–3 дауыс
1.4k көрілді
Осы өмірден көзің ашық, білімді  болып, бірақ ақшаң жоқ болып өткенің дұрыс па? Әлде, ақшаң көп,бірақ түк түсінбес, топас,білімсіз болып өткенің дұрыс па? қайсысын таңдар едіңіздер?
Ескерту!Сұрағыңызды қысқа да нұсқа қойыңыз!

4 жауап

+1 дауыс
Көзін ашық білімді болыпта ақша табуға болады,  
ақшаң көп болыпта білімді болуға болады,  бәрі адамның өзіне байланысты !!!
Берілген сұраққа нақты жауап бер,бар ғой ондай адамдар.Мына жазғаныңды кез келген адам біледі.
Білсең астына жазып қоймадын ба? Сұрақта сондай балама қайсысын таңдар едіңіз,Есі бар адам екеуінде тандамайды, мәжбүр бола қоймасы !!!
Бір көршім бар,өздері строй материал сатып байып кеткен,ақша көп,ал бірақ бір баласы ауру,ол жерде жатып ауа жетпей тыпырлайды.оны көрген адамдар: мына балаларыңды емдетпейсіңдер ма деп айтса олар ,ақшасын қимайды,солар сауатсыз,егер көздері ашық сауатты болса, мықты дәрігерге қаратып,емдетіп жазуға болар еді, дейді сауатты адамдар. Мен соларға қарап жаздым мына сұрақты
0 дауыс
Саған айтарым көзі ашық білімді адам ешқашан кедей болмайды. Кедей болатын (кербез) тәкәппар адам. Қазақта мынадай сөз бар "кедейдің кербезінен сақтасын"-деген.
Ал,менің саған айтарым: Мысалы: сенің көзің ашық талантты суретшісің,көз майыңды тауысып,бар жаныңды салып, салған 1000 суретіңді өз уақытында ешкім бағаламайды,бірақ солай жүріп өмірден өтесің қара су ішіп-қиналып.Бірақ сен өлгеннен соң барып салған сурет туындыларың миллиардқа бағаланып жатады,ол сонда кербез ба? Ақын,композиторлар мен музыканттар да солай өткен өмірден,олар басы істемейтін кербез болған ба сенің ойыңша?
Оларға не деймін яки қиали өзінің өмірде барын ұмытып кететін жандар. Олар біз білмейтін тылсым соған ғана мәлім дүниеде өзін - өзі хан сайлап ішкі сезімі тәкәпар адамдарды жатқызуға болады. Абай атамыз өнерді үйрен үйренде жирен деп.
Өнері мәңгі өлмейтін, ұлы өнер адамдары Моцарт,Леонардо Давинчи,П.Пикассо,секілді адамдар бар. Әл-Фараби,Ибн-сина,ғылымның негізін ашып қалдырған Аристотель,Галилео Галилей,Коперник, ақындар Абай секілді ғұламалар сонда еріккеннен қияли болған ба,сенің ойыңша?
Ондай ұлы адамдарды жер бетіне жаратушының өзі жіберіп отырады,қарапайым адамдардың көздерін ашсын деп. Ал,кейсауатсыз топас көп адамдар оларды түсінбей,тек мен ақшаға бай болсам болды деп тырысуда.Тыпырлап ақша жинауда ақымақтар.
Олар мен үшін ғұламалар сіз үшінде ғұламалар шығар. Абайдың сөзін мысалы қылып алдым Қиялдың бірнеше түрі бар, біріншісі елім - жұртыма болса еңбегімнің пайдасы тисін деп. Екіншісі дүбара қияли өзінен басқана ойламатын. Короче кім еңбек етеді сол бай ғой.  Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей. Бай болайық ағайын бастық болайық, баріміз аман болайық, аспан астында жердің үсінде өмір сүріп жатырмыз. Анау бай мынау кедей деп бөлмей жақын болайық баріміздің қанымыз бір қазақтың баласымыз.
+1 дауыс
Бұл сұраққа бірнене ғасыр бұрын жауап берілген сияқты.

Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі  Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты.  Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген  сұрақты қойдырған екен. Сонда Хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген:

1. Білім артық, өйткені, ол – пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –бақылдардан қалған мұра.

2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.

3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады.

4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.

5. Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.

6. Білімің көп болса ел саған қызығады, байлығың көп болса ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол.

7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.

8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да білім артық.

9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен қомағайлығыңды арттырады.

10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, деген екен.
Арине сізбен толықтай келісемін. Білімді адам ешқашан кедей болмайды.
0 дауыс
Қайталанған сұрақтардың бірі ғой.
Бәрі білім артық дейді.Ал шын өмірде екеуінің біреуін ұсынса байлықты таңдар еді.Байлық болса білім болады деп…
Әкесі қалдырған мұраны иеленіп алып,бай болып жүрсең,басыңда ақылың,білімің болмаса ол байлық керек те болмай қалады.Ақша-қолдың кірі.
Басында білімі бар адам қалмайды дейді.Олай емес.Басында білімі бар адамда логика болу керек Роберт Киосакидің айтуынша…Білімді болу керек.Тек сол білімііді пайдалана білу керек.Біліміңді айналаға көрсете,үйрете білу керек.Жалпы екеуі ле,яғни байлық та,білім де керек…
...