+1 дауыс
489 көрілді
Сәлем құрметті сайт қолданушылары, аға-әпкелер!

Қоятын сұрағым ҰБТ жайлы,

ҰБТ-ға 2 ай қалды. Менің таңдау пәнім-биология, Қазір мен қазақ тілінен 19-22, тарихтан 22-24, орыс тілінен 15-15, алгебрадан 12-14, биологиядан-20-20 балл алып жатырмын, 85-86 дан түспей тұрмын, Енді қалай дайындалсам болады? Алгебрадан 18ге жетуіме болады ма, 3 пәнмен шұғылданайын ба, әлде тек алгебраның өзімен ғана ма?

Подготовка к ЕНТ 2015 ті алдым, оның көмегі тиеді ма, Сонымен тест істеп жатырмын, сұрақ кітапшасымен, тағы Қаз тілі,Био, тб 2015 дегендермен тест істеп жатырмын, Қатемді жаттап, Кітаптан/дәптерден оқып оқып жүрмін, Кейбір нәрселер есімнен шығып жатыр, Осы есе сақтауды арттыратын дәрілер бар екен, Құрамында витаминдер бар, осыларды ішіп көргендеріңіз бар ма, көмегі тиді ма,

  Түстен соң курстарға барып жатырмын мектепте, Қалай дайындалсам болады ҰБТ дан өткен аға-әпкелер? Кеңес берсеңіздер, Алдын-ала рахмет!

5 жауап

+1 дауыс
Ол өзіңізге байланысты. Есте сақтау қабілетті арттыру үшін, видаминдері мол тамақтар ішу керек. Дәріге көп сенбеңіз. Алгебра емес математикағой. Ол геометрия мен алгебра біріккен есептер. Талапкер 2015 деген кітапты сатып алып, ішіндегі есептерді шығара беріңіз. ЕНТ2015ке көп сене бермеңіз. Жеңіл сұрақтар. Мұғалімдермен көп жұмыс жасаңыз.Тарих пен билогия пәндерінен нақты жаттайсыз. Ал қазақ тілі мен орыс тілінен ережелерді жақсы білсеңіз жеткілікті. Ал матемге мұғалім керек. Көбінесе матемнен кетіп қаласыз. Сәттілік тілеймін. Қай жерденсіз? Олимпидалаға қатысып грант ұтып алу керек еді.
+1 дауыс
Подготовка к ЕНТ деген жыл сайын шығып тұратын кітап па еді? Біздің кезімізде ол Талапкер деп аталатын. Мен ЕНТ жақындағанда сол кітаппен дайындалып содан жаттадым. Сіз де солай істеңіз. Бəрі де мүмкін! Қазір жақсы нəтижеге жетсеңіз тоқтап қалмаңыз мен солай істеймін деп 5 алу мүмкіндігінен айрылып қалғанмын. Тек алға қарай жұріп дайындала беріңіз. Көбісі ЕНТ жақындағанда шаршап бəрін жинастырып қояды. Ол үлкен қателік. Демалуды тек ЕНТ тапсыруға 2 күн қалғанда бастаңыз. Сəттілік!!!
+1 дауыс
Мен өзім көбіне математикадан дайындалғанмын да қалғандарды анда-санда қайталап отырдым және жаңғақты көп жегенмін. Мына бір тәсілдерін де таптым.Көмегі тиіп қалар есте сақтауға .Іске сәт!

Бал мен қара шоколад. Бұл екеуі де ми мен жүйке жүйесінің жұмысына пай­далы. Жидектер. Қан та­мырларын тазалап, қан құрамындағы хо­лес­теринді қуатын өнім – жидектер. Егер ағзада қан ай­налымы жақсы болса, онда ми­ға да қанмен бірге оттегі қа­жетті мөл­шерде ба­рады деген сөз. Барлық жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Мектеп жасындағы бала үшін пайдасы өте зор. Жидекті үнемі пайдаланған жағдайда баланың әдеттегіден көңілді әрі сергек жүргендігі байқала бастайды. Оқуға деген құлшыныстары арта түседі.

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:

СӘБІЗ мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі. Жатар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырған сәбіз жеу керек.

АСҚАБАҚ ШЕМІШКЕЛЕРІНІҢ құра­мында мырыш бар, ол мидың ойлау жыл­дамдығын ұлғайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады.

ПИЯЗ мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде кө­мектеседі. Қанды сұйықтандырады, миды оттегімен қамтамасыз етеді. Мөлшері, күнде 1 пияздың жартысынан кем емес.

МЕЙІЗ – құрамында бордың қо­сын­дысы бар, бұл есте сақтау қабілетті арттырады.

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ – құрамында ле­цитин бар, бұл мидың жұмысын жақ­сартып, есте сақтау қабілетін бел­сендіреді. Күніне бес жаңғақ жеу керек, бұл С дәруменінің тәуліктік нормасы.
+1 дауыс
Осы айтылғандарды орындасаңыз ҰБТ-дан 5 алуыңыз мүмкін
0 дауыс
Ештеңеге мән берме,интернет вк-ны таста,кейін де кіріп үлгересің.
...