Тіл қазіргі заманда көбінесе өмір сүру құралы ретінде қолданылады, яғни адам өзінің, бала шағасының қамын ойлап орыс және басқа да шет тілдерін білуге тырысады. Өйткені ол тілдерде ғылым мен білім, бизнес пен саясат жолында табысты болуы шарт. Ал егер тіл тек ара қатынас құралы емес, ол адамның шыққан тегі мен ұлттық құрамын, отандық патриотты қасиеттерін анықтайтын құбылыс болса, онда бұл мәселенің келесі жолдары бар деп ойлаймын;
1. Қазақтың санын көбейту
2. Екі қазақ өзара тек қазақша сөйлеуге тиіс
3. Орыс және ағылшын тілін білу
Сонда біз әлемдік прогресстен қалмаймыз, ана тіліміздің бұрмаланып жоғалуына жол бермейміз және санымыз бен сапамыз көбейген сайын басқа ұлттардың қазақ тіліне деген қажеттілігі артып МӘҢГІЛІК ЕЛ боламыз!
(с) zandosm