+1 дауыс
884 көрілді
Бұрын соңды қала атаулыда өмір сүріп көрмеппін...ендігі кезекте үлкен қалада тіршілік ету кезеңі келіп тұр...бөтен қалаға қалай үйренуге болады,бір жағынан ойда сан түрлі ойлар қорқыныштар да жоқ емес....психологиялық кеңестеріңіз ауадай қажет достар....ол жаққа барғанда тұрып кету оңай болар ма екен

3 жауап

+1 дауыс
Иә, үйреніп кетуге болады! Бастысы "бөтен" деп ойламаңыз. Жаңа өмірдің кез келген қиындығын бейімделуге көмектесетін сынақ деп қабылдаңыз. Бәрі жақсы болады. Бұрынғылар "Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді" дейді екен, ал ғылымда адам кез-келген ортаға, әдетке 21 күн ішінде үйреніп кететіні айтылған. Бастысы қорықпаңыз! Жаңа қадамыңызға сәттілік тілеймін!
+1 дауыс
Басында біраз қиынға соғатыны анық. Бірақ уақыт өте ол қалағада етіңіз үйреніп, сол қаланың бір бөлшегіне айналып шығатыныңыз жасырын емес. Бөтен қалаға бойыңызды үйрету үшін сол қаланың әдемі жерлерін, тарихи ескерткіштерін әдемі ғимараттарын аралап бойыңызды үйреткеніңіз жөн. Кейіннен қалай бойыңыз үйреніп кеткенін аңғармай қаласыз.
0 дауыс
Уайымдамаңыз сіз бөтен ел емес,өз елім,өз жерімдемін деңізБастысы сенім ғой күнделікті жұмыс қарбалас тіршілікпен қалай тез үйренгеніңізді білмей қаласыз.Ол қалада таныстар болса тіптен жақсы.Сізге сәттілік!
...