+2 дауыс
5.9k көрілді

Бiлiм артық па, әлде байлық артық па? Осы сұраққа 10 жауап айта аласыздар ма? Мысалы: бiлiм артық, ол азаймайды, ал байлық азаяды. Бiлiм артық, оны ешкiм тонай алмайды, байлық тоналады. Бiлiм артық, ол сенi мәңгi асырайды, байлық уақытша нәрсе. Осы секiлдi жауап қажет.

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Білім артық. Себебі білім — ескірмейтін рухани байлық, материалдық байлық —  қолдың кірі.
Білім артық. Себебі білім сені бағады, байлықты сен бағасың.
Білім артық. Себебі білім досыңды көбейтеді, байлық бәсекелестерді, жауыңды көбейтеді.
Білім артық. Себебі білім іздене берсең, көбейеді, жұмсасаң, азаймайды. Байлық жұмсасаң азаяды.
Білім артық. Себебі білімді ұрыдан сақтаудың қажеті жоқ, білім бойыңда. Ал материалдық байлықты сұқ қолдан қорғау керек.
Білім артық. Себебі білімің көп болса, сені құрметтейді, байлығың көп болса, сені қызғанады, күндейді, көре алмайды.
Білім артық. Себебі білімнің есеп-қисабы жоқ. Байлықтың есеп-қисабы көп.
Білім артық. Себебі білім қаншалықты көп болса да іріп-шірімейді. Байлығың көп болса, бұзылады.
Білім артық. Себебі білім жаныңды байытады, ал байлық тура жолдан тайдыруы мүмкін.
Білім артық. Себебі білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол адам мас болып мақтанады, астамшылық көрсетеді…http://www.aktobegazeti.kz/?p=19636
Білім артық, өйткені, ол-пайғамбарлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра.
жақсы жазылыпты)
рахмет))
0 дауыс
Байлық бір жұттық,ал білім-мәңгілік.Білім болмаса көбіне байлық қайдан келсін.
+2 дауыс
Қазір барлығын ақшаға сатып алауға болады... Бірақ сол ақшаны табу үшін және көбейту үшін білім қажет емес пе?! Сондықтан білімі бар адамда  ерте болсын, кеш болсын бәрі болады*
келісемін)
менде келісемін)
ммммммммммммммммммм
0 дауыс

Бір студент пен профессор әңгімелесіп отырыпты да профессор студентке сұрақ қойыпты:

     - " Сен көшеде келе жатқаныңда алдыңда бір қап алтын және бір қап білім жатыр екен, сен сның біреуін ғана таңдау құқың бар, қайсысын таңдар едің?"-депті. Студент ойланып отырып-отырып:

     -"Алтынды"-депті. Сонда профессор:

    -" Ақымақ, білімді алмайсың ба,бар байлық білімде емес пе, білімді болсаң бай болсың" - деп ақылдымсып ұрысыпты, сонда студент бәсең дауыспен:

     -"Ағай сіз өзіңіз қайсысын алар едіңіз"-депті. Профессор ойланбастан:

     -" Білімді әрине, білім көптік етпейді"-депті. Сонда студент:

     -" Әрине ағай, әркім өзіне жетпейтінін алады емес пе?"- деп жымиыпты дейді.smiley

     Сол айтпақшы екеуі де болғанға не жетсін.

0 дауыс

Байлықтың артықшылықтары: 

-байлық арқылы өзі білім алуға, басқалардың көзін ашуға жұмсаса сол жақсы.

-білім өсе келе ұмытылады, жас кездегі білім қанша сіңдірілгені мен адамның шашы ағарған сайын миы да тоза береді, ал байлықты бөліп бес банкке салып қойсаң азаймайды, қайта көбейе береді.

-байлық барлығына жол ашады, білімді болғанымен қазіргі заманның құбылуына байланысты байлығыңның шетін көрсетпесең білімің босқа кетеді.

-байлық та адамды мәңгі асырайды.

-байлықты орынды жұмсап, соңы неге соғарын ойлап жұмсасаң ешқашан банкротқа ұшырамайсың.

Білімнің артықшылықтары:

-байлық адамдар арасын ажыратады, байлар мен кедейлер болып бөледі. Ал білімділер надандарға үлгі болады.

-білім барлық жерде керек болады, "білімді мыңды жығады".

-білім адамның барлық жақсы қасиеттерін арттырып отырса, байлық адамның адамгершілін ластайды, тура жолдан тайдырады.

-білімді қанша жұмсасаң азаймайды.

-болашақ білімді жастардың қолында, ал байлыққа малынып өскендер болашақта бір істің де тұтқасын ұстай алмайды, әке-шешесіне сеніп өседі.

Ұқсастықтары:

-екеуіне де жұрттар қызғанышпен қарайды, жарға итергісі келіп тұрады.

-екеуінен де барлығы пайда көріп қалғысы келеді.

-екеуі де адам қасиеттерін өзгертуі мүмкін.

-екеуінің де айналасында жағымпаздар, бәсекелестер, қансорғыштар, өсекшілер, т.с.с. адамдар толып жүреді.

Мүмкін жазылмай кеткендері бар шығар, тек мен ойымды жаздым.

+1 дауыс

Білім-білімсіз күнің жоқ!Байлыққа білім ғой жеткізетін!

Байлық та білімге жеткізуі мүмкін.
...