+1 дауыс
13.8k көрілді
Таз руы туралы естiгенiнiз барма? Болса малiмет калдырыныз.

4 жауап

+1 дауыс

Кіші жүздің Он екі Баяұлысына жататын ру, үш бөлімі бар (Абдал, Жастабан, Шарға,) (мен өзім Жастабан тазбын)

Басқа қандай мәліметтер керек, анықтап жазсаң

Мен таздың бес сарысымын. Бұл туралы не бiлесiз?
+1 дауыс

Естігенім бар, батыстың жігіттері айтады екен деген бір әңгіме естігенмін. "Аспанда аққу мен қаз, жер астында мұнай мен газ, жер бетінде адай мен таз" - осы таз руы болар айтып отырғаның. Руыңды, тегіңді білген жақсы, бірақ Алла бөлінгеннен сақтасын.

–2 дауыс

Таз — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Шежіре деректері бойынша Таздың - Абдал, Жастабан және Шарға сынды ұлдары болған; келесі бір шежіреде Таздан - Ес, Естен - Абай, Қабай тараған; одан әрі өз реттерімен Абайдан - Жастабан мен Шарға, Қабайдан - Абдал, Жастабаннан - Байсары, Сүйірбас және Тілес, Шарғадан - Ақсерке, Жақсыбай, Жолым, Асан, Сырлыбай, Күнбас, Жиен және Жантай, Абдалдан - Шоқтығұл мен Құлай, олардан - Өтес, Жапақ, Мәмбетқұл, Көшей, Келдібай және Кішкене (Тұрымбет) ұрпақтары өрбіген. Жазба деректерде Таз алғаш рет М.Тевкелев еңбектерінде тілеумен бірге айтылады. Бұл рулар башқұрт халқының құрамында да болған. А.Ю. Якубовский зерттеуінде абдал тайпа ретінде 4 – 5 ғасырлардан белгілі екені және ол тайпа- рулары түрікменге де, қазаққа да қосылған деген тұжырым жасайды. Түрікмен абдалдары 18 – 19 ғасырларда Маңғыстаудымекендеген. Таздарға сол кездерде де араласуы мүмкін. Абдал өзбектің лоқайында, қырғыздың сарыбағыш тайпаларының құрамында да кездеседі. Таздың Ұлы жүзде жалайыр тайпасының сырманақ руында, ысты тайпасының ойық руында, албан тайпасының бозым тармағында, Орта жүз ашамалы керей руында ата есімі ретінде кездеседі. Таздың жауынгерлік ұраны – бақай, таңбасы

0 дауыс
Найманнын көкжарлыдан тараған орта жузде де бар,ағайынды өтей мен олжа, олжандан тараған таздар; Қоңырбай, Тастемір,Тоқсан,Байаман т.с. Мен өзім Қоңырбай Таз, Қонырбай жетінші атам, Орта жүз Таздарының жауынгерлік ұран- Бөдес болған екен аталарым айтуы бойыншы. Мекеніміз ЩҚО курщім ауданы Теректі бұлақ ауылы. Өз есімім Ербол. Ақпаратарыңыз болса *Emails are not allowed*

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 2.07.2015 Тұлға, Адам сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
...