Жанұя | 363 қаралды
Мен 24 жастамын 2улым бар улкен улым 3жаста киши улым 3ай Акмола облысы Целиноград ауданы Караоткел ауылында турамыз патер жалдап ешкандай мулким жок. Жас отбасы жобасына кезекке тура аламба?

1 жауап

Әрине, тұра аласыз!

«Жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй» бағытына кімдер қатыса алады?

- некеде тұрған кезеңі 2 жылдан кем емес жас отбасы;

- баланы (балаларды) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір қалған ата-анасының біреуі ғана асырап отырған толық емес жас отбасы.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

- өтініш беру сәтіне дейін ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасының 29-дан аспауы; 
- өтініш беру сәтіне дейін некеде тұрған кезеңінің 2 жылдан кем болмауы; 
- өтініш берілген елді мекенде тіркеуде тұруы; 
- ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балалар) соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында баспанасының болмауы; 
- соңғы 6 ай ішіндегі жиынтық таза кіріс - күнкөріске қажетті ең төменгі қаражаттың 3 еселенген мөлшерінен, ең жоғарысы 12 еседен артық болмауы.

Қатысушыларды іріктеу тәртібі:

- жас отбасыларды іріктеуді және есепке алуды тұрғылықты жері бо-йынша жергілікті атқару органы (атап айтқанда, ТКШ) жүзеге асырады; 
- іріктеуден өткен қатысушылар төлем қабілетін бағалаудан өту үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жіберіледі; 
- төлем қабілетін растаған қатысушыларды жергілікті атқару органдары (ТКШ) балл жүйесі бойынша бағалайды және кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үй алушылар тізіміне кіргізеді.

Аталған бағыт бойынша өтініштер қабылдауды және үміткерлерді іріктеуді, жоғарыда айтылғандай, ТКШ жүзеге асырады. Үміткерлерді іріктеу балл жүйесі бойынша жүргізіледі (ең көп балл санына қарай):

- бірінші бала үшін - 20 балл, әрбір екінші және одан кейінгі бала үшін - 30 балл; 
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сай, мүгедек немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын әрбір отбасы мүшесі үшін - 10 балл; 
- мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйге алдыңғы іріктеу кезінде тізімге кіргізілмеген үміткерлерге - қосымша 5 балл; 
- жасы 29-ға толмаған, ата-анасынан кәмелетке жетпей айырылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін - 10 балл. 

Осылайша, жалдамалы тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен анықталады. Балл саны тең болған кезде, шешімді көпшілік дауыспен тұрғын үй комиссиясы анықтайды.

Жалдау талаптары:

Тұрғын үй құрылысы аяқталған соң ТКШ бағдарлама қатысушысымен 8 жылға дейін мерзімге жалдау шартын жасайды. Бұл уақыт ішінде бағдарлама қатысушысы пәтерде тұрып жатып, жалдау төлемінсіз, өзінің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы жинақ шотында ай сайынғы/біржолғы жарна салу жолымен тұрғын үй құнының 50 пайызын жинақтауы тиіс.

Кейіннен сатып алумен тұрғын үйді жалға алудың ерекшеліктері:

- ақша жинақтау мерзімі - 8 жылға дейін; 
- кепілдік жарна - жинақтау бойынша стандарттық жарнаның 6 еселенген мөлшері; 
- коммуналдық қызметтерді төлеу; 
- 3 ай ішінде жарналарды жинақтау бойынша төлемдер болмаған жағдайда, жалға алушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару банктің нақты тұрғаны үшін өтемақы есебінде қатысушының жинақталған қаражаттарын және стандартты кепілдік жарнасын әкімдікке аударуымен жүзеге асырылады.

Меншікке сатып алу талабы және тәртібі:

Қатысушы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» жинақ шотында тұрғын үй құнының жартысын жинаған соң (8 жыл ішінде), қалған жартысына өзі жалға тұрған баспа-наны меншікке сатып алуға банкте жылдық 4 пайызбен несие ресімдейді.

121,606 сұрақ
310,684 жауап
153,261 пікір
69,673 қолданушы