+3 дауыс
2.9k көрілді

Құрметті достар!
Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекемізбен баршаңызды құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұяңызға тыныштық және бақыт тілейміз, табыстарыңызға,жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Айтқаның келсін, рахмет.
+1 дауыс
Рахмет! барлығыңызға Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын.Қайда жүрсекте аман болайық!
+1 дауыс
Рахмет!Баршамызға ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!
ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН МҰСЫЛМАН ХАЛҚЫ.АЛЛАНЫҢ НҰРЫН,ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ШАПАҒАТЫН,ЖҮРЕКТЕРІҢІЗГЕ ИМАНДЫҚ ТІЛЕЙМІН.АСПАНДАРЫҢЫЗ АШЫҚ,ТІЛЕКТЕРІҢІЗ ҚАБЫЛ БОЛЫП,ПЕРІШТЕНІҢ ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНСЫН.БАРЛЫҚ КҮНӘЛАРЫҢЫЗ КЕШІРІЛІП,ӨМІРДЕ АЛДА БОЛЫП,ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗ ТАБЫСТЫ БОЛҒАЙ.
Айтқаның келсін,өзіңе де соны тілейм!
+2 дауыс
Бәріңізді де құттықтаймын! Қой жылы құтты болсын! Ақ мол болсын! Бақытты,бай болайық!
+1 дауыс
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, әмин )
+1 дауыс
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл құт - берекетімен келсін! Бәле - жала жерге енсін!
+2 дауыс


Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Ендi осыған көшiрмей-ақ қойсаң қайтедi )
Иә дұрыс айтасың.
Белгісіз
0 дауыс
Құрметті Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары- Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
0 дауыс
ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН МҰСЫЛМАН ХАЛҚЫ.АЛЛАНЫҢ НҰРЫН,ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ШАПАҒАТЫН,ЖҮРЕКТЕРІҢІЗГЕ ИМАНДЫҚ ТІЛЕЙМІН.АСПАНДАРЫҢЫЗ АШЫҚ,ТІЛЕКТЕРІҢІЗ ҚАБЫЛ БОЛЫП,ПЕРІШТЕНІҢ ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНСЫН.БАРЛЫҚ КҮНӘЛАРЫҢЫЗ КЕШІРІЛІП,ӨМІРДЕ АЛДА БОЛЫП,ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗ ТАБЫСТЫ БОЛҒАЙ.ЖҮРЕКТЕРІҢІЗ НҰРҒА ТОЛСЫН.ИМАНДЫ,ТӘРТІПТІ,АҚЫЛДЫ,МЕЙІРІМДІ,КӨРІКТІ БОЛЫП ЖҮРІҢДЕР(ПІКІРГЕ ЖАЗҒАНМЫН))))))
...