0 дауыс
2.1k көрілді
"Ілияс Жансүгіровтың ақындық жолы" атты шығарма керек еді. Осыған мәліметтер тауып бересіздер ме?

2 жауап

0 дауыс
Мына жерді қарап көріңіз http://el.kz/m/articles/view/content-1254

http://itest.kz/lekciya_saken_sejfullin_bejimbet_majlin_iliyas_zhansugirov_shyharmalary
0 дауыс

Ілияс Жансүгіров тек ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик және талантты аудармашы да. Ілияс Жансүгіровтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны үлкен. Ол өзінің шығармаларымен әдебиетіміздегі көркемдік тәсілді қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Заман шындығын, оның өткен шырғалаңын нақты суреттей білген реалист қаламгер. Сөз зергерінің айшықты туындылары қазақтың көркем сөз мәдениетін дамытты, әдеби тілді байытты.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы мамыр айының 1-де бұрынғы Қапал уезінің Ақсу болысына қарасты (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) «Қызылтаң» ауылының маңындағы Кіндікқоңыр қыстағында туған, Әкесі Жансүгірдің шағын ғана дәулеті бар, ескіше хат танитын, араб-парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинап, батырлық дастандар, тарихи оқиғалар мен аңыз-ертегілерді, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін кезі қарақты, ол саусағынан өнері тамған адам болған. Ілиястың 4 жасында анасы Көкіш қайтыс болып, жастық шағы көбіне әке тәрбиесінде етеді. Балаға қатал Жансүгір Ілиясты мезгілінде хат танытып, қазақ ішіндегі белгілі ақындар мен жыраулардың кең тараған шығармаларымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен ерте табыстырады. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала Біржан мен Сараның, Әсет лен Рысжанның, Жанақ пен Түбектің, Шөже мен Кемпірбайдың айтыстарын жаттап алып, «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Рүстем-Зорап» қисса-дастандарын майын ағыза оқитын дәрежеге жетеді.
1912 жылы күзде талапты жас оқуға ілініп, Қарағаштағы «Мамания» мектебінде төрт жарым айдай оқиды. Бірақ бұл жолы да түрлі себептерге байланысты оқуды тастап кетуге мәжбүр болды.
Міне,  Ілиястың  жас   шағында  алған  білімі  осымен аяқталады.
Білімінің аздығын, оқыған кітаптарының мардымсыздығын қатты сезінген Ілияс қайтсе жүйелі түрде оқымақ ниетімен 1920 жылы Ташкент қаласына барып, сондағы мұғалімдер  даярлайтын қазақ-қырғыз  институтының  екі жылдық курсына түседі. Осы кезеңде «Ақ жол» газетінде корректор болып жұмыс істей жүріп, Ғани Мұратбаевтың ұйымдастыруымен «Жас   Алаш»   газетін   шығаруға   ат салысады. Өзінің «Жалпы жасқа» деген өлеңін осы газеттің бірінші бетіне бастырады. 1921 жылы денсаулығына байланысты еліне қайтып, Талдықорған уезіндегі Белтоған   ауылдық мектебінде  мұғалім  болып істейді.   1922  жылдың жазына дейін бала оқытып,  осы көздері Алматыда шығып тұрған  «Кедей еркі»,  «Тілші» газеттеріне өлеңдерін шығарады.
1922 жылы   қараша   айында   «Қосшы»   одағының шақыруымен   Алматыға келіп, «Тілші»газетіне   әдеби қызметкер болып орналасады. Газетте істеу, экспедицияға шығып, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жас Ілиясты ширатады, шыңдайды.
1923 жылдың ақпан айында Алматыдағы қазақ-қырғыз институтының   меңгерушісі   болып  тағайындалады.   Жас азаматтың,  қызметтен   өзге  уақыты  түгелдей   кітап  пен баспасөз беттерін оқуға, көңіліндегі көрікті ойын қағазға түсіруге жұмсалады. Осы уақыт - Ілияс творчествосындағы өрлеу, ерекше жемісті, өнімді кезең.  1924 жылға дейін Ілияс қаламынан 50 тарта өлең шыққан. Алғашқы өлеңдері 1917  жылы  "Сарыарқа»   газетінің   15-сі  мен  22  тамыз күндері шықса, басқа жырлары «Тілші»,  «Кедей еркі», «Жас  Алаш»,  «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» басылымдарында жарық көреді. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.
Алайда, білім кемшілігін қатты сезінген Ілияс қаламгерлік таланты мен есімі танылып қалса да, өз еркімен қызметтен босанып, 1925 жылы күзде Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына оқуға аттанады. Оны ойдағыдай бітіріп шыққан соң, әдебиет, журналистика саласындағы еңбекке қызу араласады. Алғашында «Еңбекші қазақ» газетінде істеп, кейін 1932 жылы 18 мамыр күні өткен ҚазАПП-тың соңғы жиналысында Қазақстан Кеңес жазушыларының ұйымдастыру комитеті 10 адамнан құрылып, оның төрағалығына Ілияс Жансүгіровті сайлайды. Қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен алға басуына Ілияс осы жылдары көп еңбек сіңіреді. Осы қызметте 1935 жылға дейін істейді.
1935-1937 жылдарда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
1937 жылы 5 тамыз күні жікшілдер мен шаш ал десе, бас алатын қаныпезерлердің кесірінен қамауға алынып, 1938 жылы 26 ақпан күні ату жазасына бұйырылады.
Тек 1957 жылы 12 көкекте жазықсыз жазаға ұшырап, республикада отызыншы жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болған аса көрнекті қазақ ақыны, жазушы, журналист Ілияс Жансүгіров толықтай ақталып, туған халқымен қауышады.

Толық ақпарат мына жерден көре аласыз..

...