+1 дауыс
28.7k көрілді
Тез арықтау, тез азу мүмкін бе? Арықтау жолдары, арықтау тәсілдері, арықтау диетасы, арықтау үшін кеңестер болса.

16 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тез арықтау, біріншіден, денсаулыққа өте зиян, екіншіден, қалай тез арықтасан, солай қайтадан тез толып кетуі мүмкіндігін жоғары болады. 1 айда 2-3 кг артық арықтауға болмайды. Спортпен айналыссан конешно деполарда тұрып қалған майлар жанып, энергияға айналған сон арықтайсын. Ешқашан тойып тамақтанда, Брюс Ли айтқанда, ежьте мало, но чаще) Аз аздап жеп жүру керек, кешкісін жеңіл ғана тамақтанып қоя салған жақсы. Жатарда мята или зеленый чай ішіп жатсан ол да күндіз жеген тамақтарынның қорытылуына жағдай жасайды. Активированный уголь арқылы арықтау мүлдем ақымақтық. Кез келген адам арықтай алады, "менікі гормональный, я толстая потому что моя мама толстая, и папа, дед толстый и.т.п" сылтау ғана, Арықтағысы келетіндердің ең бірінші қателігі үнемі арықтау туралы ойлайтындары. Өзіне ыңғайлы диетаны таңдап алып (диета тамақты жемеу емес) соны ұстанып жүру, ойлай бермеу керек. Вот, о чем я думаю о похудении.. Но я сам никогда не сталкивался с ожирением, так как я подвижный. Еще это от настроении, мысалы көңілді жүретін адамда зат алмасу жылдамырақ жүреді, оларда гормондардың бөлінуі де без настры жүретіндерден жақсы вырабатываться етеді. Көңілді жүрген адам - подвижный, подвижный адам - арықтамайды, вот такой вот треугольник))
+1 дауыс
Адам бойындағы дене бітімін,сымбатын Алла жаратты.Оны күтінуге әрине болады,бірақ оны өзгертуге болмайды(әр түрлі дәрі ішіп).Бұл Алланың ісіне қарсы келу болып табылады.

Негізі спортпен айналысуға болады.
+1 дауыс
Арықтаудың оңай жолдары

Қыздардың арықтауы көп жағдайда қиын болатыны баршаға анық. Диета, спорт, өмір салты... Бәрін бірден өзгерту мүмкін емес сияқты. Алайда салмақ тастаудың көңіліңізден шығатын жолдарын қолдансаңыз, бұл процесс оңай бола алады. Би, жүгіру, жүзу... Осылардың арасында өзіңізге ұнайтын спорт не ойын түрін таңдап, өзіңізді қинамай-ақ арықтай аласыз.

Коньки не роликтер

Саныңыз ылғи қозғалыста болып, жылдамдығыңызға байланысты калориялар жойылады. Сан, аяқ, кеуде бұлшық еттері жаттығады. Коньки не ролик тепкенде қозғалыс жылдамығы мен қадамыңызды өзгертіп жүріңіз. Басында қатты, кейін орташа, одан кейін баяуырақ. Қадамыңыздың ұзындығын өзгертіп, бірде көп аттап, бірде кішірейтіңіз. Коньки не роликтегі жаттығулар сағатына 500-800 ккал кетіре алады.

Жүгіру

Жүгіргенде адамның аяқ, сан, іш, арқа, иық бұлшық еттері жаттығады. Бұлшық еттер жұмысымен қатар, жүрек жаттығып, өкпе тазаланады, ал артық салмақ кете бастайды. Жүгіргенде алға қарай еңкеймеңіз, арқаңызды тік ұстаңыз. Қолдарыңызды қозғалтып жүгірген дұрыс. Бұнда да қадам ұзындығы мен жылдамдықты өзгертіп отырсаңыз, жаттығуыңыз нәтижелірек болады. Түзу жерде жүгірген оңай болса, тасты, түзу емес жердегі жаттығудан көбірек салмақ жоғалтуға болады. Жүгірудің тиімділігі 1 сағатта 750 ккал.

Секіртпеден секіру

Секіртпеден секіргенде мынандай ерекшеліктерді білгеніңіз жөн. Секіру шапшаңдығын өзгерткен әлдеқайда тиімді. Екі аяқта, кейін оң, сол аяқта секіруге, секіріп жүгіруге болады. Тиімділігі сағатына 680 ккал.

Шеңбер айналдыру

Бұл тәсілдегі ең маңыздысы - дұрыс өлшемді шеңбер таңдау. Алдыңызға қойғанда, шеңбер кеудеңізге дейін жетіп тұруы керек. Калориялардың кетуі үшін шеңберді айналдырсаңыз болғаны. Тиімдірек болсын десеңіз, айналдыру шапшандығын өзгертіп отырыңыз. Сондай-ақ шеңбер көмегімен басқа да жаттығулар орындаса болады. Шеңберді таңдағанда жеңіліне назар аударыңыз: жеңіл шеңберді ауырына қарағанда, айналдыру қиын. Тиімділік сағатына 400-600 ккал.

Теннис не бадминтон ойыны

Бұл ойындар жүгіру, еңкею, созылу сияқты қимылдарды талап етеді. Алайда жұбыңыз болмаса, теннис добын дуалға соғып ойнаса да болады. Дуалдан бірнеше метр қашықтыққа тұрып, арықтай бастаңыз! Сағатына 550 ккал жояды.

Би

"Арықтататын" би түрлері тез, ырғақты билер. Латина, хип-хоп, шығыс билері сізді арықтатып қана қоймай, көңіліңізді көтерері анық. Нәтижелілігі сағатына 440 ккал.

Тез жүру

Жүгіргенде ентігіп қалып, шыдай алмайтын қыздарға таптырмас шешім - тез жүру. Түзу жолдан гөрі, таулы-тасты жол таңдаңыз. Қадамыңыздың ұзындығын барынша азайтып жүрген дұрыс. Денеңізді түзу ұстап, қолдарыңызбен көмектесіңіз. Нәтиже: сағатына 300-450 ккал.

ЕМ-дәм.

Арықтау үшін аз тамақ ішу жеткілікті деп ойламаңыз. Егер Сіз арықтауға кесімді шешім қабылдасаңыз, салауатты тамақтану стилінің принциптерімен танысуыңыз керек.

Күн сайын жемістер мен көкөністер жеңіз. Олар жаңа піскен, пісірілген немесе шырын түрінде болуы мүмкін. Олар дәрумендердің, минералдардың және балластық заттың тамаша көзі болып табылады.
Сұйықтықты, негізінде минералдық суды, шамалы қант қосылған шайды, көп су қосылған көкөніс және жеміс шырындарын көп ішіңіз.
Тамақты көңіл аударып ішіңіз. Асықпаңыз. Тамақты көңіл аударып ішу дұрыс тамақтануға мүмкіндік туғызады.
Алуан түрлі тамақ ішіңіз. "Пайдалы" немесе "зиянды тамақ" болмайды. Қалағаныңыздың барлығын, бірақ шамамен жеңіз.
Құрамында майы аз тамақты таңдаңыз. Майсыз етті және шұжық өнімдерін сатып алыңыз. Ас үйде зәйтүн немесе рапс майы сияқты, жоғары сапалы өсімдік майларын пайдаланыңыз.
Күнделікті ет қосылған түскі астардан бас тартыңыз. Егер оларды әзірлесеңіз, тек сиыр еті, бұзау еті немесе құс еті сияқты майсыз етті таңдаңыз.
Күн сайын дәнді өнімдерді жеңіз. Таңертеңгі асқа арналған дәмді қауыз, бүтін бидайдан пісірілген нан, макарон өнімдері. Пісіру үшін ірі тартылған бидай ұнын пайдаланыңыз.
0 дауыс
Бірден мүмкін емес.Спортпен айналысып диета ұстаса болады.
0 дауыс
Иа болады Ол үшін Диета ұстау қажет майлы тамақтарға жоламау керек және көп қимылдау қажет.Яғни жүгіру қажет.
0 дауыс
Спортпен шұғылдан сонда тез азасың
0 дауыс
Негізі адам өзін настроить етсе бірнәрсе істеймін деп онда бәрі мүмкін. Просто өзіміз мықты жалқаумыз.
0 дауыс
Мүмкін.



0 дауыс
Ұйқы мен тамақты азайту керек.Майлы тағамдар мен нан, яғни, ұн өнімдерін азырақ пайдалану, суды көп ішү қажет. Белсендірілген көмір жеу керек, ол ішті тазалайды.
0 дауыс
1. Таза су.

Судың денсаулыққа пайдалы екенін бәріңіз де жақсы білесіз. Тіпті оның орнын шай да, кофе де баса алмайды. Құрамында химиялық қоспалары мен қанты көп тәтті сусындар ағзамызға зиян. Сол себепті таза су ішіңіз. Оны тамақ ішер алдында 20 минут бұрын немесе тамақтан соң 40 минуттан кейін ішуге болады.

2. Жиі тамақтаныңыз.

Егер қарныңыз аш қалып, көпке дейін тамақ ішпей жүрсеңіз, ағзаңыз қорғаныс реакциясын қосады. Оған тер асты майы жиналып, нәтижесінде зат алмасу баяулайды. Ал жиі тамақтанатын болсаңыз, қан құрамындағы қант деңгейі де, калория да өз мөлшерінде болады. Жиі ас ішіңіз, бірақ үлкен үлеспен емес.

3. Таңғы ас.

Таңғы ас зат алмасу процесіне өте маңызды. Таңғы асқа көбіне дәрумендер мен минералдарға және ақуыздарға бай тағамдарды ішкен дұрыс. Мысалы: даршын қосылған майы алынған сүзбе, ірімшік пен көкөністер қосылған омлет, қияр және аскөк пен қаймақ араласқан салат.  

4. Ақуыз.

Асқазан ақуыздарды жай сіңіреді. Сондықтан құрамында ақуызы көп тағам ішсеңіз, көпке дейін қарныңыз ашпайды. Ас мәзіріңізге тауық еті, балық, майы алынған сүзбе, жаңғақ және гречка секілді ақуыздарды қосып қойыңыз.

5. Жеміс-жидектер.

Жеміс-жидектердің құрамында дәрумендер мен микроэлементтер көптеп кездеседі. Зат алмасуды үдету үшін цитрустік жемістерді жеген жөн. Өйткені олар лимон қышқылдарына өте бай. Алайда бұл жемістерді аш қарынға жеуге болмайды. Ас қорыту жүйесін ауыртып алуыңыз мүмкін.

6. Спортпен шұғылданыңыз.

Салауатты өмір салтын ұстансаңыз, диетаға отырудың қажеті жоқ. Тек жаттығу кезінде әдеттегіден әлдеқайда шапшаңдық танытыңыз. Аптасына 3-4 рет жаттығу залына барсаңыз жақсы болады.

Бұл ережелердің бәрін бірдей ұстау бастапқы кезде қиынға соғатыны анық. Алайда бүгіннен бастап кіріссеңіз, аз уақыттың ішінде үйреншікті ісіңізге айналып кетеді. Кейін нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
0 дауыс
Насвай атсан тамак тез корытылады, арыктайсын
0 дауыс

Спортпен айналыспай-ақ салмақ тастаудың жолын білесіз бе? Әрине, ағзаға физикалық ауырлық түсірмей арықтаудың бірден-бір жолы - диета. Диета ұстағандардың бірі оның пайдасыз екенін айтса, кейбіреулер өзінің мақсатына осы арқылы жеткенін айтып жатады. Майдан бас тартпай, тек көмірсу көлемін азайту арқылы арықтау кетодиета деп аталады.

Көп адамдар майлы тамақтан бас тартсам, жылдам арықтаймын деп ойлайды. Әдетте біздің ағзамыз қуатты көмірсудан алып, оны глюкозаға айналдырады. Көмірсу жетіспеген жағдайда ғана энергия майдан бөлінеді. Демек, көмірсудан бас тартқан адам, майдан жылдам арылады.

Көмірсудан бас тартатын диета түрі кетогенді диета деп аталады. Кетодиетаны әдетте шыдамдылықты талап ететін спорт түрімен айналысатын спортшылар, марафоншылар мен триатлоншылар жиі ұстайды.

Зерттеулерге қарағанда, кетогенді диетаның әсерінен грелин гормонының бөлінуі тежеледі. Сәйкесінше, бұл гормон адамның өзін аш сезінуін қамтамасыз етеді.

Кетодиетаның басты талабы – қанттан бас тарту. Сондай-ақ, ұннан жасалатын тағамдарға тыйым салу керек. Себебі, олар көмірсудың басты қоры болып табылады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.

0 дауыс
Арыктау үшін ең алдымен майлы тағамдардан бас тартып, жеміс жидектер мен көкеністерді көп жеген жөн. Спортпен шұғылданыңыз, көбірек су ішіңіз.
0 дауыс
Әрине болады.Алдыңызға мақсат қойсаңыз 100% болады.онлайн арықтау марфонын жариялап жатирмын.87770710403 ватсап номерім.sultan.sport_kz  инста парақшам.тосамын сізді.сұрағыңызға жауап бере аламын♂️✊✊✊ сізді тосамын
0 дауыс
Қалдарыңыз қалай? Есімім Сұлтан болады.Әрине сіздердің қойып отырған сұрақтарыңызға жауап бере аламындеген толық сенімдемін бірақ дәрі дәрмексіз ,күнделікті үйімізде отырып бір режимде дене жаттығуын жасап артық салмақтан құтылуға болады.Қазіргі кезден көптеген кісілер фитнеске жазылып барып жатады ,әрине олда дұрыс бірақ барғансон сізді ол жерде көп көмектесе бермейді ашығын айтқанда қандай жаттығу пайдалы екенін айта бермейді.Ал енді айта кетсек  мен Онлайн арықтау марафонын жариялап отырмын бар жоғы 2000  тенге  1 ай бойы менімен бірге онлайн арқылы дене жаттығуын жасайтын боламыз.87770710403 ватсап номерім.@sultan,sport_kz инстаграм парақшама тіркеле кетіңіздер. Мен сіздерді тосамын.Қарапайым түрде өтеді.Артық салмақтан арылғыларыңыз келсе.Ұялмаймыз ӘРЕКЕТКЕ БЕРЕКЕТ ҚЫЛЫҢЫЗ.♂️♂️✊✊✊

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
6 жауап
+3 дауыс
10 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 25.02.2022 Тазалық сұрақ қойды
...