+1 дауыс
7.9k көрілді
22 наурыз қай елдерде тойланады?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
*22 наурыз мерекесін өзге елдер қалай атап өтеді?*
 

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші, 22 наурыз мерекесін әр ел әрқалай тойлайды.

Қырғызстан

*Қырғыз елі жылдың алғашқы күнінде «нооруз кёджё», «ауз кёджё», «кавут» ұлттық тағамдарын дайындап, жаңа жылда бір-бірін көтеріңкі көңіл-күймен құттықтайды. Бұл күні алыс-жақын туыстар кең жайылған дастархан басында жиналып, бір-біріне ізгі тілектер айтады. Наурыз мерекесінде көпшілік қауым ұлттық киімдер киіп, қала көшелеріндегі мерекелік серуенге қосылады.*

Өзбекстан

*Самарқанда, Бұқара, Андиджан қалаларында Наурыз мерекесін тойлау 21 наурызда бастау алып, бір аптаға созылады. Бұл күндері өнерпаздардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мерекенің алғашқы күнінде өзбек халқы бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ұлттық тағамдардан ауыз тиеді. Қала көшелері мен алаңдарда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар көрсетіледі.*

Түрікменстан

*Түрікмен халқы жыл басын «Невруз» деп атайды. Мереке қарсаңында үй-іші тазартылып, ұлттық тағамдар әзірленеді. Бұл күні дайындалатын тағам неғұрлым көп болса, соғұрлым келер жыл ырысқа толы болады деп болжайды. Невруз күніне орай түрікмен халқы «семени» деп аталатын ұлттық тағамдарын дайындап, келген қонақтарға ұсынады.*

Әзірбайжан

*Бұл елде Наурыз мерекесі үш күн тойланады. Наурыздың 21-23 аралығында күллі республика аумағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Наурыз айындағы барлық сәрсенбі күндер қасиетті болып саналады. Бұл күндерді «юскю» деп атайды. Сейсенбі күні ер адамдар қайтқан туған-туыстарының бейітіне барып, дұға қылады. Бейіт басына әйелдер де барады. Өздерімен бірге алуа, шәрбәт сияқты тағамдарды ала барып, бейіттен қайтқан соң, оны кедей-кепшіктерге үлестіріп береді. Невруз қарсаңындағы сәрсенбі күнін «ахыр чершенбе» деп атайды. Бұл күні үй-ішін жинастырып, ыдыс-аяқтарды тазалайды. 7 ұлттық тағам қосылған «йеди-левин» тағамы әзірленеді.
Жылдың соңғы сәрсенбісінде түрлі ырым-жоралғылар өткізіледі. Тұрмыс құрмаған жас қыздар жиналып, суға толы шараға сақина-жүзіктерді салады. Кейін шара бетін матамен жауып, іштен арман-тілектер айтылады. Отырған қыздардың бірі матаның астына қолын салып, судан бір сақинаны алып шығады. Кімнің сақинасын алып шықса, сол қыздың арманы орындалады деп болжайды.*  

Түркия

*Ежелгі түрік аңызына сүйенер болсақ, бұл күні түрік халқы қоршаудан аман-есен шыққан. Сондықтан да, Наурызды түрік халқы «Жыл басы» деп есептейді. Түркияның әр аймағында Наурыз мерекесін тойлаудың өз дәстүрі болғандықтан, бұл мерекенің ел арасында «Айдың соңы», «Сұлтан неврузы», «Невруз сұлтан» деген басқа атаулары бар.
Мереке қарсаңында ұлттық тағамдар пісіріледі. Күллі жамағат таза киімдерін киіп, бір-бірлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтайды. Бұл күні бейіт басына барып, дұға оқытылады. Қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мереке күндері қалың жұрт көңіл көтеруге міндетті. Араздасып қалған жағдайда, дереу татуласып, бар өкпе-реніштерді ұмытуы тиіс.*

Иран

*Ирандықтар көктем мерекесін «Жаңа жыл мерекесі» деп атайды. Бұл мереке 13 күн бойы үздіксіз тойланады. Алғашқы бес күнінде алыс-жақындардың үйіне қонаққа барып, қыдырады. Мерекенің 13- күнінде көпшілік таза ауаға шығып, серуендейді. Наурыз қарсаңында үй-іші тазартылады. Ирандықтар жаңа жылды жаңа киіммен қарсы алуы тиіс.
Жылдың соңғы сәрсенбісінде үлкен алау от жағылады. Ирандықтар «Бәле-жала шаңырағымнан, ауру-дерт бойымнан кетсін» деп оттың үстінен секіреді. Мереке күні әулеттің үлкен жандары кішілерге күміс не алтын тиын-тебен береді. Бұл рәсім «аиди» деп аталады.*

Татарстан мен Башқұртстан

*Ұлттық тағамдарға толы үлкен дастархан басына алыс-жақын ағайындар бас қосып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып, жыл басын бірге қарсы алады. Наурызда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.*

Ауғанстан

*Ауған жерінде Наурыз мерекесі ежелден бері аталып өтілетін мереке. Алайда, ауған халқының мерекені тойлауына талибтер «діни мереке емес» деп біраз уақыт рұқсат етпеген. Бірақ, елдің жаңа билігі мерекеге оң көзбен қарап, оны тойлауды жөн деп шешкен. Бұл күні барлығы қала көшелері мен алаңдарға шығып, көктем мерекесін қарсы алады. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салады.*
0 дауыс
Негізінен Түркі халықтарының бәріне ортақ мереке ғой.Солардың барлығы тойлайтын шығар
0 дауыс
Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босна-Гершек, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия,
0 дауыс
барлық түркі елдері тойлайды
+1 дауыс
Түркі елдерде тойланады
...