0 дауыс
682 көрілді
Бәрібір кім жеңетіні белгілі ғой? Сіздің ойыңыз?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
– Бұған үш түрлі уәж келтіруге болатын сияқты. Меніңше, бұл ұсыныстың тиімді тұсы бар. Біріншіден, 2007-2008 жылдардағы қаржы дағдарысынан алған тәжірибеге қарағанда, қазіргі экономикалық проблемалар біртіндеп ұлғая түсетін сыңайлы. Дағдарыс келесі жылы да үдейтін сияқты. Сондықтан экономикалық қиындықтарды еңсеру үшін, елдегі тұрақтылықты және дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін кезектен тыс президент сайлауын өткізу керек деген уәж келтіруге болады.

Екіншісі – саяси уәж. Қазақстан айналасындағы геосаяси кеңістікте тұрақсыздық факторы байқалып отыр. Украинадағы жағдайды, Ресей мен Батыстың санкциялық тіресін айтамын. Оның үстіне ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін кепілдік қажет. Бастама көтергендер, мысалы, президенттің мұрагері туралы тақырып «жауыр болды» деген уәж келтірген. Сондықтан қазіргі қиын жағдайда саяси тұрақтылық қажет.

Үшінші дәйегім – қарапайым. 2016 жылы президент және парламент сайлауы өтуі тиіс болған. Бірақ заң бойынша бұлай болмауы тиіс. Онда «Неліктен парламент сайлауын өткізбеске?» деген сұрақ туады. Президент сайлауы көптеген мәселелерді шешеді, саяси жүйе мен мемлекеттік биліктің тұрақтылығы нығаяды. Сондықтан бұл уәждермен келісуге болады.

http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_presidential_election_2015/26852303.html
0 дауыс
Негізі Парламент сайлауымен сай келуінен. Сонымен қатар елдің дамуына да ықпал етеді.Президент сайлауы биыл болуы өте дұрыс. Негізі біз көп түсіне бермейміз, саяси көрқараспен қарағанда. Болжаммен 2020жылы кеткелі жүрген шығар бәлкім. Кім біледі? Ойға,сөзге сүйрік қой қазақтар.
0 дауыс
Қашан болса да Назарбаевтың жеңетіні даусыз. Назарбаев өзі жеңетінін білгендіктен ғана бұл ұсынысты жүзеге асырып жатыр. Қалай болса да осы жолы Назарбаев жеңеді. Және осы жолы сайлауға түсетін адамдардың бәрі де - Назарбаевтың командасындағылар.
0 дауыс
Саясаткерлердің бір ойы бар шығар
0 дауыс
Жаңа саяси жол ұстанайын деген шығар
–2 дауыс
Менің ойымша ол кісі тақтан кетуге мәжбүр болып, орнына өз қалаған адамын отырғызып кету керек болған болар...
...