАЛЕНТИН деп тойлағанша, өзіміздің ҚОЗЫ КӨРПЕШ БАЯН СҰЛУ күнін тойлағанымыз мың есе артық емес пе?
0 дауыс
Әрине болады!!!! 14 ақпанды тойлағанша 15 сәуірді тойлаған  мың есе артық
0 дауыс
Болады ғой!Қазақпыз!
0 дауыс
Кешіккен жауап... Көптен кірмеген едім, керемет тақырыпқа, тамаша талқылаулар болған екен! Алып-қосарым жоқ. Қысқа ғана өз ойым: Әрине, тойлану керек, міндетті түрде. Тіптен былай ету керек. Мемлекет қаулы шығару керек. "Ғашықтар күні" - 15 сәуір деп. Ал, 14 ақпанды тойлағандарға "айыппұл" соғылса)))
0 дауыс
ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖОМАРТТЫҚТАН ЖАРЫСҚА ТҮСЕЙІК!
         Жер бетіндегі бүкіл адамзат баласы Ұлы Жаратушы - Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін  «Адам» және «Ман» деп тек қана екі есіммен және сонымен қатар ең алғашқы елді, яғни мемлекетті Қаз деп атайды. Осы үш есімнің үшеуі де Манқыстауда дүниеге келген. Адам атамыздың атын (қарашаңырағын) Адай ұстап отырса, Ман атамыздың атын Манқыстау ұстап отыр. Сонымен қатар бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен, осы елдің түп атасы ӘЗ әулие атамыздың моласы да осы Манқыстауда. Сондықтанда, ол басын ӘЗ әулие бастаған, 360 әулиелі, киелі Маңғыстау деп аталады.
       Қазақтың ең алғашқы ел екендігін қалай әлемге мойындатуға болады дегенге келсек, меніңше оның еш қиындығы жоқ. Тек қана қазіргі әлемдік деңгейде өткізіліп жүрген сайыстардың қатарына төмендегі жарыстарды қоссақ жетіп жатыр. Мысалы:
       -   Сөздің (тілдің) байлығына қомақты жүлде тағайындап, жарысқа шақырайық. Бүткіл жер бетінде Қазақтың Ана тілінен бай тіл жоқ. Ол жүлде өзімізде қалады. Біз бұл шарамен Қазақтың ана тілінің бүкіл әлем елдері тілдерінің Анасы екенін мойындатамыз.
        Ең бірінші сөзінің есебі (шегі) жоқ авторлық құқық Ұлы жаратушы – Алла да, екінші «авторлық құқық» Қазақ та. Бұл күмәнға да, дауға да жатуға тиіс емес. Қазақтың сөздік қорында 20 000 000 астам сөз түбірі бар делінеді. Салыстыру үшін еске сала  кетейін 1980 жылғы санақ бойынша ағылшындар 250 000, қытайлар 500 000 сөз түбірін жинай алған.  
       -  Дәл сондай қомақты жүлдемен бүкіл әлем елдерін ақындар айтысына шақырайық. Біз бұл әрекетімізбен қазақтың тіл мәдениетінің бәрінен жоғары екенін мойындататын боламыз. Дәл біздегідей дамыған суырып салма айтыс өнері ешбір елде  жоқ. Бұл жарысқа қырғыз бен қарақалпақтан басқа елдер қатыса да алмайды.
       -    Суырып салма күй (музыка) өнерінен жарыс ұйымдастырайық. Бұл өнер де бізден басқа еш бір елде жоқ.
       -    Олармен Ата тегімізді (рулық, тайпалық) шежіремізді білуден жарысқа түсейік. Бүкіл әлем білсін, кез-келген қазақ баласының өз Ата-тегін Адам атаға дейін тоқтамастан тарқата алатынын.
       -   Бүкіл әлем елдерінің әншілерін құстың тілінде ән салудан  сайысқа шақырайық. Құстың (бұлбұлдың, аққудың, қаздың, торғайдың т.т.) тіліндегі әндерді қазақтан басқа еш бір елдің әншілері сала алмайды.
      -   Садақпен жамбы атудан, көкпардан, құс салып аң аулаудан бүкіл әлем елдеріне арнап сайыс ұйымдастырайық.
      -  Қазақша күресті бүкіл әлемдік олимпиада жарыстарының қатарына қосуға талаптанайық. Бастамасы бар.
      -   Бәйгенің мәресін 300 км-ге (қазір 40-50 ден аспайды) ұзартуды ұсынайық. Бүкіл дүние жүзінің аттары бұндай мәреге қатыспақ түгілі, бұндай қашықтыққа шаба да алмайды.
       -  Сірә да әлем елдерінде жарыстың түр-түрі өтіп жатыр ғой. Оларды ит жарысына да шақырайық. Қорықпаңдар, қазақтың сағатына  90 км жылдамдықпен жүгіретін тазысына еш бір елдің иті жете алмайды.
      -     Адами қасиетті, тарихты (шежірені), мәдениетті, адам баласына тек қана жақсылық жасауды, соған сәйкес ұлттық салт-дәстүрді т.т., бірінен кейін бірін, бүкіл әлемдік БАҚ арқылы  дәріптеп жарысқа шақыра берейік. Егер біз осыларды жасай алсақ, бүкіл әлем Қазық жұртын (Қазақ елін) тез табатын (мойындайтын) және өз қазығына қайта оралатын болады. Адам баласының жақсылыққа жаны құмар болатынын басшылыққа алайық. Бұл үшін Қазақстанның БАҚ-на орыс тілі  емес, Қазақтың Ана тілі иелік етуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлсіз елдің өзі де әлсіз болатынын естен шығармайық. Баяғы еврейлік большевиктер партиясы Лениннің басшылығымен ең бірінші болып почта, телеграф және өзге Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдарына алу себебі де осы болатын.
       Қазақтың аққу мен қаздай адалдығын, әділдігін, періштелігін, Сақтардың сақилығын, Бұзау Жеменейдің жомарттығын, Адайлардың мырзалығын кезінде бүкіл әлем мойындаған. Сондықтан да, қолы ашық, барын өзгелермен бөлісетін адамдарды Сақи, Жомарт, Мырза деп дәріптеген, әлі де солай атап жүрміз. Қолдарындағы барын берудей-ақ беріп, жетім-жесір, жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктермен бөлісуден бәйге алғандар осылар. Олар кезінде дәл осы сияқты бүкіл әлем елдерін бәйгеге шақырып, бәрінен де бәйге алған. Сондықтан оларды Тау би, Алып би, Қас би (Каспий), Бас би, Қас шешен, Қас Сақ, Қас батыр, Бас батыр, Қас мерген, Қас ару, Хас ақын, Қас сұлу, Қас шебер деп, тіпті олардың астарына мінген аттарында  Қас тұлпар, Қас дүлділ, Қас жүйрік деп атаған.
      Қазақтың   ерлігімен, елдігімен, даналығымен, көрегендігімен бүкіл әлемді тәнті етіп, қазақтың болмысын, адами ізгі қасиетін әлемге мойындатқан жағдайымыз, біздің бүкіл әлем елдері бойынша үшінші орында болып келетін ядролық қарудан бас тартуымыз. Әлем елдерінің «тентектері» қару шығарудан жарысқа түссе Украина мен Қазақ елі бұндай «жарыстың» қате екендігін бүкіл әлемге мойындатты.
       Өз арамызда да, яғни облыс пен облыс, қала мен қала, аудан мен аудан, ауыл мен ауыл, көше  мен көше, отбасы мен отбасы болып жақсылыққа: қарияларды қарттар үйіне тапсырмаудан, спирт ішімдіктерін ішпеуден, наркотик қолданбаудан, қылмыс жасамаудан, некенің бұзылмауынан, кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың болмауынан, әрбір отбасының көп баланы дүниеге әкелуінен және оларды мықты азамат етіп тәрбиелеуден,  мемлекеттік тілді білуден, ғылыми жаңалықтар ашудан, қысқасы елімізде адам баласына игілік істер жасаудың барлық түрлерінен жарыс ұйымдастырайық. Жарыс әділетті болуы үшін көрсеткіштерді әр бір он мың адамға шағып есептейік. Жылда Наурыз мерекесі қарсаңында қорытындысын шығарып, елге жариялап, қомақты жүлдемен марапаттап отырайық.
       Ел қамын ойлаған «қалталы» қазақ азаматтары осындай шара өткізуден де, яғни жомарттықтан да сайысқа түсейік. Жеңімпазды, тіпті осы сайысқа қатысқан барлық азаматтарды бүкіл ел болып ардақтайық, алақанымызға салып аялайық. Олардың атын тарихи еңбектерге мәңгі өлместей етіп жазайық.  Оларға Гинессаның кітабы сияқты арнайы кітап арнайық. Тура осындай кітапты керісінше жасағандарға да арнап, оны «қара» кітап деп атайық.   Міне, Нұқ (Нүк) пайғамбар атамыздың атын иемденген үкіметіміздің атқаруға тиісті басты міндеті («Үк» деген сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) осылай дейді).
       Әлем елдеріне өз тарихын, әлемдік тарихты білуден жарыс ұйымдастырайық. Қорықпаңыз, біз бұндай жарыстан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Бұл жарыстан жүлде алған елдердің бәрі (яғни ақиқатқа көзі жеткендер) Қазақты, яғни қазық жұртын өздері іздеп табатын болады.
       Міне осылайша, тек қана жақсылыққа жарысайық. Осындай жарыстарға бүкіл әлем елдерінің қатысуын ұйымдастырайық. Қазақта «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген мақал бар. Бүгінгі Европа доп ойнаудан алдарына жан салмауда. Демек, бұл олар азып, тозып бітті деген сөз. Ал, біз сол доп ойындарына шығатын қаражатты мен айтқан жарыстарға салайық.  
       Жақсылыққа жарысу арқылы бүкіл әлем елдеріне Қазақтың бүкіл әлем елдеріне аға (Қаз аға) екенін, олардың ақиқаттың атасы екендігін, бүкіл адамзат мәдениетінің барлығы осы қазақ даласынан басталатынын әлемге мойындатайық. Осы шараларды іске асыратын бүгінгі буын ұрпақ Елбасымыздың айналасына жұдырық болып түйіліп, барлық жақсылық жарыстардан бәйге алып, бұл жолды Нұрсұлтанның Нұрлы жолы» деп атайық. «Қасымқанның қасқа жолы» мен «Есімханның ескі жолының» қасына «Нұрсұлтанның нұрлы жолын» мәңгі өшпестей етіп жазайық. Бұл жол өте ұлы жол. Қазіргі таңда бұл жолдан бәйге алу қазақтан басқа ешбір елдің қолынан келмейді. Міне осы жол біздің тәуелсіздігімізді сақтап, біздің Мәңгі ел болуымыздың кепілі болмақ.

      «Елдің атын ері шығарар». Қалам иелеріне (ақын, жазушылар, тарихшылар т.т.) әлем елдеріне көсемсөз арнап, өз елінің (ұлтының) мәдениетін асқақтатып,  әлем елдерін өрге сүйрегендердің де,  керісінше жасағандардың да ұлты (руы, тайпасы) және олардың қай елдің (мемлекеттің) өкілдері екендігін өз шығармаларымыз да айшықтап отырайық.
      «Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық» (Құран Кәрім. Әл-Хужурат сүресі. 13 аят).  
      Тәпсір: Аса ұлы Аллаһ адам баласының шығу тегі, түбі бір екендігін баян етті. Бүкіл адамзат Адам ата, оған Аллаһтың сәлемі болсын және Хауа анадан тарайды. Аллаһ олардан көп адамдар таратып, оларды бір-бірлерін тануы үшін үлкен халықтар, сондай-ақ кішігірім ру-тайпалар түрінде бүкіл жер бетіне жайды. Сондықтан әрбір адам өзінің шыққан тегін, елін білуі қажет. Алайда Аллаһтың алдында адамдардың ең қадірлісі – барлық жағдайда тек аса ұлы Аллаһқа бойсұнып, күнәлардан сақтанған ізгілері. А.Саъди. Бұл аятта нәсілшілдікке де (расизм М.Қ.), ұлтсыздыққа да (интернационализм М.Қ.) тыйым салынған. Қар: Әл-Манси.
      «(Ей, Мұхаммед!) Біз саған кітапты (Құранды) ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік. Енді олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Өзіңе келген ақиқаттан ауытқып, олардың көңіл құмарлығына ерме. Сендерден әрбір (үммет) шариғат пен жол белгіледік, Аллаһ қалағанда, сендерді бір үммет етер еді. Бірақ Ол сендерді Өзінің берген нәрселерінде сынамақшы. Сондықтан қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар (жақсылықтарға жарысыңдар)! Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендердің қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді» (Әл-Мәидә сүресі. 48 аят).
      Тәпсір: Ұлы Жаратушы - Аллаһ бөлек-бөлек ұлт, тайпа, ру болуды, оларға әртүрлі дінде болуды және ізгі істер (жақсылық) жасауда бір-бірімен жарысуды міндеттеп отыр.
      Бұндай сайыстар әртүрлі әлем елдері мен ұлттары арасында үнемі болып келеді. Олар адамзатты бақытқа жеткізу жолында сайысқа түсіп, бірінен-бірі мәдениеттерін (жақсылықтарын) асырып, оны өзгелермен мойындатуға тырысқан. Оларды (осындай ізгі жақсылықтарды ұйымдастырушыларды) халық  ата, пайғамбар, пір, дана, данышпан, әулие, хан, қаған, би, ақын, ғалым, ержүрек батыр (баһадүр) деп әспеттеген. Ондай сайыстар күні бүгінде де жүріп жатыр. Мысалы, төрт жылда бір өтетін Олимпиада спорттық жарыстары, білім, ғылым,  өнер, ән, би, музыка сайыстары т.т. осылардың қатарына жатады.    
      «Тентек шоқпар жинайды», - деп қазақ мақалында айтылғандай қару-жарақ шығарудан да, кейбір елдер көршісін жаулап,  жерін тартып алудан да жарысып келеді. Ал ақиқатында, жарыстың көкесі қару-жарақ жасау мен өзге елдің жерін жаулап алу емес, ол ұлы аталарымыздың жеткен жетістіктерін біліп, соларға ұқсап бағу, соларды мақтан тұту, солардың үлгілі істерін жалғастырып, жіберген кемшіліктерін де біліп, ондай жағдайлардың алдын алу, яғни адамзатты бақытты ғұмыр кешуге жеткізу болмақ.     
      ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРЫСАЙЫҚ!

                         Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Ұқсас сұрақтар

–4 дауыс
4 жауап
127,938 сұрақ
322,810 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы