–1 дауыс
613 көрілді
Қазақ деген елмізғо өз - өзмізден сұрасақ жақсы жағымыз неде көрінеді және кемшілігіміз неде ?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Алтай мен Атыраудың арасын мекендеген болмысы бөлек қазақ деген ел бар әлемде. Ақ жүректі, ақкөңіл жұртпыз деп жарты әлемге жар салсақ та, қазақты кемсітушілер аз емес. Сорақысы - біздің ел өзін өзгеден жоғары санауды жақтырмайды. «Сын түзелмей – мін түзелмес» дейміз де, өзіміз жайлы орынды-орынсыз пікір айтуға әуеспіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының кез келгеніне назар салсаңыз, тіпті ғаламторды ашсаңыз да қаптаған Алаш жайындағы «жылауық» дүниелер. Қазақ - жалқау, қазақ - сауатсыз, қазақ - мақтаншақ, қазақ – еліктегіш, тағысын-тағылар. Қарап отырып, «шынымен де осындаймыз ба?» деп қаласыз.
   Қазақ сауатсыз халық емес. Сауатсыз болса, шетелдік ғалымдар сан жылдар бойы жауабын таба алмаған есепті Асқар Жұмаділдаев секілді Алаштың академигі шешпес еді.
   Аспан әлемінің тылсым құпиясын түсініп, әр ғаламшарға көз жүгіртумен күннің райын дөп басып айтып, темірқазыққа қарап бағытын айқындайтын «көріпкел» халықты надан деуге аузыңыз қалай барады?
   Қазақ жалқау жұрт емес. Еріншек, ез халық болсақ, ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын әлемдегі үздік тоғыздыққа енетін жер көлеміне иелік етпес едік. (Бұл әрине, ақкөңілдігіміздің арқасында көршілерімізге «сыйлыққа» берген аумақтан өзімізге қалғаны).
   Қазақ мақтаншақ халық емес. Бұған дәлелді алысқа бармай-ақ, өңірімізден алып көрейік. Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген желаяқ жерлесіміз Марат Жыланбаевты күллі әлем біледі. Бірақ, жер шарының шөлейт жерлерін жаяу жүгіріп өткен «екібастұздық Шыңғысханның» кеуде керіп, мақтанғанын көрген емеспіз. Себебі, ол қазақ қой.
   Қазақ еліктегіш ел емес. «Алты Алашқа жаһандану деген індет келді. Ұлттық менталитеттен алшақтап барамыз. «Сапа түгілі санымыз аз» дейтіндер бар. Бірақ, қазақ отбасындағы адам санын санамаған. «Өмірге бір қозы келсе, бір топ жусан артық өсетінін» айтып, Тәңірдің әр пендеге өзі бұйыртқан несібесі болатындығын меңзеген. Үйдегі бала саны санаулы болса, ұлы Абай: «Атадан алтау, анадан төртеу...» деп, марғасқа  Махамбет: «Өтемістен он едік...» деп жырламас еді ғой
    Күнделікті өмірді айтпағанда мәдени орындарда, тіпті сахнаға жартылай жалаңаш шығып, кино мен бейнебаянға қалай болса солай түсетін батыс елдерінің «Біз азғындап бара жатырмыз» деген сөзін естідіңіз бе? Жоқ. Ендеше, біз неге өзгені зор, өзімізді қор етіп көрсетуге бейім тұрамыз. Қазақ ешкімнен кем емес! Тек «Жамандықты айтпай, жақсылық жоқ» деген қағиданы ұстанған біз үнемі өзімізді төменшіктете береміз. Қазақтың басты кемшілігі – осы!
Қазақты ешкім надан деген жоқ.
Рахмет  жауабыңызға !!!
+2 дауыс
Ай.Жақсы жағымыз көп қой)Бірақ кемшіліктеріміз де баршылық.Ешкім де мінсіз емес.Бірақ мен үшін қазақ деген ҰЛЫ ел.Бұған ешкім де жетпейді.Қазақта бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген бар ғой.Кімнің ұлты қандай ол соны мақтай береді.Бірақ мен қазақ екеніме мақтанамын.
Қазақ өзі қонақжай,кішіпейіл,сыйлы,қарапайым халық.Бір жерде ешқашан тоқтап қалмайды.
Жалпы мен үшін қазақ деген керемет халық)/Қазақтың қонақжай халық екенін бәріміз білеміз.Шынымды айтсам қазақтан асқан қонақжайлықты көрмеппін.Тіпті  Біз Ресей құрамына кіргенде Қытайдын келген ұйғырлар мен дүңгендерлі де құшақ жая қарсы алдық.Орын бердік.Патша үкіметінің арам ойы болса да(Яғни оларлы кіргізіп алып Қазақстанда тұрғызған,ал егер Қытаймен арамыз нашарлап,соғыс болса қарсы қоямыз)Қазақтар мән бермей бірге тату өмір сүрген.Қазір Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады.
Мен-қазақ,қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Рахмет  жауабыңызға !!!
0 дауыс
Жақсы жағымыз қонақжайлық, бауырмалдық, салтымыз, айта берсе коп кой. Бирак кемшилигимиз де коп, сөз жинау, еліктеушілік, тілімізді сыйламаушылық, момындық. Жакында досым Челябіге барып келди, шошып келди гой, қазақтарды, жалпы азиаттарды ол жақ кобиси жақтыртпайды екен, коринген жерде тиісіп, қазақша сойлеме, биз тусинбимиз, сендер қойсындар, дукендерде, баска жерлерде, оздеринин адамдарына бірінші қызмет корсетип, сойтип сорлаткан.
рахмет жауабыңызға, бырақ олардың оқымысты, сауаты бар адамынан сораңызшы ол әрійне қазақтар жайлы жақсы сөздер айтады, себебі біздердің қандай ел екенімізді біледі.
Оқымаған, білмеген адам басқа адамды жаман дейді !  Жақсы жағымызда қазақтар басқа ұлт өкілдеріне ондай қатнаста болмайды !!!  Данышпан адам  " Жақсы адам Өмірдің жақсы жағын көреді, жаман адам жаман жағын көреді " дегеніндей  тек ғана жақсы жағымызды айтайық ағайын !!!
+1 дауыс
Қазақ болсын, басқа ұлт болсын, ешқандай жаман ұлт болмайды, әр ұлттың жақсысы да жаманы да бар ғой ішінде) Біз негізі қазақпыз деп ауыз толтыра айта алатындай тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз, дініміз бар. Тек Кенес одағының кезінде біраз құндылықтарымызды жоғалтып алғанбыз. Біраз текті ғалым, ағартушы, жазушыларымызды айдауға жіберіп, жазықсыз жойып жібеген жоқ па кезінде, содан да шығар тектілігіміз де төмендеп қалғаны. Патша үкіметі де біздің тектілігімізді, ержүректігімізді біліп құртуға тырысқан. Жәй бір халық болсан қорқпас еді ғой. Соңғы ханымыз, Кенесары ханның басы мен денесі қосылса қазақтардан күшті ұлт болмайды деген сөз бар, содан да шығар көрші Ресей ханымыздың басын бермей жатыр әлі де. Мысал келтіре берсек көп ғой.. Ұлы Отан соғысының кезінде де қазақтарды бізді лайықты бағаламады, Хандығымыздың құрылуының 550 жылдығына орай бір әдемі, ауқымды документальный фильм шығарса ғой, нақтылап тұрып, шындықты айтып.
–1 дауыс
Коре алмаушылык коп бизде
...