+2 дауыс
Ат баспаймын деген жерін үш басады сөзінің мағынасы қандай?
25.03.2015 4.0k қаралым

6 жауап

+2 дауыс
Меніңше қателігінен сабақ алмайтын адамдарға айтылған сөз (мысалы бір адам қателік жасады, ол одан сабақ алмай қайталап жасаса соған арналып айтылатын сияқты)
25.03.2015
+1 дауыс
Мысалы,сен үйдегілермен ұрысып қалып келмеймін деп есігін тарс жауып кетесің.Бірақ баратын жерің жоқ,бәрібір барасың.
25.03.2015
+1 дауыс
Ол деген-сен жасамаймын деген ісіңді бәрібір өмір ағынымен жасауға тура келеді деген сөз
25.03.2015
+1 дауыс
Ешқашан ешқашан деп айтпа деген сияқты ғой....
25.03.2015
0 дауыс
Мысалы жылқы бір жерді баспаймын дейді де байқамай басып қояды, меніңше солай.
25.03.2015
0 дауыс
кетем,кетем деп сол жерге айналып келу шығар
29.03.2015
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы