0 дауыс
10.3k көрілді
Білім артық па, байлық артық па?

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
XVII ғасырда өмiр сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бiрi Әзiрет Әлiге “Бiлiм артық па, байлық артық па?” деген сұрақ қойғанда, бiлiмнiң артықшылығы жайлы он дәлелмен былайша жауап қайтарған екен:

1. Бiлiм артық, өйткенi ол – пайғамбарлардан қалған мұра.
2. Бiлiм артық, өйткенi ол сенi бағады, ал байлықты сен бағасың.
3. Бiлiм – досыңды, байлық дұшпаныңды көбейтедi.
4. Бiлiм – iздей берсең көбейедi, оны жұмсағанмен азаймайды. Байлық – жұмсасаң азаяды, бiлiмнiң артық болатыны осыдан.
5. Бiлiм артық – оны ұрыдан сақтаудың керегi жоқ, ал жиған байлығыңды ұрыдан күнде қорғауың керек.
6. Бiлiмiң көп болса, сенi құрметтейдi, байлығың көп болса, қызғанады, бiлiмнiң артық болатыны сондықтан.
7. Бiлiм артық, бiлiмiң көп болғанымен, оған есеп-қисап жүргiзбейсiң, байлығыңа ұдайы есеп жүргiзiп отыруың керек.
8. Бiлiм қанша көп болса да iрiп-шiрiп бүлiнбейдi, дүние-байлық бүлiнедi, сондықтан да бiлiм артық.
9. Бiлiм артық – ол жаныңды байытады. Байлық iшкi жан дүниеңдi шектейдi, өзiңдi тура жолдан тайдыруы мүмкiн.
10. Бiлiмдi адам орнымен сөйлейдi, байлығы мол адам оған мас болып, мақтанады, астамшылық көрсетедi. Сондықтан да бiлiм артық!
0 дауыс
Білім -таусылмайтын өмір бойғы азығың. Ал,байлық деген-қолдағы еріп кетер мұз. Әрине білім өмір бойы керекгі ғой
0 дауыс
әрине білім. сені қиын қыстау кезде де алып шығатын - білімің.
0 дауыс
Әрине білім артық.Білім туасылмайтын мұра,Ал ақша қолдың кірі
0 дауыс
Білімнің өзі байлыққа айналатын заман болды ғой қазір. Бұрынғыдай емес білімді баю мақсатында пайдалану өріс алды. Қазір дамыған елдерде ақсүйек элиталары ең білімді саналады. Өйткені ең жоғары деңгейдегі білім алу өте қымбат. Демек білім алу үшін де белгілі бір деңгейде қаржы керек. Екеуі бірінсіз бірі болмайтын, таразысы аумалы төкпелі заман туған сияқты... Білім арқылы байлыққа жол ашу, байлық арқылы одан да жоғары білім алуға ұмтылу - қазіргі қоғам мүшесінің алдында тұрған айырық жол болса керек)
0 дауыс
білім болса болды байлықта болар,
0 дауыс
Қызық сұрақ қоясың.Атақты адам Роберт Киосаки Бай болу үшін білім керек әрине бірақ одан да қатты керек зат ол ЛОГИКА деген.Ал білімің болмаса қайдааан бай болу қайдаа.Ақша қолдың кірі дейді ғой атам қазақ.Яғни сен Оны жусаң кетіп қалады,сол сияқты АҚШАны жұмсасаң тез ақ кетіп қалады.Ал біліміңді жуа аласың ба,оны жұмсай аласыңба Ақша сияқты.Жоқ.Неге?Себебі ол сенің өмір бойғы азығың,адамгершіліктің бастамасы,асыл қазына,кетпейтін үлкен байлық!!!
+1 дауыс
Байлық артық мен үшін.
0 дауыс
Білімің болса ақшаң да болады,тек дұрыс пайдалан.

Ұмытпа,білім-басты байлық.
0 дауыс
Білім де, байлықта керек.

Білімсіз, надан болсаң несі жақсы, балаңа тәрбие бере алмай, жұмысқа тұра алмай жүрсең.

Байлығың жоқ болса несі жақсы, балаңды, отбасыңды асырай алмай жүрсең.

 

Екеуі де керек.
0 дауыс
Бiрiншi орында бiлiм керек
0 дауыс
Байлығың болмаса қалай сен оқып,білім аласың?. Мынадан ақ біле бер: Өмірден көптеген кедей білімділер өтті, олар халықтың есінде де қалған жоқ, олардың сөздерін кітапқа жазып, аты тарихта қалған Абай байдың баласы болып, байлықтың арқасында Ресейде оқып, қалам-қағаз сатып ала алатындай жағдайы болған,соның бәрі байлықтың арқасы.  Аспан әлемін, жұлдыздарды зерттеген ұлы ғалым Ұлықпек те байдың баласы болған, сондай үлкен обсерватория салған.  Қазіргі заманда нағыз білімді адамдар жұмыссыз далада қаңғып қалып, ақшасы көп байдың балдары бастық болып креслоларда жайғасып отыр. Кедей болсаң дәл қазіргі заманда сен ешкім емессің, қанша жерден білімің тасып жатса да. Білімің ешкімге керек те емес, бағаламайды оны.
0 дауыс
Білім артық! Өиткені байлық біліммен келеді, әрі жұғымды болады.
0 дауыс
казіргі заманда байлық боп тұрған сияқты го,,,
...