0 дауыс
3.7k көрілді
Функцияны туындының көмегімен зерттеу тақырыбына сабақ жоспары керек еді

1 жауап

+1 дауыс
Тақырыбы: Функцияны туындының көмегімен толық зерттеп, графигін салу
Мақсат: Жаңа талапқа сай, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа сапалы білім беру
Білімділік: Теориялық материалдарды нақты есептер шығарту арқылы функцияны зерттеу схемасын сызуды және схема бойынша графигін салуды меңгерту, осы бағыттағы есептерді шешу дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық: Оқушыларға ғылыми бағдар беріп, дербес тұжырымдар жасауға баулу, ой - өрістерін, тақырыптық білім, білігін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру, кәсіпке баулу
Сабақ түрі: Жаңа білім беру
Сабақ әдісі: Сатылай кешенді талдау
Сабақ тәсілдері: Ұжымдық, топтық және зерттей оқыту
Сабақ барысында қолданылатын тәсілдер:
Фронтальді сұрау, әңгімелесу, іздену, бақылау
Сабақ жабдықтары: Оқулық, интеративті тақта, проектор, ПК
Сабақтың көрнекілігі:
Арнайы слайдтар, флипчарттар, кеспе қағаздар, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: экономика, информатика, геометрия, әдебиет

Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру сәті:
1. Бөлме және оқушылар дайындығы, оқушыларды түгендеу;
2. Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткенді қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге даярлау:
Проблеманы айқындау
1. Үй тапсырмасын меңгерулерін өткенді қайталап, жаңғырту арқылы бақылау;
2. Жаңа тақырыпқа нақты қайталау жаттығулары арқылы кіру.
IIІ Жаңа тақырыпты беру: Проблеманы шешу:
1. Функцияның жеке проблемаларын зерттеу және бұл зерттеулер қорытындысы бойынша толық зерттеу схемасын жасау;
2. Схема мәліметтерін пайдаланып графигін сызу.
IҮ Пысықтау: Проблеманың шешімін қолдану
1. Тақырыпқа сай есептер шығару арқылы білімін толықтыру, пысықтау;
2. Сергіту сәті; 3. Бекіту жаттығулары: «Мүмкіндігіңді көрсет»
Ү Қорытынды: Рефлексия. «Ой толғаныс» Бүгінгі сабақтан не алдым?
ҮІ Бағалау: Өзара бағалау. Оқушылармен бірігіп оқушы білімін бағалау.
ҮІІ Үйге тапсырма
«… Нақты өмір құбылыстарының қай бағытында болмасын математика қолданылмайтын бірде бір сала жоқ…»
Н. И. Лобачевский
І Сондықтанда математиканы оқып, үйренудегі бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Функцияны жеке бағыттарда зерттеу бойынша алған білімімізді жалпылап, қорытынды зерттеу схемасын жасау және графигін салуды үйрену. Ал, бұл мақсатқа жету үшін алдыңғы алған білімдерімізге сүйенеміз.

ІІ Өткенді қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге даярлау:
Проблеманы айқындау
Оқушылар, олай болса өткендерді қайталап, үй тапсырмасын меңгерулеріңді бақылайық, сонымен қоса бұл біліміз жаңа тақырыпты меңгеруімізге негізгі тірек болады.

1. Теориялық тапсырмалар:
а) Ал, есімізге алайық, біз функцияларды қандай бағыттарда зерттеген едік?
Не білеміз?
1. Функцияның анықталу аймағын, жұп, тақ, периодтылықты зерттеу.
2. Графиктің координата остерімен қиылысу нүктелерін табу;
3. Функцияны үзіліссіздікке зерттеу.
4. Монотонды (өсу, кему) аралықтарын, экстремумдерді табу.
5. Функцияның асимптоталарын табу
6. Ойыс, дөңес аралықтарын, иілу нүктелерін табу.
б) Карточкалар бойынша ауызша жаттығулар:

 

http://sabaq.kz/6422/%D1%84%D1%83%D0%BD%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BD%D1%8B-%D1%82%D1%83%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%BA%D3%A9%D0%BC%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%B7%D0%B5%D1%80%D1%82%D1%82/ мына жерден карауга болады..
...