0 дауыс
2.0k көрілді
Жетісуда су суреті

Ыстықкөл жер айнасы мөлтілдейді,

Балқашты қамыс қамап желкілдейді.

Аттанған алты өзені Жетісудің

Балқашқа бауырымдап еңкілдейді.

Балқаштан өзенді өрлей жүзген балық,

Тұмсығын қас қаққанша еркіндейді.

Бұлқынса анда-санда ала бура,

Жетісу желпең қағып селкілдейді.

Шу әне, тауды тарпып шыққан шулап,

Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап,

Асқардың ақтарылған ағы емес пе,

Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап?

Шуылдап жүйткіп жатқан Шудың үні:

«Қолың бер, құт, береке» дейді «тумақ!».

Ертеден ірге теуіп өскен Шуда,

Ұлысы Ұлы жүздің Үйсін – Дулат.

Шымырлап Іле қайнап құмды кезген,

Қас қақпан ұйық, дойыр, долы безген,

Алыстан арып көшкен керуендей,

Тоңмойын, томсарулы тұнжыр көзбен,

Елге де, егінге де қарайласпай,

Жылысып жылжып жатыр бір мінезбен.

Ел шайқап, ердің қанын ішкен Іле,

Естісең ертегіні ескі сөзден.

Арқырап асау Шелек орыпты тас,

Бурадай бұлқынады көк ала бас,

Ол баста Күншығысқа шыға шауып,

Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.

Айдынды айдағардай күміс көл бар,

Алысқан таумен, таспен алып болмас.

Қожыр тас қопарыла құмға айналып,

Жарпымен көшіп жатыр боп жым-жылас.

Қысылып қыспақтағы қыл көпірден,

Албандар өтеді азар деп «ақсарбас».

Көпірген Көксу көл бар басы бастау

Дегенге көшпелі әйнек суы ұйқастау,

Тау жуып, тасты қуған содыр суы,

Аңқылдайд арнасында меруерт астау.

Жалбасы, Шаған, Бұғы мүлгиді оған,

Шалдуар шалдай қалғып шала мастау.

Жар жарып, жерді жиған Көксу көл бар,

Бейне бір Жалайырға шабатын жау.

Арқырап айқай салған Көксу алып,

Жазыққа шыға кел

1 жауап

0 дауыс

Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала , қалың құм, қара қазан.

Теңеулер:   көшкен керуендей, бурадай, айдағардай, шалдуар шалдай

Метафора:          кеудең –асқар,  аяғың-көл, Ыстықкөл-жер айнасы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Сәрсенбек Асылмұрат 8.02.2017 Кітап, Әдебиет сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
...