0 дауыс
6.2k көрілді
"Таз" ауруы қалай жұғады?

XIV-XV ғасырларда қазақтар арасында ең кең тараған ауру осы екен. Не себепті?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың мақалына салып «Тегін адам таз болмас» десек те, бастың таз­дануы, яғни, шаштың түсуі – бұл да бір ауру түрі. Ол медицина тілімен айтқанда алопеция деген атау­ға ие. Бұл орта жастағы адамдар түгілі, жастарда да жиі кездеседі. Маман­дардың айтуынша, ол балалар арасында жаз кездері көп ұшырасады.

Бұған балалардың жазда уақытының көбін жағажайларда немесе көшеде өткізуі сеп. Тері ауруларын емдейтін мамандардың дәлелінше, таз ауруларын көбіне-көп жұқтыратын үй жануарлары.

Таз ауруы да өз кезегінде түрлерге жік­теледі. Соның ішінде, ошақты ало­пе­ция ең көп тараған түрі. Оған шаш­тың әр жерден түсуі жатады. Екіншісі – жаппай таздану. Бұл баста бір тал шаш қалмай түсіп қалатын түрі. Алопецияның ең сирек кездесетіні – толық немесе жаппай таздану. Мұнда бастағы шаш тұрмақ, денедегі барлық түк түсіп қалады.
Шаштың түсуі жастың ұлғаюына ға­на емес, денсаулыққа да тікелей қа­тысты. Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, эндокриндік және асқазан-ішек жолдарының аурулары, созылмалы инфекция ошақтары таз ауруының пайда болуына ықпал етеді. Бұл ауру­дың алғашқы белгілері ретінде таз ошақтары пайда болады. Оның диаметрі 1 см-дей болып, шаштың түбінде фолликула қапшықтары көрінеді, алайда, бас терісінің түсі өзгермейді. Ауру асқынғанда ошақтардың көлемі үлкейіп, тіпті, бірнешеуі пайда болады, кейін олар бір-бірімен қосылып, шаштың толықтай түсуіне әкеледі. Таздың мұндай түрін емдеу қиынға соғады. Кейде емдегеннен кейін де шаштың қайта түсіп қалуы мүмкін. Шашты өсіретін стимуляторлар – алопецияны тиімді емдеудің бір жолы. Бұл таздануға қарсы гомепатиялық құралдар, алопецияға қарсы дәру­мендер. Сонымен қатар, басты уқа­лау, физиотерапия да пайдалы. Соңғы кезде таздануды лазермен емдеу де қолданылып жүр. Витаминдерге бай, калориясы жоғары тамақ ішу де артықтық етпейді. Таз ауруын тоқ­та­туға қарсы халық емдері де жоқ емес. Соның бірі майсана майының біраз мөлшерін алып, су моншасына қыз­дыру қажет. Сосын тіс щеткасымен оны бас терісіне жағады. Масканы кем дегенде 15 минут ұстаған жөн. Содан соң шашты шөптердің табиғи сығындысы бар сабын сумен жақсылап жуу керек. Осы процедураны аптасына бір реттен 1-2 ай бойы қайталаса, шаштың түсуі тоқтап қана қоймай, шаш қалыңдап, жылдам өсе бастайды. Бұл шашқа арналған емдік шөптердің бірі ғана.
Шаштың түскені, бастың «піске­ні» емес, ол – гормондық, тұқым қуа­лаушылық немесе денсаулық жағдайына байланысты болатын ауру. Оның емі де жоқ емес екендігін еске салып өттік. Тек оған ерен еңбек, үлкен күш пен төзім қажет-ақ. 

+1 дауыс
Псориаз ауруында да шаш түседі, ол дерматологический инфекциялық ауру болғандықтан науқасты оқшаулап емдемесе тез таралады. Жануарлардан, соның ішінде мысықтан жұғады көбіне. Мүмкін басқа аурудан болған шығар, эпидеми болғанына қарағанда жұқпалы бірдене болған ғой. Аумалы төкпелі заманда мүмкін гигиенаға қарауға мұршелері келмеген шығар. Кім біліпті оны қазір)
+1 дауыс
Таз ауруы деп шаш түсуді айтып жатқан болсаң оның жұғуы туралы еш естімеппін. Бұл ауру тек атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа өтуі мүмкін. Мен тазбын яғни руым таз. Бірақ қазірше басымдағы шашым жайында. :))))))

Ұқсас сұрақтар

–2 дауыс
5 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 2.07.2015 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...