0 дауыс
3.2k көрілді
1 айлық әскерге бару үшін не істеуім керек? Менің жасым 24 те.  Әкем қайтыс болған. Анам жұмыссыз. Үйде менен кейін 3 інім бар Үлкенінің жасы 20 да. Ол ұрлық жасағаны үшін бір жылға үйқамаққа сотталған, қазір бостылды. Оны әлі шақырмады. Мен Астанада заводта окладта жұмыс жасаймын. Зарплатам 180 мың.  2/2 графикпен. Тағы бір жерде  күніге 7 мыңға жұмыс жасаймын. Бірақ кредитім бар айына 66000 тг. 4 жыл  төлеуім керек. Квартираға 30 мың төлеймін ай сайын. Бір жағынан жилищный кооперативке ақша жинап жатырмын үй алу үшін. Күнде жұмыстамын. Заводтағы жұмысыма повестка келіпті военкоматтан. Сол повесткіге военкоматтан печать басып алып кел деп жатыр бастығымыз. Ал мен военкоматқа жолағым келсейді. Себебі олар мені армияға алып кеткісі келеді. Осыдан екі жыл бұрын жалынып жүріп бармай қалған болатынмын. Осы жылы военкоматқа барсам точно алып кетеді. Енді сұрақ, Мен 1 айлық армияға бару үшін қандай құжаттар керек маған? Маған 1 айлық әскерге баруға болады ма?
Үй асыраушысы деген сылтау жарамап па еді 2 жыл бұрын?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»  ҚР қолданыстағы  заңына өзгертулер енгізілді. 2013 жылғы наурыздан бастап азаматтарға әскери билетті бір ай ішінде алу мүмкіндігі ұсынылды. Бұдан былай Қазақстанда әскери қызметтен ақылы өту енгізіледі. Аталмыш жаңалықтың мақсаты белгілі бір себептерге байланысты бұрын осыны жасай алмағандарға мүмкіндік ұсыну болып табылады. Азаматтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  15 филиалында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша    оқудан  белгілі бір төлем үшін ақылы негізде өте алады.  Ақылы әскери қызметтен қалай өту керектігі туралы аталмыш мақалада айтатын боламыз

Ақылы әскери қызметтен кім өте алады?

Ақылы негіздегі әскери қызметтен 24 ден 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өте алады.

Мерзімін кейінге қалдыру:

  • отбасы жағдайлары бойынша;
  • білімін жалғастыру жағдайында;
  • денсаулық жағдайы бойынша;
  • басқа да себептер бойынша ұсынылатынын атап өтеміз

«Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес азаматтарды дайындау ақылы, яғни ақылы негізде Әскери қызметке азаматтарды даярлау ережелері негізінде жүзеге асырылады. 

Толығырақ 

0 дауыс
Үй асыраушысы үйінде 1 немесе 2 топ мүгедек адамы бар болса ғана жарайды екен заң бойынша
...