0 дауыс
571 көрілді
Менің жанымның денсаулығы нашар екенін сіздерге алдында жазған едім. Соңғы екі айда басым қатып кетті, оны күнде ойлаймын. Оған деген жүрегімнің түбінде жатқан, жан баласы біле бермейтін бір құпиям бар. Ол аңқау, жүрегі таза, бейкүнә қыз, мінезі ашық, кейде өзіне тән қырсықтығы тағы бар. Мен оған қазір аитсам соққы жасағандай боламба деп ойлаймын, бірақ оның ата анасы және туыстары мен жайлы шындықты білгенін қалаймын. Сосын олар мен жайлы білгесін менен теріс айналып кетпейма деген қорқыныш маған маза бермейді.

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ата-анасына сіз оның жігіті екеніңізді айтпақсыз ба? Әлде басқа жағдай ма? Қандай жағдай болмасын шындықты айту керек, тәтті өтіріктен, ащы шындық жақсы. Бірақ, сіздің жағдайға келсек қызыңыз әлсіз екен. Ата-анасы түсіністікпен қарауы тиіс қызын ойласа. Мен сізге шындықты айтын деп немесе ақыл айтып отырғаным жоқ біреудің пікірі деп түсінгейсіз. Қазір сізге айт, айтпа дейді шындықты. Сіз өзіңіз ойланып бір шешімге келіңіз. Теріс айналып кетпей ма дисіз олайда болуы мүмкін, бірақ ол уақытша бәрі өз қалпына келеді деген ойдамын.
+1 дауыс
қандай шындық айта алмай жүргенің? маған жеке хат ретінде жазаң болады. Мен біршама адамның психикасын жақсы түсінем, психологиялық кітаптарға әуеспін, білгенімді айтып көрейін
Димеке, оның психологияға ешқандай қатысы жоқ, ол менің өмірімдегі қашып құтыла алмайтын шындық. тек бір өкінерім басында бүкіл шындықты сразу аитпағаным.
+2 дауыс
Өтіріктің балын ішіп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген  артық!

Тағдырыма несіне өкпелеймін,
Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.
О, Өмір! Мен татпаған у бар ма,
Әкел, әкел оны да жеп көрейін!!
0 дауыс
Ия жағдайың шынымен қиын екен, мұндай кездерде барлығы түс болса екен деп армандайсын, бірақ бұл шындық. Егер қазір айтпай кейін айтсаң онда ол қатты ренжуі мүмкін, бірақ түсінетін шығар өйткені сен оны қиын сәтте тастап кетпегендігіңе, басқашада түсінуі мүмкін, мені аяғандықтан жүрген екенсің деп айтуы мүмкін, бірақ қазір айтсан оған ауыр соққы болады, оған қоса қатты ауырып жүр, кейін айтқанын жақсы болатын шығар (айта алмай жүрген затың не болсада), ренжіп сен мені жақсы көрмейсін десе бір жақсылап тұрып дәлелдеп бересің, ол сеннен теріс айналып кетпейді, жақсы көретін адамыңды жек көру ең қиын нәрсе, мүмкін еместе шығар. Менің саған айтарым сабыр ет, Алла өзі жақсы көретін құлдарына қиындықтарды көп жібереді, мүмкін сен солардың бірі шығарсың Инш Алла барлығы жақсы болып кетеді, бір қиындықтан кейін бір жеңілдік соны ұмытпа, Алла сүйген қызыңның шипасын берсін.
амин, аитканын келсин. Менің да қорқатыным сол аяғандықтан жүрдің деп айтама деп ойлаимын. Бәрі бір алланын қолында. Басқа түссе баспақшыл деген, кқнем ғой  қандай жағдай болсада. сабыр етем бәріне. көп рахмет осындай жылы сөздермен көмек қолын созғаныңа.
...