+3 дауыс
7.9k көрілді
Аяқтарым арықтау, аяқ азу үшін не істеу керек?
Азу деген ыңғайсыздау екен.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам жүдегенде ең бірінші арықтайтын шеткі мүшелері (аяқ пен қол), содан кейін денесі мен ең сонында беті. Аяқ қол арықтау үшін қарапайым дита да көмектеседі. Майлы, қуырылған және тәтті тамақтан бас тарта тұрсан организм өзі қажет етіп денедегі артық майларды пайдаланып ыдырата бастайды. Олар ыдырауы үшін де энергия қажет, сондықтан жеміс-жидекті, фруктовый салатты көбірек жеу керек. Алма арықтауға жақсы көмектеседі. Ешқашан тойып тамақ ішпе, 1 порциядамен шектелуге қалыптастыр өзіңді. 21 күн адам өзін кез келген іспен қинап болса да айналыссы, соған қалыптасып кетеді, ең қиына сол алғашқы 21 күн.
+2 дауыс

Аяқтарыңды арықтату үшін едәуір көп күш салу қажет. Сондықтан күрделі дене күшін жұмсауға дайындалу керек. Біріншіден, сізге секіргіш керек. Екі аяғыңызбен бірдей үш минут ішінде секіру қажет, сонымен бірге, тек қана аяқтың ұшына емес, толығымен табаныңызбен жерге түсіңіз. Өйтпеген жағдайда, аяғыңыз керісінше, толықтап кетеді. Келесі жаттығу. Екі минут бойында секіруді жалғастырамыз, енді әрбір жерге түскен сайын, аяқтарыңызды кезек-кезек алға тартасыз. Тағы да үш минут секіреміз, бірақ тек қана бір аяғымызбен жерге тоқтаймыз, біресе оң аяқпен, біресе сол аяқпен. Орындықтың арқауын ұстаңыз да, аяқтарыңызды иықтарыңыздың ені бойынша қойыңыз, және осылай 10 рет отырып тұрыңыз. Жаттығуды 3 рет қайталау қажет. Арықарай, дәл осы жаттығуды орындаймыз, бірақ отырып тұрғанда аяқтарымыздың ұштарын жан-жаққа жібереміз. Осылайша 15 рет отырып тұрыңыз. Жаттығуды 2 рет қайталау керек.

Одан кейiн ана аяқтар гераклдың аяғы болады )
Ол жаттығулардың бәрін істесең аяқтарыңа күш толып іріленеді :)))))
Белгісіз
Соны айтамын, аяқ одан бетер іріленіп кетеді бұлшық еттері ісініп)
0 дауыс
Аяқтарға арналған арнайы жаттығуларды жаса.
0 дауыс
Диета орынды болар.
0 дауыс
Күнде кезек - кезек бір аяқмен отырып тұруға машықтан, нәтижесін бір айдан соң байқайсың.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
9 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 23.09.2020 Тазалық сұрақ қойды
...