+1 дауыс

Президент сайлауына бармасам, қатыспасам не болады?

сайлау, президент сайлау, сайлау 2015

31.03.2015 1.9k қаралым

6 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Сайлауға бармасаң ешкім де саған ештеме жасамайды, бірақ сайлауға қатысып, өзің сайлаған билікпен бірге өз еліңнің болашағы үшін жауап­кершілікті бірге көтеру маңыздырақ. Сайлауға бармау, дауыс бермеу бұл енжар азаматтың ұстанымы.

Дауыс беру – бұл жай ғана азаматтық борыш емес. Бұл өз пікіріңді білдірудің басты тәсілі.
31.03.2015
ха-ха бізде сайлау қалай өтетіні туралы ештеңе білмейді екенсіз
Қалай өтеді?
Ха ха деп сөйлеуші кісі сіз ылғи жұртты мазақ етіп отырады екенсіз.Мұныңызды арсыздық деп санамайсыз ба
Psiholog Кешірерсіз ешкімді мазақ қылатын ойым болған жоқ (жәй ғана күлдім ғой), және тіптен сіздің намысыңызға тиеді деп ойламадым, тағы да кешірерсіз
Ен амор, жақсы өтеді.
+2 дауыс
Сайлауға бармасаң 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығыңна айырыласың (мүлкің тәркіленеді) және Жер планетасында тұру құқығынан айырылып, Марс планетасына жіберілесің)))) (әзіл ғой)

Сайлауға бармасаң не болады? Ештеңе де, (негізі сайлауға барып та қажеті жоқ). Ол әлдеқашан шешіліп қойылған мәселе ғой, кімнің болатыны (сенің дауысың ешқандай да рөл ойнамайды). Мен өзім сайлауға ешқашан барып көрген емеспін, бармаймын да
31.03.2015
Дұрыс айтасыз. Ол бəрімізге аян.
0 дауыс
Сенің атыңнан дауыс беріп жіберетін сияқты)
31.03.2015
0 дауыс
Сайлауға бармасаң саған ешкім ештеңе істей алмайды.Негізі бұл сайлауда Назарбаев жеңеді бармаяқ қоя сал
31.03.2015
0 дауыс
Сайлауға бару, бармау өзіңіздің азаматтық құқыңыз. Сен сайлауға бармадың деп қудалауға ешкімнің құқы жоқ.
03.04.2015
0 дауыс
Бұрын 2000 жылдың басында сайлау әділетсіз өтетін, қазір олай емес. Сол кездері дұрыс емес өткенін біреу көріп қалып, қосып көбейтіп халықтты бармауға үгіттеп жүр да. Пессимистер өздері білсін, сайлауға барып дауыс беру - қиын түгі жоқ, отан алдындағы міндетім деп ойлау керек ғой. Кім болатыны маған да белгілі, бірақ ол бармай қалуға себеп емес. До того сорлап қалған жалқау болу керек шығар баруа мүмкіндігі бола тұра бармайтындар.
06.04.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы