0 дауыс
7.6k көрілді
Жас отбасы бағдарламасымен үйге кезекке тұруға болады ма және қандай құжаттар керек тагы сурарым жастардын жасы нешеге дейн болу керек 29 ба алде 35 пе

2 жауап

0 дауыс
Мына сайтта толық жазылған. http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk

және

Ерлі-зайыптылардың жасы. Өтініш беру кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы тиіс. Егер отбасы толық болмаса, жасы бойынша шектеу тек баланы (балаларды) тәрбиелеп жатқан ата-ананың біріне ғана қатысты, ол да 29 жасты құрайды.
Ерлі-зайыптылық кезеңі. Өтініш беру сәтінде тіркелген неке кезеңі 2 жылдан кем емес мерзімді құрауы тиіс. Аталмыш шектеу толық емес отбасына қатысты емес.
Отбасының құрамы. Отбасының құрамына ерлі-зайыптылардың өздері, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жұмысқа жарамсыз ата-аналары. Отбасы мүшелерінің саны болашақ пәтердің квадратурасын анықтағанда ескерілетін болады, әр отбасына 15 тен кем емес 18 ш.м. бөлінеді. Егер отбасында 3 адам тұрса, онда пәтердің ауданы 45ш.м. кем болмауы тиіс.
Тұрғын үйдің болмауы. «Жас отбасы» бағыты бойынша  қатысу үшін ерлі-зайыптыларда және отбасы мүшелерінде пәтерді алу болжанып отырған елді мекенде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс.
Табысы. Отбасының жыл сайынғы жиынтық таза табысы зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және  ерлі-зайыптылардың және баланың (балалардың) соңғы 6 айдағы ай сайынғы шығындарын қоспағанда өтінішті берер алдында мынадай шекте болуы тиіс:

ең төменгі –Алматы, Астана қалалары үшін – ЕТЖ (74 640 теңге), қалған қалалар үшін ең төменгі күнкөрістің 4-есе мөлшері – 3 ЕТЖ (55 980 теңге);
ең жоғарғы –12 ЕТЖ кем емес (223 920 теңге).

Ерлі-зайыптылардың күнделікті шығындары бір адамға – 15 айлық есептік көрсеткіштер (АЕК) = 25 965 теңге, бір кәмелетке толмаған балаға – 7,5 АЕК = 12 982 теңгені құрайды.

 

http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/_family/guardianship/article/molodaya_semya&lang=kk
Жауабынызга рахмет
0 дауыс
Салеметсыздерме быз куйеуымыз екеумыз отбасы болганымызга 1 жылдан асты 1
...