0 дауыс
5.1k көрілді
Ұйқысыздық мазалап жүр бұл ауруға жатады ма?Одан қалай құтылуға болады?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның сергек кезінде нерв клеткалары үздіксіз істейді, мұның өзінде олардың химиялық құрамы елеулі түрде өзгереді, энергетикалық қорлар сарқылады. Біздің организміміздің ұлы сақшысы, тыным беріп, күш-қуатымызды қалпына келтірушісі – ұйқы болмаса, жүйке клеткалары тез құрып, қатардан шығар еді.

Жас және дендері сау адамдар  ауырып-сырқағанда немесе қатты күйзелген, мазасызданған, қажыған күндері болмаса, басқа уақытта ұйқы қашу дегеннің не екенін біле қояр ма екен. Алайда жас ұлғая көптеген әйелдер мен еркектер ұйқыдан айырыла бастайды. Бірақ қаншама таңқаларлық көрінсе де, мұндай әуреге көбіне дені сау, пәлеңдей сырқаты жоқ адамдар да тап болады. Оның басты себебі... адамдардың дұрыс ұйықтай білмеуінде.

Терең, алаңсыз ұйқының негізі – нерв жүйесінің сабырлы күйде болуында, оны шаршау мен тынығудың дұрыс кезектесуі, басқаша айтқанда, тұрмыстың дұрыс режимі қамтамасыз етеді. Ұйықтауға үнемі белгіленген бір уақытта жатуға дағдылану – ұйқының берік болуының сенімді құралы. Сағат 10-да жатасыз ба, жоқ болмаса 11-де жатасыз ба, мұның пәлендей маңызы жоқ. Ең бастысы бұл мерзімнің тұрақты болуында, ағза алдын ала тынығуға «икемделеді», сондықтан қандай жағдайда да, тіпті жанұя мүшелерінің бәрі бір мезгілде жатпаса да, кейбіреулерінің істейтін шаруасы болса да, сіз ұйықтай бересіз.

Ұйқы бұзылуының алғашқы белгісі – ерте ояну, ешбір себепсіз, таңертеңгі сағат 4 – 5-те оянып, көпке дейін ұйықтамай жатасыз. Әрине, бұған қатты уайымдасаңыз, немесе одан да бекер берекеңізді кетіретін өмірлік мәселелерді ой елегінен өткізсеңіз, бірдеңе оқысаңыз немесе бөлмеде арлы-берлі жүріп алыңыз, таң атпай ояну дағдыға айналып, соған машықтанып кетесіз. Бұл дағдыдан ертерек құтылуға тырысыңыз. Оянысымен  жамылғыны ашып, денеңіз аздап салқындай бастаса – бұл көбінесе қайта ұйықтап қалуға көмектеседі. Немесе ұйықтап жатқан адамның тыныс алғанындай терең ырғақты тыныстаңыз – нерв клеткаларын тежейтін сыннан өткен әдіс. Ең бастысы, өз ойыңызды жанға жайлы тиетін, көңілді жұбататын бірдемеге аударыңыз. Мұның айтарлықтай көмегі бар.

Басы жастыққа тие ұйқысы ашылып кететіндер де болады. Бұларға беретін кеңесіміз: өзіңізді ұйықтауға күні бұрын әзірлеңіз, жауапты істерді, тебірентетін әңгімелерді, ауыр жұмысты түнге қалдырмаңыз. Әрине, үнемі осылай істей беру де кейде қолдан келмей қалады, бірақ сонда да «жақсы ой таң ата келеді» дегенді естен шығармаған жөн. Күннің екінші жартысынан бастап организмнің жалпы белсенділігі бірте-бірте төмендейді, ми клеткаларының қозғыштығы әлсірейді, сондықтан кітаптар мен чертеждерге ұзақ уақыт үңіле беруге болмайды. Айтпақшы, жұмыс істеуді ойын-сауықпен алмастыру нерв жүйесіне түсетін салмақты жеңілдетеді деп ойламаңыз. Тым кеш болатын киносеанстар, теледидар хабарлары, би, шуылдаған топтар – мұның бәрі миға үлкен салмақ болып тиеді. Ұйқы онсыз да бұзылып жүрсе, артық әсерлерден аулақ болған жөн.

Ойын-сауықты шектеп, кешке қарай үйде болыңыз, ұйықтауға жатудан бір жарым-екі сағат бұрын телевизорды сөндіріп, кесте тоқыңыз, сабырлы әуенді музыка тыңдаңыз. Жатар алдында 10 – 15 минут жарықты күңгірттеп отырған жақсы.

Қайсы біреулер қолына кітап алмай төсекке жатпайды және көпке дейін кітап оқып жатады. Әрине, кітап оқуға болады, айтпақшы, кейбір әйелдердің кітап оқуға басқа уақыты да бола бермейді. Иә, көз жұмыла бастағанға дейін ғана. Осы мезетте кітапты былай қойып, шамды өшіріңіз. Тағы да екі-үш бетті оқымақ болып, ұйқымен күреспеңіз, өйткені мұның өзі нерв клеткалары тежелуін кейінге шегіндіріп, олардың әлсіреуіне себін тигізеді. Төсекте жатып маңызды мақаланы оқуға, шетел сөздерін жаттауға және т. т. мүлде болмайды. Осылай оқу процесінің барысында сіздің миыңызға үлкен салмақ түседі, іс жүзінде сіз жұмыс үстіндесіз, бірақ соның өзінде ұйқымен алысып жатқаныңызды өзіңіз де сезбей қаласыз. Егер осы шаруамен шұғылданатын басқа уақытыңыз болмаса, төсекте жатпай, үстел басына отырып оқыңыз. Қаншама ұзақ отырып қалсаңыз да оның зияны төсекте жатып қалғаннан әлдеқайда кем болады. Жалпы есіңізде болсын: төсекте ұйықтамай жату, ұйқыңыз келгенде оған қарсылық жасау – зиянды, оған машықтанбаңыз.

Тез ұйықтауға жатардан бұрын серуендеу себін тигізеді, ал кейбіреулерге қысқа мерзімді, 3 – 5 минуттық адамды бей-жай тыныштық күйге бөлейтін ванна (судың температурасы дене температурасынан жоғары емес) көмектеседі.

Төсекке жатарда көңілге қонымды, әдемі көріністерді көз алдыңызға елестетіп, соған ой аударуға болады. Ал бейнелі ойлау қабілеті оншама дамымаған адамдардың мынадай жаттығу жасауына болады: көзді жұмып жатып ақ бояумен ақ фонға 3 санын баяулап және бірнеше рет қайталап ойша жазыңыз. Мұның да ұйықтап кетуге тигізетін себі бар.
+1 дауыс
Ұйқысыздық қазіргі таңда жастың да, кәрінің де дертіне айналып кетті. Бірі түн уағына дейін ұйықтай алмаса, бірі таң уақытында оянып алып, түн ұйқысын осылайша өткізіп алады. Ал, ұйқы қанбаған жағдайда ұйқы безінің бұзылып, адамдардың ашуланшақ болатындығы ешкімге жасырын емес.
Көз шырымын ала алмай, атқан таңды ояу жатып атырса да, азаматтар ұйқысыздықты дерт ретінде қабылдамайды. Сондықтан болар, қоғамда түн ұйқысы бөлінген бұқараның саны да артқан. Тығырықтан шығатын жолды да жұрт дәрігердің көмегінсіз-ақ тауып алған. Бар болғаны тыныштандыратын немесе арнайы ұйқыны қалыпқа келтіретін дәрілер ішсек болды, тәтті ұйқыға кетеміз деп ойлайды көпшілік. Бұған дағдыланған да көбі. Бірақ соңғы статистика ұйқысыздыққа шалынғандардың көбі жас буын екенін көрсетіп отыр.
Түнінің тыныштығы мен ұйқысының тәттілігі адам ағзасы үшін өте маңызды дейді мамандар.  Ол үшін жатар алдында жаяу таза ауамен тыныстап немесе бөлмені желдетуді ұсынады. Сонымен қатар ұйқыға жатарда ауыр әрі құрамында кофейні бар сусындарды қолданбаған жөн. Ал психологтар, бүгінгі таңда туындап отырған жас талқамайтын ұйқысыздық күнделікті тұрмыстағы күйзелістен болады дейді.
Анна Құдиярова:
Өйткені бұрындары біздер оқып жүргенде барлығы тыныш еді. Сабақтан басқасын ойламайтын едік. Ал қазір жастардың басында проблемалары көп. Ананы мынаны ойлап ұйықтай алмайды. Бұл дегеніңіз жастар өз өздерін сыйламайды деген сөз.
Бұрындары жасы келген адамдарды ұйқысыздық мазалайтын болса, қазір ол жастардың да мәселесіне айналған. Мамандар жастардың проблемалары көптіктен деп түсіндіреді. Ал жастардың бұл мәселенің себебін білуге асықпайтын да сияқты.
Сосын мына жердi де оқып шығуга кеңес беремiн.
http://shartarap.kz/%D2%B1%D0%B9%D2%9B%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D1%8B%D2%9B/
0 дауыс
Кешкісін жеңіл тамақтан, жатыр алдыда көк шәй немесе жалбыз (мята) ішіп алып жатсан, ұйқын тыныш, сергек оянасын. Күндіз көп ұйықтама, адамның жақсы ұйықтауы да өның дене қимылына, жеген тамақтарының қорытылуына да байланысты. Бірден снотворный ішіп бастауға болмайды ұйқы болмаса, олар ұйқысыздық патология болғанда ғана болмаса, менде де болып тұрады негізі ұйқысыздық, түннің бір кезінде оянып, ұйқы келмей қояды. Самовнушение ма әлде шын көмектеседі ма білмедім, маған зеленый чай жақсы көмектесіп жүр. Бірақ оны ұйықтар алдында ғана ішкен дұрыс сияқты, күндіз емес. Бірденені уайымдаған кезде, манызды бір жұмыс орындар алдында ұйқы келмейді ғой бәрібір.. Сосын тағы, кітап оқып жатсан жатар алдында, жақсы ұйқтайсын)
Ұйықтап жатып ыңырсу ненің белгісі?
Ми толық ұйқыға кетпегенде болады, ондай адамдар таңертен әрең ауыр оянады, ұйқысы шала болғандай жүреді. Кешкісін жеңіл тамақтанып, ұйықтар алдын 3 сағат бұрын ештене жемей ұйықтаса, қою керек. (егер ауырып жатпаған болса). Егер онда да қоймайтын болса неврологиялық симптом. Ол ниче, менің жолдас балам түнде бақтап шығад айқайлап) бірінші этаж, екінші этаждағылар шығындар анау мынау деп)
0 дауыс
Әрине ауру. Ұйқы безінің дұрыс істемеуі немесе мүлдем істен шығуы. Адамды өлімге дейін әкеп соқтырады. Емделу қажет, ол немесе бастың қатты ауруынан болуы да,уайымнан болуы да мүмкін.
–1 дауыс
ЖАТАДЫ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
...