0 дауыс
922 көрілді
Мен 1 апта бұрын жеке куәлігімді жоғалтып алған болатынмын,енді соны біреу тауып алыпты,менен ақша талап етуге құқы барма,не істесем болады

5 жауап

0 дауыс
Сізден сүйінші деп сұрауы мүмкін.Бірақ қомақты ақша сұраса құқық қорғау органына хабарласыңыз.
0 дауыс
Егер көп ақша сұрап жатырса, бермей-ақ қой, жаңасын жасатып алам деңіз (тек оған уақытыңыз кетеді)
0 дауыс
Қазақ емеспіз бе қуанышта сүйінші беретін?! Кем дегенде 5000 теңгесін беріп құжатыңызды қайтарып алғаныңыз жөн.
0 дауыс
Ақша беріп қажеті жоқ. ХҚКО барып,жаңа жеке куәлік жасатып алыңыз. Жұғыл керек болса кем дегенде 10 күнде жасалады. Ақшасы біраз көбірек болады. Ал сіздің жоғалған паспортыңызбен кредит,анау-мынау жасайды деп уайымдамаңыз. Ештеңеге де жарамайды. Қайта сіз қазіргі жаңадан шыққан жеке куәлік ала аласыз.
0 дауыс
мен осыдан бир бурын куалигимди жогалтып алдым. Онын бирде бир коширмеси жок ХККО барсам болмайды дейди енди не истесем болады?
...