Жанұя | 2.0k қаралды
Мен Акмола обл. Целиноград ауд. Караоткел аулылында туылгам сонда пропискадамын, сурагым мынадай мен жас отбасы багдарламасына кезекке тура аламба?

3 жауап

«Жас отбасы» бағытында қатысу үшін кейбір талаптарға сәйкес келу қажет.

Ерлі-зайыптылардың жасы. Өтініш беру кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 (қазір 35 жасқа көтерді ғой деймін) жастан аспауы тиіс. Егер отбасы толық болмаса, жасы бойынша шектеу тек баланы (балаларды) тәрбиелеп жатқан ата-ананың біріне ғана қатысты, ол да 29 жасты құрайды.
Ерлі-зайыптылық кезеңі. Өтініш беру сәтінде тіркелген неке кезеңі 2 жылдан кем емес мерзімді құрауы тиіс. Аталмыш шектеу толық емес отбасына қатысты емес.
Отбасының құрамы. Отбасының құрамына ерлі-зайыптылардың өздері, сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жұмысқа жарамсыз ата-аналары. Отбасы мүшелерінің саны болашақ пәтердің квадратурасын анықтағанда ескерілетін болады, әр отбасына 15 тен кем емес 18 ш.м. бөлінеді. Егер отбасында 3 адам тұрса, онда пәтердің ауданы 45ш.м. кем болмауы тиіс.
Тұрғын үйдің болмауы. «Жас отбасы» бағыты бойынша  қатысу үшін ерлі-зайыптыларда және отбасы мүшелерінде пәтерді алу болжанып отырған елді мекенде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс.
Табысы. Отбасының жыл сайынғы жиынтық таза табысы зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және  ерлі-зайыптылардың және баланың (балалардың) соңғы 6 айдағы ай сайынғы шығындарын қоспағанда өтінішті берер алдында мынадай шекте болуы тиіс:

ең төменгі –Алматы, Астана қалалары үшін – ЕТЖ (74 640 теңге), қалған қалалар үшін ең төменгі күнкөрістің 4-есе мөлшері – 3 ЕТЖ (55 980 теңге);
ең жоғарғы –12 ЕТЖ кем емес (223 920 теңге).

Ерлі-зайыптылардың күнделікті шығындары бір адамға – 15 айлық есептік көрсеткіштер (АЕК) = 25 965 теңге, бір кәмелетке толмаған балаға – 7,5 АЕК = 12 982 теңгені құрайды.
Жақсы Жауап
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің номеріне 300 (ұялы телефомен) хабарласып көріңіз.
Сәлеметсізбе!Мен Ақтөбе қаласында тұрамын жолдасыммен неке құрғанымызға 6-жыл болды,жасым 26 да,жолдасым 27 де екі баламыз бар үшінші баламызды күтудеміз бұйырса.Әйелім бала күтіміне байланысты жұмыста жоқ тек мен жұмыс жасаймын сол себепті жас отбасы бағдарламасы бойынша кезекке тұрып баспана алғымыз келеді
121,606 сұрақ
310,684 жауап
153,261 пікір
69,673 қолданушы