+1 дауыс
5.2k көрілді
Бүгінде көптеген әртістер диета ұстайды, Ата-Анамызда ұстап жатады,осы диетаның денсаулыққа аздырудан басқа пайдасы барма н/е зианы барма?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Диетаны дұрыс ұстасаң ол денсаулыққа өте пайдалы.Ағзаны тазартып қана қоймай бауыр асқазан көптеген ағзаға күш түспей жұмысын жақсы жасайды.
Диета түрлері
Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета.
Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары ақуызды, төмен көмірсулы диета.
Вегетариандьіқ диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:
вегетариандық — балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;
веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын дажемейді;
шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын бол- ғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді;
жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер. 
Зона диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% ақуыздан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады[2].
Емдік диета[өңдеу]
Емдік диета— тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы. Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған емдік диета түрлері бар:

құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты:
ақуызды;
майлы немесе көмірсулы;
тұзсыз т.б.;
химиялық құрамына қарай:
жеңілдетілген;
ықшамдалған;
элиминациялық;
гипоаллергенді т.б., кейде авторының атымен: Карел, Лейбе емдік диетасы, т.б. деп аталады.
Емдік диетаның мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдік диета беріледі, кейде арнайы емдік диета орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдік диетаның әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды
Белгісіз
0 дауыс
диетаны дұрыс ұстасаң жақсы дұрыс ұстамасаң азудың орнына бұрығыданда семіріп кетесің
+1 дауыс
Қосыламын, өзіңнің жасына, бой-салмағына, физиологиялық дене бітіміне, жынысына байланысты диетаны дұрыс ұстансан пайдасы өте көп, сергек сезініп жүресін өзінде денсаулығын жақсарып, қосымша энергия пайда болғандай активный боласын. Себебі адамды тез шаршатып, әлжуаздыққа әкелетін денедегі артық майлар.
0 дауыс
Диета емес орнына пайдалы тагамдарды жеп белгілі бір рационмен тамақтанған дұрыс. Себебі диетаны өмір бойы ұстай алмайсын ғой. Ең бастысы көп мөлшерде емес ұннан жасалатын тағамдардан бастартқан жөн.Егер кейін диетаны тастап кетер болсаңыз зияны екі есе болады.
0 дауыс

Егер де диета ұстағыңыз келсе арнайы маманның көмегімен таңдалынған диета ұстаған жөн. Әрине егерде  ғаламтордан алып немесе екінші адамнан алынған диета сіздерге жағуы екі талай. Өз тәжірибемнен жазып отырмын, 14-15 жасыңда не істемейсің неше түрлі диеталарды қарап, соларды ұстап өз денсаулығымды құртқанмын

0 дауыс
Allanin bergen denesinen arilam deuge bolmaidi onista Alla Tagala aithandarinin barligi sagan paidali al kazir dieta ustap auru  bolip jathandar kop teledidardan korsetip jatad korsem dietanin zian jagin gana korip jatirmin
0 дауыс
Бет терің жақсы болады

Ұқсас сұрақтар

...