–1 дауыс
616 көрілді
Біздің әскерлеріміз неге әлем боиынша ең төменгі орында тұр озбекстаннын армиясы Қазақстандкінен 2 есе қуатты сондақалай? Олардын қаруларыма адамдарыма мыкты?

4 жауап

–1 дауыс
Қазақстан барлық жағынан соңғы орнынан.АЛ әскер жағынан тіптен айта алмаспын енді
+2 дауыс
Әскер жағынан соңғы болды екен деп уайымдайтын жағдай емес. Армияның қуатты болуына әр түрлі факторлар ықпал етеді. Сырттан келген қауіпке өзі жалғыз төтеп беретін елдер немесе нақты қауіптенетін қарсыласы бар елдер амал жоқтан әскер жасағын молайтуға мәжбүр. Қазақстан әр түрлі ынтымақтастық ұйымдарына мүше, БҰҰ ұйымының қаулысы бойынша бір мемлекет басқа мемлекеттің шабуылына ұшыраса, арнайы әскер шығарып, жәрдем жібереді. Жалпы алғанда әр мемлекет өзі қалағанша армия ұстай бермейді. Ана Жапонияны қараңыз! Экономика десе ысқырығы жер жарады, әскер күшіне келгенде айдағаны бес ешкі... ӘЛЕМ БІЗ ОЙЛАҒАННАН ӘЛДЕҚАЙДА КҮРДЕЛІ!
0 дауыс
Қазақстан әскері нашар деп ойламаппын. Бірақ нашар болғанмен көрші Өзбекстаннан қарағанда Еуро одақ елдермен қарым қатынасымыз әлде қайда жақсы. Және қазір бІз Евразиялық одақтың құрамындамыз. Және Дүние жүзі шешімдері бойынша Қазақстан ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарында 2 орында
0 дауыс
Қазақстан армиясы әлемдік Global Firepower рейтингінде 80-орында тұр. Тізімде барлығы 106 ел көрсетілген. Рейтингті түзу барысында 50 шақты фактор есепке алынған, деп хабарлайды khabar.kz.

Оның ішінде әскер саны, құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі әскери әрекеттер үшін жұмылдырылатын әскери техниканың саны көрсетілген. Және де қарумен жабдықтауға жұмсалатын елдің экономикалық ресурсы да есепке алынған.

Global Firepower ақпараты бойынша, 17 миллион қазақтың 8 миллионы елін қорғауға қауқарлы. Қазақстанның әскери бюджеті 2,4 млрд долларға бағаланады. Тізімдегі өзге елдерге келсек, АҚШ көш басында тұр. Бұл елде әскери әрекеттерге қатыса алатын азаматтардың саны 145 млн адам. Екінші орындағы Ресейде бұл көрсеткіш 69 млн адамды құраса, үштікті Қытай түйіндейді. Қытайды қорғауға 749 млн азамат дайын екен. Алғашқы ондықтың тізімінде Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония елдері бар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 22.04.2022 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...