0 дауыс
14.4k көрілді
15 күннің ішінде 20 килограммға қалай азуға болады?

7 жауап

0 дауыс
Қыздардың арықтауы көп жағдайда қиын болатыны баршаға анық. Диета, спорт, өмір салты... Бәрін бірден өзгерту мүмкін емес сияқты. Алайда салмақ тастаудың көңіліңізден шығатын жолдарын қолдансаңыз, бұл процесс оңай бола алады. Би, жүгіру, жүзу... Осылардың арасында өзіңізге ұнайтын спорт не ойын түрін таңдап, өзіңізді қинамай-ақ арықтай аласыз.

Коньки не роликтер

Саныңыз ылғи қозғалыста болып, жылдамдығыңызға байланысты калориялар жойылады. Сан, аяқ, кеуде бұлшық еттері жаттығады. Коньки не ролик тепкенде қозғалыс жылдамығы мен қадамыңызды өзгертіп жүріңіз. Басында қатты, кейін орташа, одан кейін баяуырақ. Қадамыңыздың ұзындығын өзгертіп, бірде көп аттап, бірде кішірейтіңіз. Коньки не роликтегі жаттығулар сағатына 500-800 ккал кетіре алады.

Жүгіру

Жүгіргенде адамның аяқ, сан, іш, арқа, иық бұлшық еттері жаттығады. Бұлшық еттер жұмысымен қатар, жүрек жаттығып, өкпе тазаланады, ал артық салмақ кете бастайды. Жүгіргенде алға қарай еңкеймеңіз, арқаңызды тік ұстаңыз. Қолдарыңызды қозғалтып жүгірген дұрыс. Бұнда да қадам ұзындығы мен жылдамдықты өзгертіп отырсаңыз, жаттығуыңыз нәтижелірек болады. Түзу жерде жүгірген оңай болса, тасты, түзу емес жердегі жаттығудан көбірек салмақ жоғалтуға болады. Жүгірудің тиімділігі 1 сағатта 750 ккал.

Секіртпеден секіру

Секіртпеден секіргенде мынандай ерекшеліктерді білгеніңіз жөн. Секіру шапшаңдығын өзгерткен әлдеқайда тиімді. Екі аяқта, кейін оң, сол аяқта секіруге, секіріп жүгіруге болады. Тиімділігі сағатына 680 ккал.

Шеңбер айналдыру

Бұл тәсілдегі ең маңыздысы - дұрыс өлшемді шеңбер таңдау. Алдыңызға қойғанда, шеңбер кеудеңізге дейін жетіп тұруы керек. Калориялардың кетуі үшін шеңберді айналдырсаңыз болғаны. Тиімдірек болсын десеңіз, айналдыру шапшандығын өзгертіп отырыңыз. Сондай-ақ шеңбер көмегімен басқа да жаттығулар орындаса болады. Шеңберді таңдағанда жеңіліне назар аударыңыз: жеңіл шеңберді ауырына қарағанда, айналдыру қиын. Тиімділік сағатына 400-600 ккал.

Теннис не бадминтон ойыны

Бұл ойындар жүгіру, еңкею, созылу сияқты қимылдарды талап етеді. Алайда жұбыңыз болмаса, теннис добын дуалға соғып ойнаса да болады. Дуалдан бірнеше метр қашықтыққа тұрып, арықтай бастаңыз! Сағатына 550 ккал жояды.

Би

"Арықтататын" би түрлері тез, ырғақты билер. Латина, хип-хоп, шығыс билері сізді арықтатып қана қоймай, көңіліңізді көтерері анық. Нәтижелілігі сағатына 440 ккал.

Тез жүру

Жүгіргенде ентігіп қалып, шыдай алмайтын қыздарға таптырмас шешім - тез жүру. Түзу жолдан гөрі, таулы-тасты жол таңдаңыз. Қадамыңыздың ұзындығын барынша азайтып жүрген дұрыс. Денеңізді түзу ұстап, қолдарыңызбен көмектесіңіз. Нәтиже: сағатына 300-450 ккал.

 

15 күнде 20 кг салмақ тастау мүмкін емес.
4 кг тастаса да жаман емес.20 кг мүмкін емес.
Ия мүмкін емес қой.
Белгісіз
0 дауыс
15 күнде 20 кг арықтау мүмкін емес.....

Негізі тез арықтау үшін су ішкен пайдалы. Күніне 2 литрден көбірек су ішіп, көп қимылдаңыз, кешкі уақытта ауыр тағамдар жемеңіз.......
0 дауыс
Бір мүшенді кесіп тастамасан 15 күнде 20 кг не реально
0 дауыс
Пусть говорятта бір қыз келген 100 килодан 50 ге арықтаған екен,Жидкий каштанды ішіп арықтаған
–1 дауыс
Мумкин арыктау  обедки астан кейин тек гана су ишесин тамак жемейсин  20 кун
Обедкі ас (Түскі ас десеңізші) тамақ емес пе сонда?!))))))
Айтыуды умытыппын Психологиялык тургыдан кушти адамдарга айтылган кенес, екинин биринин колынан келебермейди жокарыдагы кенести орындау!!!
Ангиме обедки астын тамакпа алде тамак еместигинде емес ангиме Бул жерде ангиме арыктау жайлы кетип жатыр !!!
Сіз "кетіп жатқан" әңгімеңізді оқып көріңізші))) Түскі астан кейін деп айтып аласыз да, 20 күн бойы тамақ ішпе дейсіз)))
0 дауыс
Ия, кунине 2 л су ишип, тамакты кыскартса арине арыктайды екен
0 дауыс

Негізі осылай салмақтан арылуға өті зиян. Жаман аурулардың бірін алуы өте үлкен мүмкіндік шығады. Осы арықтау сайтта көп диета мақалалар бар. Және де тез арықтаудың зияны және пайдасы туралы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 23.09.2020 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...