0 дауыс
1.2k көрілді
Таз руында Орманбет бар ма ? Болса Шежіресін жасасыз ба ? Таз руында Сатқул баба туралы кім біледі ? Көмектесіңіздер

2 жауап

0 дауыс
Таз руында Орманбет бар екен.Бірақ ол туралы анық мәлімет жоқ.Таз — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Шежіре деректері бойынша Таздың - Абдал, Жастабан және Шарға сынды ұлдары болған; келесі бір шежіреде Таздан - Ес, Естен - Абай, Қабай тараған; одан әрі өз реттерімен Абайдан - Жастабан мен Шарға, Қабайдан - Абдал, Жастабаннан - Байсары, Сүйірбас және Тілес, Шарғадан - Ақсерке, Жақсыбай, Жолым, Асан, Сырлыбай, Күнбас, Жиен және Жантай, Абдалдан - Шоқтығұл мен Құлай, олардан - Өтес, Жапақ, Мәмбетқұл, Көшей, Келдібай және Кішкене (Тұрымбет) ұрпақтары өрбіген. Жазба деректерде Таз алғаш рет М.Тевкелев еңбектерінде тілеумен бірге айтылады. Бұл рулар башқұрт халқының құрамында да болған. А.Ю. Якубовский зерттеуінде абдал тайпа ретінде 4 – 5 ғасырлардан белгілі екені және ол тайпа- рулары түрікменге де, қазаққа да қосылған деген тұжырым жасайды. Түрікмен абдалдары 18 – 19 ғасырларда Маңғыстауды мекендеген. Таздарға сол кездерде де араласуы мүмкін. Абдал өзбектің лоқайында, қырғыздың сарыбағыш тайпаларының құрамында да кездеседі. Таздың Ұлы жүзде жалайыр тайпасының сырманақ руында, ысты тайпасының ойық руында, албан тайпасының бозым тармағында, Орта жүз ашамалы керей руында ата есімі ретінде кездеседі. Таздың жауынгерлік ұраны – бақай, таңбасы

Шығу тегі
Моңғолдың "Құпия шежіресі" бойынша Енисей өзенінің бір саласының атауы Таз, осы өңірдегі орман халқының бір атасы - Тас, Таз. Гоби шөлін мекендеген моңғол руларының бірі - Таз. Бүгінде Кіші Жүз мекені өңірлеріне түгел тараған. Бүкіл қазаққа танымал Төремұрат, Өтен, Нарынбай батырлар, Дәден би, Қашқынбай мен Бала Ораз ақындар осы Таздың қасиетті ұрпақтары. Ұлы Жүздің Албан және Ысты тайпаларының құрамында да Таз рулары бар.

 

Таз руының 4 томдық кітабы шықты деп естідім енді 5 томы шықпақ екен.
0 дауыс
Көп көп Рахмет. Ризамын саған!!! 4 томды қайдан сатып алуға болады ? Көмектесіп жібересін бе ? Сатып алғым келеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 2.07.2015 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
...