0 дауыс
568 көрілді
Бүгін қазақстан аумағында күн тұтылады екен сол распа ?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның солтүстік-батысында Күннің тұтылуы байқала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай құбылыс әлемде жыл сайын болып отырады, бірақ Айдың Күн бетін бір ғана ендікте жауып өтуі 18 жылда бір рет болып тұр.

Қазақстанның астанасы аумағында Күннің тұтылуы сағат 16.08-де басталды, 16.57-де ол ең жоғарғы шегіне жетеді. Шамамен дәл осы уақытта оны Орал, Қостанай, Семей, Павлодар, Атырау, Петропавл тұрғындары да тамашалай алады. Алматылықтар бұл құбылысты анық байқай алмайды - Күннің беті сегіз пайызға ғана жабылады.

Күннің тұтылуын көру үшін күңгірт әйнекті немесе ескі фотопленканы пайдаланған жөн. Астрономдардың айтуынша, Күннің тұтылуы адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне әсер етпейді.
0 дауыс
Солтүстік Қазақстанда 15:40тан бастап күн тұтылды ғой.
0 дауыс
Кеше өтіп кетті.. сіз кешіктіңіз!
0 дауыс


АСТАНА. 19 наурыз. Ертең еліміздің тұрғындары Күннің тұтылуын көре алады. Ол, әсіресе, солтүстік тарапқа айқынырақ көрінеді. Онда Ай Күннің бетін жартылай жабады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, «Солтүстікке жақын болған сайын күннің тұтылуы айқынырақ көріне түседі», деп отыр астрономдар. Айталық, Қостанай өңірінде сағат 15:40-та күннің тұтылуы басталып, 17:42-де аяқталады. Алматылықтар, айтқандай, мұндай тосын құбылысты тіпті де байқамайды десе де болады. Бұл жақта Ай Күннің бетін бар болғаны 8 пайызға жабады.
Астрономия профессоры Виктор Тейфельдің айтуынша, толық жабу Солтүстік Мұзды мұхит аумағында ғана болады. Одан бері қарай Күннің беті біртіндеп ашыла береді. Осылайша Қарағандыда ол 30 пайызды, Қостанайда 39 пайызды құрайды. Астана қаласындағы көрсеткіш те 30 пайыздың маңайында болады.
Кеше өтті 20-Наурыз!
Иә бұл 19-наурыздағы хабар.
Белгісіз
0 дауыс
Өтiп кетiптi(( көре алмай қалдым ((
0 дауыс
Бүгін емес кеше тұтылды емеспа? Негізі Қазақстанның көп бөлігіне аса да қатты көрінбейді екен 30 пайыз ғана.
...