0 дауыс
761 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Маған ғылыми жобаны неден бастауыма сонымен қатар қандай бағыт ұстануым керек екендігіне ақыл кеңестер айтсаңыздар  (ең алғашқы жоба жасауым ).Тақырыбы "Гормондар"алайда мен оның негізгі, кіріспе бөлімдеріне не жазарымды білмеймін :((( Сонымен қатар ол химия және медицинаға қатысты болуы керек, əсіресе зерттеу жұмысы химиялық тұрғыдан болуы керек  (ол үшін не істей аламын? ).

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Гормондардың барлығы зерттеліп қойғанғой.   Гормондардың  өзінің химиялық табиғатына байланысты бөліну жолдарын ғылыми жобаңыз ретінде алыңыз. Олар химиялық табиғатына байланысты стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекұсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматроптыгормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді және осылардың ағзада жетіспеген жағдайда қандай ауруға ұшырайтыны жөнінен және олардың болдырмау жолдары жөнінен жазып көріңіз.
...