0 дауыс
10.3k көрілді
Қазақтарда тиым сөз көп. Соның ішінен ежелден келе жатқан 10 тиым сөз айтыңыздаршы. Бірақ ежелгі болғанымен, көп қолданысқа түсе бермейтін тиым сөздер болса жақсы болар еді. Әрі мағынасында түсіндіре кетсеңіздер

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
Итке ожаумен ас құйма.
Жұлдызды, адамды санама.
Сыпырғышты тік қойма.
Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
Құранды, тамақты баспа.
Тұзды, күлді баспа.
Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
Мойныңа белбеу жіп салма.
Айды қолыңмен көрсетпе.
Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.
мағынасын айтыңызшы
Білмеймін.Бағана көргенде мағынасы деген ештеңе көрмеген едім... (Негізі мағынасы атында тұрғой!!)
>Кісі мініне күлме,кемтраға күлме,себебі ол жағдай өз басыңа келуі мүмкін.Ол өзінің осындай болғанына кінәлі емес...
>Сыпырғышты тік қойма.Бұрын маған айтатын,сыпырғышты тік қойма үйге шайтан кіреді деп.Ол үйге келгенде сыпырғыш есікті ашшы дегенде,ол жатса:жоқ,аша алмаймын,себебі мен жатырмын,-дейді...
>Бейуақытта ұйықтама,себебі Аллаһ саған ұйықтауға түн берді,ал күндіз сен сауап іс,сүннет жасап Аллаһқа құлшылық ет,пайдалы істермен айналыс...
>Отпен ойнама.Аллаһ тағала Шайтанды оттан жаратқан.Ал шайтан Аллаһ тағалаға қарсы шығып,адамдарды азғырамын деп айтқан.Ол жаман...Адамға сәжде ет дегенде мен одан артықпын деп ойлаған.Ол топырақтан,ал мен оттан жаралдым деп айтқан...Аллаһ тағала адамды неден жаратсам деп ойланғанда бәрі менен жарат менен деп таласқан.Сонда топырақ:Мен жаратпай ақ қой.Мен жай топырақпын.Адамдар барлық күл қоқысты маған тастайды,маған төгеді.Ешқандай пайдам жоқ,-дейді.Сонда Аллаһ тағала топырақтай ашық-жарқын болсын деп адамды топырақтан жаратады.Өлгенде де адам топыраққа көміледі...
>Тұзды баспа.Көбіне тұзды басқанда ұрыс шығады деп жатады,сондықтан баспауф керек шығар.
Негізі бәрі атында тұр.Өз түсінгендерімді айттым...))
...