+4 дауыс
14.8k көрілді

15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күнін тойлауға бола ма?

15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күні

19 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

15 сәуір - Ғашықтар күні. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер жандар жетерлік. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық. 

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. 

Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,
Көңілді бұған бұрғызды.
Бере ме тәңірім, бермей ме
Ынтық болған бір қызды?
Қосылғанша мен оған
Ішіме қайғы толғызды...

Әлкей Марғұлан "Мәңгілік жыр" деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті.

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. 

Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Мейіргүл Оңғарова

–1 дауыс
Жоқ, болмайды. Шығын әкелетін күн. Жарайдығо 8 наурыз)
+7 дауыс
Әрине болады ғой. Өзіміздің төл мерекеміз етіп қалыптастырып алу керек сияқты. Мереке көптік етпейді ғой) Тек жастар әдеп-ибадан аттамай, мерекенің сындарлы сипатын бұзбай тойласа болғаны)
+4 дауыс
Үйлену ниетімен болмаса жігіт пен қыз жүруге, жақындасуға болмайды ғой негізі... Ал, үйлену ниетімен жүргендерге, үйленіп отбасы құрғандарға  "Ғашықтар күні" таптырмайтын көңілді, әдемі мейрам))
+4 дауыс
Козы корпеш-Баян сулу кунын тойлауга карсы емеспын. Себебы жастардын светой валентин кунын тойлаганнан горы, озымыздын казакша атауменен , арнайы койылган, гашыктар кунын тойлаганы алде кайда дурыс деп ойлаймын. Жастарга сол християннын светой куны екенын угындырып, ол куны емес озымыздын казакша мейрам осы 15 сауыр кунын тойлаганымыз дурыс екендыгын тусындыре журейык,  ултымыздын туын томен тусырып христииан мерекесын тойлаудан аулак болайык бауырлар!!!
+3 дауыс
Әрине болады. Қозы мен Баян, Еңілік пен Кебек,Ләйлі мен Мәжнүн сияқты ғашықтар қазақ жастарына үлгі боларлық. Валентин күнінде бір біріне сыйлық беріп христиандардың мерекесін тойлағанша, қазақтың ғашықтарын дәріптеген дұрыс деп ойлаймын.
+3 дауыс
15-ші сәуір "Ғашықтар күні" деп қалдырған оңтайлы болар, себебі жастарымыз үшін бұл да бір адамизат аралық сезіміне деген құрмет, тазалыққа тәлім берер жол ғой! "День Валетина" деп өзге діндарлықтарға бой ұрудан ой-саналарын тазалайды. Ұлттық бір мереке қосылса артық болмас, әрі пір тұтар тарихи таза махаббат ҚАЗАҚ тарихында аз емес, ұлттық тарихтарын білугеде жастарымызға жол ашады!!! ҰЛЫ АЛАШ ЖАСТАРЫНА БАҚ БЕКРЕКЕ, ҒҰМЫРЛАРЫНА СӘТТІЛІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ!!! ҚАШАНДА БІР АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!!!
0 дауыс
Бәрібір тойлай беріндер .)
+2 дауыс
Неге болмасқа әрине болады. Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Еңілік пен Кебек, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты  ғашықтардың шынайы махаббаты  қазақ жастарына үлгі болары анық. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қай -қайдағы Әулие Валентин күнін тойлағанша.Қазіргі кейбір жастар сол Валентин деген кім екен деп интернеттен іздеп, қарап жатады, одан да лиро-эпостық жырларымызды оқысын.Олардың пәк сезімдеріне куә болсын.
+2 дауыс
Қазіргі жаһандану жағдайында жастарымыздың батысқа еліктеп  Валентин күнін тойлағанынан "15-сәуір Қозы көрпеш - Баян сұлу ғашықтар күнін" тойлағандары мың, миллион есе артық. Осы бастаманы бастаушыларға да, қоштаушыларға да айтар алғысым шексіз.
        Сөз реті келгесін «Валентин күніне» тоқтала кетейін. Бұрында адамның кім екеніне баға берер де, оның тұтынған ұстанымын зерттейтін болған. Ал, қазіргі ұстанымға көз жүгіртіп көрелік. ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген атақты қарақшы Мишка Япончик, Европада, қазіргі жастардың үлгі алатын көзайымына айналған. Оның жүздеген адамның жанын қиып, ондаған банкті тонап, жасаған қылмыстарын қазір көптеген жастар «ерлік» деп бағалап, дәріптеп жүр. Қарақшыға арнап, көркем фильм шығарылып, ән арналып, балаларына оның атын қойып, оны жастардың еліктеп, үлгі алатын піріне айналдыру кеңінен көзделуде. Ал, итальян мафиясының басшысы аль Капоне де, қазір дәл солай дәріптелуде. Сондықтан бүгінгі күнмен өмір сүру, яғни ұялмаған бұйырмағаннан жеу, бермесе тартып алу психологиясы жастардың санасына барынша егілуде.
        Бұлардан, әзірге біздің жастарымыз үлгі алмаса да, жастарымыздың ішінде шіркеу лағнет (анафема) жариялаған Валентинді, «әулие» деп, махаббаттын жебеушісіне айналдыруды көздеп жүргендер баршылық. Шіркеу, нәпсіні, яғни жыныстық ләззаты, жүрек, ақыл былай тұрсын, сананың үстіне шығарып, «махаббат үшін бәрінен, бәрінен де безуге болады» деп, өзінің шіркеу қызметкері екенін пайдаланып, жауынгерлерді жасырын некелеп, әскердегі тәртіпті әлсіретіп, мыңжылдық тарихы бар Рим империясының құлауына себеп болғандардың бірі ретінде, оны өлім жазасына кескен. Жауынгерлер өзіне тапсырылған күзету, т.б. міндеттерін ұмытып, нәпсі айдауымен «махаббат» іздейтін болған. Нәтижеде әскер ыдырап, Рим құлады. Валентин «неке аспанда қиылады» (союз скрепляется на небесах) деп, Жаратушыны меңзеп, үйленгендердің некесі жариялы қиылу қажеттілігін жоққа шығарып, «азаматтық некені», яғни некесіздікті дәріптеп, басы бос әйел былай тұрсын, біреудің некелі жұбайын, басқа біреумен «махаббат шөлін» қандырғанша қосып, қайтадан ажыратып отырған. Осы әрекетіне байланысты, «махаббат үшін құрбан болған әулие» деп, оны қазір дәріптеп жүр. Дәріптеу нәтижесінде, «махаббат майталманы» атанған Малибу тәрізді, мыңдаған еркекпен «кездескен», бір «кездесуі» бір миллион доллар тұратын, жезөкшелер пайда болды. Олда ештеңе емес, Батыстың оқушы қыздарының, оны «пірім» деп есептеумен шектелмей, «үлкейгенде менде, жезөкше болам» деуі, қорқытады. Мұның, Батысқа еліктейтін, бізге де келмесіне кім кепіл? (Дерек көзге М.Көрпелиевтің «Үйлесімділік әліппесі», Алматы-2014, атты кітабы пайдаланылды. 201-209 беттер).
        Ал, шындығында қазір еліміздің өзге ұлттар (еуропалықтар) көбірек шорғырланған өңірлерін де   «нудистер» бар ма - бар,  гейлер бар ма – бар, қыздардың, ерлердің бір-бірлеріне үйленулері  бар ма –бар, «азаматтық неке» бар ма - бар, жезөкшелер бар ма – бар. Олар қазір қазақстанның өзге өңірлеріне  де етек жайып келе бастаған сыңайлы.
        Мына төмендегі тірлік те, сол «жамандықтардың» жалғасы.
        Күні кеше (2015/04/16) «Қамшы да»  Сәкен Майғазиевтың кіндігін ашып, сәукеле киген “Баян-сұлуды” сынаған мақаласы жарияланды:  Онда, «Кеше еліміздің ғашықтары Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін атап өтті.  2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді осындай атаулы күн деп белгілеген болатын.
Содан бері  қазақ жастары біртіндеп әулие Валентин күнінен бас тартып, ұлттық мерекені ұлықтай бастады деп хабарлайды Жетінші арна.
Әлеуметтік желідегі жұрт әдеттегідей емес, мерекелік күймен оянған.  Себебі ғаламтор бетін Қозы мен Баянның, Қыз Жібек пен Төлегеннің, бүгінгі ғашықтардың суреттері мен құттықтаулар торлады.
Аға буын, жастардың Әулие Валентиннен аулақ кеткеніне қуанды. Ал Алматыда ғашықтарға арналған су бұрқақ ашылды. Дәл осы сәтте ұлттық деген мерекеге қуанған жастардың көңіліне кірбің түсті.
Өйткені субұрқақтың ортасындағы сәукеле киген қазақтың қызы Баян да емес, Жібек те емес, қай ертегіден шыққаны белгісіз  су перісі болып шықты» делінген.
Баян Есентаева Instagram-дағы парақшасына су бұрқақтың ашылу салтанатынан арнайы видео  салған болатын. Өз кезегінде бұл бейнеге қатысты ұлтжанды жастар ренішке толы пікірлер жазды.
“Көзіме сене алар емеспін, сәукеле қайда, русалка қайда? Қозы мен Баянның оған қатысы қанша?”, “Қазақтың ертегілерінде су перілері бар делік. Бірақ олар махаббат символы емес, керісінше, адамдарды азғыратын жағымсыз кейіпкер еді ғой”, – деген пікірлер көбейе бастаған.
Одан бөлек, танымал әнші Сәкен Майғазиев те аталған ескерткіші көңілі толмайтынын жеткізді.
“Бояушы, бояушы деген сайын сақалына дейін бояп тастапты…”- кері келіпті.  Мынау не “фантазиясы”, тағы?! Алматының көрнекті орындарының біріне орнатқан Баян-сұлу ескерткіші-мыс. Сәукеле киіп, кіндігін ашқан су перісі. Сұмдық-ай!”, – деп жазады әнші өз парақшасында.
7 канал».
   Пікір білдірушілердің ішінен Шеркешбай деген азаматтың да пікірін қайталағым келіп отыр: Онда, (Шеркешбай 2015/04/16. Жауап беру) «Баяғы бала кезімізде Анамыз “Кіндікті ашып жүру” жалаңаш жүргеннен де жаман деуші еді. Бұл меніңше кейбір жастардың Атамыз маймыл (айуан) деп мойындауларының басы. (Маймыл киім кимейді). Алла артының қайырын бергей» делініпті. Менде осындай әңгімелерді бала кезімде ата-анамнан талай естігенмін. «Кіндіктеріңді ешкімге көрсетуші болмаңдар» деуші еді».
         Бұл пәлелерді тоқтатуға бола ма? дегенге айтарым, Иә, әбден тоқтатуға болады. Ол, Ұлы аталарымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ділі мен дінін, олардың бүкіл әлем елдеріне үлгі болған ұлы мәдениетін толықтай қалпына келтіру. Біз бұл шараларды әлдеқашан қолға алуымыз керек еді. Ең бірінші кезек те, мектеп оқулықтарынан Дарвиннің «қазақтың арғы атасы - маймыл» деген "ілімін" алып тастау керек. Атам Қазақтың "Атаға қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер" деген мақалын еске ұстағанымыз жөн болар. Маймылға (айуанға) қарап бой түзеген ұлдың да, қыздың да, елдің де келешегі болмайды.
            Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау
+1 дауыс
Қазақтарға тойлай берсе болды, әйтеуір. Керек емес. Жалпы, махаббатқа байланысты мейрамдардың ешқайсысын тойламауды ұсынамын. Талай жастың бастары махабатпен уланып қалған. Кім жұмыс істейді?
0 дауыс
ия,тойлай беруге болады,онда турган не бар
+2 дауыс
тойлау керек. валентин күнін тойлағаннан әуір ғой. жастар қозы мен баянның кім екенін білгенінен басқа не зияны бар. ұлы мереке жасамаса да жастар тойласын.
+1 дауыс
Әркімнің өз пікірі бар ғой, әрине. Өз басым осы күнді тойлаймын. Жолдасыммен келісіп алғанбыз, 8-Наурыз күнін ол тек аналарына арнайды, ал 15-Сәуірді тек маған арнайды. Екеуміз оңаша қыдырып, ол маған гүл сыйлап, ерекше назарда  ұстайды. Дүние қуған бұл заманда жас-жұбайлар арасы суып кетіп жатады. Ал осы күні өзімізді әлі де жас екенімізді, әлі де екеуміздің бір-бірімізге деген шынайы сезімімізді білдіруге мүмкіндік туады. Бұл отбасылық татулықты сақтап қалу үшін өте маңызды деп ойлаймын. Әрине бұл тек менің пікірім.
+2 дауыс
14 ақпан күні ел болып СВЯТОЙ ВАЛЕНТИН деп тойлағанша, өзіміздің ҚОЗЫ КӨРПЕШ БАЯН СҰЛУ күнін тойлағанымыз мың есе артық емес пе?
...