0 дауыс
1.4k көрілді
Бұл дұрыспа өзі? Оны танымай, білмей, бәрін жайып салу.

10 жауап

0 дауыс
Жоқ дұрыс емес,ертең ұялып жүресің,өкініп қаласың айтқанына.Даже ол адам сырыңды ешкімге айтпаса да,бәрібір қорқып жүресің айтып қоймаса деп ешкімге
0 дауыс
Негiзi түсiнiгi мол жандарға сырынды бөлiс...
0 дауыс
Айта бер, бәрі бір ғой. Мен айта беремін, ішімде ештене сақтамаймын. Бәрін өзіне сақтай берсен ауру боласын)
0 дауыс
"Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме!" дейтін қазақпыз ғой. Сырыңды негізінен досыңмен бөліскен дұрыс, досың болмаған жағдайда,мысалы: алыс жолда келе жатсаң, психикалық ауыртпашылыққа шыдай алмай бара жатсаң, қасыңдағы адамды,"дұрыс адам екен" деп ойласаң, ақыл сұрау ретінде аздап бөліскен дұрыс шығар. Дегенмен, сырыңды айтам деп бар шыныңды айтпағаның дұрыс, арты не боларын кім білген, ол адамның кім екенін білмейсің ғой. Ертең өз сөзің өзіңе қамшы болып тиіп жүрмесін!
0 дауыс
Әрине дұрыс емес.Адамды білмей жатып оған қалай сырыңды айтасың, мүмкін ол бәріне жайып салатын шығар.Сырыңды өзіңе жақын, досыңа, немесе анаңа, айтқан дұрыс
Жаймаймын, маған айта отыр)
0 дауыс
Бір рет қана көретін адамдарға айтуға болады, біраз жеңілдеп қаласың, ол да ақыл қосуы мүмкін.
0 дауыс
Ешбір танымайтын адамға сырыңды айту, оның сен жайлы ақпараттарды қандай мақсатта пайдаланатындығын білмегендіктен, дұрыс емес.

Ал меніңше ең дұрысы - психолог. Сен оны, ол сені танымайды. Бірақ екеуіңнің де бір-бірлеріңе пайдаларың тиеді. Танымайтын адаммен сыр бөліскен дұрыс, егер ол психолог болса.
0 дауыс
Ішіңе сыймай жатқан нәрсе болса, ол сені танымаса жайып салған дұрыс. Ал танысқа айту бәріне айтумен тең. Ал ол сені танымайды, кімге айтады оны. Мен өз басым танымайтын адамға айтқан дұрыс деп ойлаймын.
0 дауыс
Ешкімге тəуелді болғыңыз келмесе сырыңызға абай болыңыз. Егер сырыңызды біреуге айтып қойсаңыз одан кейін қорқып жүресіз. Мəселеңізге мəселе қосылсын демесеңіз сырыңызды сақтай біліңіз. Тіпті шынайы дос деп жүрген адамдарыңызға да солай. Ертең ұрыс болса əлсіз адамдар дереу сырыңызды жаюға асығады. Басымнан өткен. Жəне өз ішіңізге сыймаған, біреудің ішіне сыяды деп ойламаңыз. Сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң да шыныңды айтпа деп бекер айтпаса керек. Сіздің айтқан сырыңыз ертең біреудің сізге қарай қолданатын қаруы болуы ғажап емес. Күнделік арнаған жақсы. Бəрін жазып, сенімді жерге тығып қойыңыз.
0 дауыс
Танымайтын адамның басын қатырып жіберуің мүмкін.
...